144
Медеу СӘРСЕКЕ
жолындағы бекеттер мен жәм шік тердің сыры мәлім болғандық-
тан, сенімді серіктер ертіп, қосалқы ат алып, төте жолмен Семейге
туралай бет түзейді…
Келген бетте-ақ шәкірт екі курстың қа рыздар болған емти-
хандарын тапсырады. Сол оқи
ғаға куәгер замандастарының
естелігінде күрделі ілімнің қым-қуыт жыңғылынан ол сүрінбей
өткен. Демек, ауылында болған бір жарым жылда тыңғылықты
дайындал ған. Ең ғажабы, өкпе ауруының аса қатерлі ашық түрін
үшінші мәрте жеңіп шыққан жігітті ұзақ қарап, ауыр кінәрат-
тан құлан- та за арылғанын байқаған профессор М.Г. Кур лов пен
білікті дәрігер С.А. Адамов өздері ерекше тәнті болған жағдайды
медицина тарихында сирек кездесетін құбылыс деп бағалап, бас
шайқасады (шынында да, содан бы лай Қаныш Имантайұлы бұл
дертпен бір жола қоштасқан).
Қаныш қайта оралған қарсаңда қаланың тұрмыс күйті едәуір
түзеліп қалған-ды. Базарда іздеген затыңның бәрі бар. Тек қа-
ражатың болсын. Институт пен университет аудиториялары да
жылына бастапты: қажет отынды жаз күндері студенттердің
өздері дайындаған; қыс бойы кезектесіп от жағатын да солар.
Қыздар болса асханада кезекшілік етеді. Нәтижесінде асханадан
кү ніне бір мезгіл ыстық тамақ ішуге болады.
Қаныш бұл жолы Усовтардың дербес бөл месінен бас тартып,
Белинский көшесіндегі 5-үйден пәтер жалдап алады.
Екінші курстың соңында геология бөлі мінің студенті кәсіби
тәжірибеден өтуге тиіс. Қаныш болса бірінші курстың да бағ-
дарламасын түгендеген жоқ. Демек, екі курс үшін әлдеқандай бір
барлау партиясында ұзағырақ жұмыс істеу қажет. Осы жайында
ақылдаса келгенде профессор Усов Қанышқа геолог Русаковтың
есімін атады.
– Михаил Петрович – сіздің даланы тү бе гейлі зерттеп жүрген
білімпаз геолог. Туған жеріңнің қиырында жұмыс істеуге әзірленіп
жүрген жас маманға тегінде бұл кісіден көп нәрсені үйренуге бо-
лады. Сөйтіңіз, Қаныш. Русаковтың партия сына тезірек жеті-
ңіз. Ол қазір Қарағанды-Ақбұйрат маңында, Нұра, әлде Сарысу
жағасынан табасыз. Жолшыбай ауылыңа соғасың. Байғұс әкеңнің
де ұйқысы қашып, қамығып жүрген шығар-ау?
1949 жылы жария еткен естелігінде М.П. РУСАКОВ жиырма
алты жыл бұрынғы кездесу жайында мейлінше тәптіштеп сыр
шерткен:
Достарыңызбен бөлісу: