Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет92/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   245
null

«Қымбатты Туся!
 Хатыңды бүгін алдым. Арыстанды ойлап алаңдап жүр едім, 
көңілім жайланды. Мен кетерде басталған аяз үйді мұздатып, 
балаға суық тиіп қалды ма деген қауіп қой баяғы. Аязға оның 
мәу демегеніне қуаныштымын. Демек, нағыз жігіт! Инженер 
Поповпен сәлем-сауқат жібергеннен кейін хат жазғанмын, ал 
кеше балалар ауруының профессорында болдым. Оның маған 
айтқаны: Арыстандікі «диспенсия» деген кін 
ә 
 
 
рат. Тегінде, 
бұл... баланың қоректі тым көп алып, соны әлсіз ұлтабарының 


222
Медеу СӘРСЕКЕ
қорытып үлгере алмауынан пайда болады-мыс. Сен оны тым 
жиі емізесің, бәлкім, омырау сүтің өте қою... Қысқасы, бала үшін 
қауіпті ештеңе жоқ дейді, төртінші айдан соң өз-өзінен тарқап 
кетеді-міс...
Мен мұнда өзіңе мәлім жұмыстардың соңындамын. Әзірше 
пәлендей дерлік ше шім жоқ... Ал сен өзіңе ешқандай міндет алып 
әуре болма... Мен саған Арыстаннан өзге ешбір шаруа тапсырмай-
мын, тыйым саламын!»
Мәскеуге келген шаруасы – жаңадан ұйымдасқан бөлімге ин-
женер-техниктер шақыру:
 
«Бөкейхановты 
(Сергей Әлиханұлы, жоғары білімді барлау-
шы маман – М.С.)
 Қарсақбайға ауысуға көндірдім... – 
депті ол 
жоғарыдағы хатында. 
– М.М. Пригоровскийді көрдім... Бурцевті 
жазға салым Қарағандыны қосымша барлауға жібермек екен, 
айтуынша, одан өзге тиянақты кісі таппапты. Ал мен Бурцев-
тің тағы бір маусым Қарсақбайға керек бо латынын дәлелдеп 
бақтым. Сірә, бұ ған Ленинградта келісетін шығармыз. Сен оған 
айт: Қарсақбайға мен қаң тардың 10-15 аралығында қайтамын, 
сол кезде ешбір бөгетсіз демалуға босатамын, үй-ішін көрдім, 
тегіс аман... Бұрғылау станоктарын алу қиындау болып тұр, 
сірә, табылған күнде де мамырдың бастапқы күндерінен беріде 
ештеңе тие қоймас. Басқа тапсырыс тар да жүйкені құртар 
әншейін іске айнала ма деп қорқамын...»
Бір тәуірі, коллектор, техник, бұрғылау өнерінің кәнігі маман-
дары табылды. Сөйтіп, ерте қамданғанының арқасында, алғашқы 
айда-ақ бөлімнің негізі қарайып қалды...
Енді екінші мәселеге кірісуге болады. Ол – үлкен астанада 
тұрақтап қалмай, қиыр далаға құштар болғандағы түпкі мақсаты: 
барлау құралдарын қолына алып, Жезқазған қойнындағы қа-
зынаны тездетіп іздеу... Бұл үшін «Главметалл» (бұрынғы Түс-
ті металл) бас қармасының рұқсаты, көмегі керек. Ең алдымен 
қомақты қаржы, тиісті фонды қажет. Және солар барлау бөліміне 
дербес берілуге тиіс. Былайша айтқанда, геология бөлімі жеке 
шаруашылық есептегі мекеме аталса – шаруасы түгенделмек. 
Оның бүге-шігесін комбинат дирекциясымен келіскен, толық 
мақұлдаумен жасап отыр. Тіпті есеп-қисабын әзірлеп, карта-схе-
масы толық, арнаулы жоба түрінде ұсынған. Әрине, Үлкен Жез-


223
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қазғанның келешегіне лайықталып, зор көлемге жасалған: биылғы 
жаздың өзінде 15 станок жүруге тиіс; оның қақ жартысы қыс та да 
істейтін болады; ал 2-3 станок те рең барлаумен шұғылданады... 
Геологтар бас қарған шағын отрядтар 100-150 шақырым маңайды 
да барлауға тиіс. Жезқазғанның кен төбелерін ертелі-кеш шыр 
айналу барлаудың өрісін ұзартпайды. Ұлытау өңірі, Сәтбаевтың 
шамалауынша, мыстан да өзге кен байлығынан құралақан емес. 
Сайып келгенде, бөлімнің таяу жылдарға нысана етер мақсаты – 
бастапқы қарқынды тө мендетпей, Ұлытау атырабында жылына ең 
кемі 25-30 станок тұрақты жұмыс істеуіне жету... 
Сол жоба Главметалл тарапынан қолдау тауып, кідіріссіз 
мақұлданса керек-ті. Бірақ олай болмайды. Сәтбаев жобасын 
қараған шикізат бөлімі бірер күннен соң: «Геолком сарапшылары-
на апарып келіңіз, ақылдасып шешкеннен сізге де, бізге де зиян 
болмас...» – дегенге сайды. Амал қанша, ежелгі барлау нояндары-
на жүгініске аттанды. Ал олар «Жезқазған барланбаса да, жер ай-
налысын тоқтатпайды, өмір алға жылжи бередіге» салып, шыдам-
ды лықпен күтуге кеңес беруден аспады. Не істейді, күтпеске ша-
расы қанша?! Ұлытауға қайтып, барлау тобын ұйымдастырып, 
жұмысқа кі рі судің орнына Ленинград пен Мәскеу аралығында 
әуре-сарсаңға түсіп жүрді де қой ды... Ақыры, бір күні Сәтбаев 
жобасына пі кір де айтпай, өйткені ол «пікір айтуға тұр май тын 
қисынсыз, өндіріс мүмкіндігінен ал шақ жасалған жоспар» деп 
есептелген, «Жез қазған кенін жан-жақты барлаудың бесжылдық 
жобасы» аталған қомақты еңбек «Главметалл» басқармасына ке-
ліп түсті. Геол ком мамандары әзірлеген жобамен мұқият таны-
сып, төрелік айту енді Қарсақбай комбинатының геологиялық бар-
лау бөлімінің мең герушісі, инженер Сәтбаевтың өзіне жүк телді.
Өзіне қасақана білдірілген сенімсіздік пен қиянатқа ызасы 
қыз-қыз қайнап тұрса да, Қа ныш Имантайұлы ашуын тежеп, әділ 
болуға тырысып шұқшия үңілсе де, одан көр гені – бұрыннан та-
ныс бойкүйез ойдың шақ 
тап, барынша сақтықпен там-тұмдап 
жасаған әншейін жоба болып шықты. Ұс тан ған ғылыми концеп-
циясы да бұ рынғы ме же: Жезқазған қатардағы кен ор ны, оның 
шектеулі қоры үлкен шығынды көтермейді, демек, біртіндеп және 
асықпай зерттеу қажет... Ең шатағы – жоба иелері комбинаттың 
геология бөліміне се нім сіздік көрсетіпті, өндіріс мамандары ша-
масы келмейтін зор іске құлаш сермемей, кен жүлгесінің рәсуасыз 
қазылуын, Қар сақбай зауытының шикізатпен күн сайын жет кі-


224
Медеу СӘРСЕКЕ
лік ті қамтамасыз етілуін қадағалауға тиіс, ал кен іздеу – барлау 
мекемелерінің ежелден машықтанған сыбағасы...
Дау өрбіп, екі жақ та ымыраға келмес тұй ыққа тірелген себепті 
«Главметалл» басқарма 
сы арнаулы комиссия дағайындайды. 
Геол комнан бұған И.С. Яговкин басқарған бір топ геолог кіреді. 
Қарсақбай комбинатынан – Қ.И. Сәтбаев пен өнеркәсіп директоры 
Р.А. Дрей ман. Бас сарапшы – басқарманың жауапты қызметкері 
геолог В.П. Симонов. Өз шешімін олар Жезқазғанда айтуға тиіс. 
Қаңтардың екінші аптасында комиссия Ұлы тауға аттанады.
Аз-кем деректермен танысудан соң комиссия тұжырымын 
естіртті: бұрынғы қорытынды өзгермейді, Геолкомның пі кірі дұ-
рыс!.. В.П. Симоновтың жазып қалдырған пайымдауы тіпті сорақы: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау