Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет181/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   245
null

«КСР ҒА-ның, Тіл және әдебиет институтының 
саяси өрескел қателіктері туралы» деген ызбарлы атының өзі-
ақ қарадай шошытатын жойқын қаулы қабылдаумен тынды: 
«...Ғылым академиясы мен Тіл-әдебиет институтының басшы-
лары кадр таңдаудың боль 
шевик 
тік ұстанымдарын өрескел 
бұз ған, сол себептен зерттеу ұжымы қо ғамға пиғылы жат әрі 
ғылыми жұмыстың саяси мәнін біл мейтін кездейсоқ адамдармен 
былыққан», 
– деген саяси қаралау таңылған қарардан соң кімнен 
жақсылық күтесің? Ин ститут директоры орнынан босап, бірталай 
жетекші ғалымдар жұмыссыз қалды. Олардың ескіні көксеген 
«зиянды пиғылы» бірнеше ай бойы республиканың жоғары дә-
режелі оқу орындарында, техникумдар мен орта мектептерде, 
үл кен ді-кішілі газеттер бе тінде талқыға түсіп, мейлінше «әш-
кереленді».
Тәубә делік жайт: шерменделердің нақақ жаладан көңілі нала 
болғанмен, 37-жылдың қан ды нәубеті қайталанған жоқ; соны да 
дес көрген «кінәлілер» бастан құлақ – садақа десіп, жер-жерден 
күнкөріс етер жұмыстар тауып алды... 
Алайда бекерге қуаныпты. Бірнеше айдан соң күллі Одақ бо-
йынша зиялы қауым ортасынан батысшыл, шетелшіл, ділімен де 
жат қа табынушыларды іздеп тауып, социализм орнатып жатқан 
КСРО-ны капитализм қоға мына қайтаруды көздеген «дұшпан-
дық әрекеттерін» әшкерелеу науқаны басталды. Сол дүрмекке 
мұрындық болған басты айғақ – талантты сазгер В. Мураделидің 
«Ұлы достық» операсының баспасөз бетінде жойқын сынға тап 


474
Медеу СӘРСЕКЕ
болып, соған ілесе БКП(б) Орталық Комитетінің осы шығарманы 
күйрете сынаған қаулысы. Қазақстан партия ұйымы, әри не, бұдан 
да тысқары қалмаған. Нәтижесінде 1948 жылы «Қазақ әдебиетінің 
қа зіргі ахуалы және келешек дамуы туралы» деп аталған тағы 
бір партиялық қа 
рар дүниеге келді. «Зар заман» кезеңіне 
жатқызылған ақын-жырау ларды зерттеу, олардың шығармаларын 
жариялап, есімдерін атауға тыйым салған қатаң пәрмен берілді. 
Сол науқанда көптеген батырлар жыры, лиро-эпостар, сайын 
дала, саф ауа құдыретін әспеттеген терме, толғауларды оқып, 
жұрт алдында орындау саяси қылмысқа жатқызылды. Өйткені 
олар ескі өмірдің еркіндігін аңсау туғызады, бай-шонжарлар-
дың салтанатты тұрмысын паш ете ді-міс. Газет-журнал, барлық 
басылым редакциялары, мәдени мекемелер атауға, орындауға 
тыйым салынған ән-күйлердің (ұзын саны 400-ден астам деседі) 
ұзын тізбесін алды. Көптеген ән мә тіндері қайтадан қаралып, 
бұрынғы сөзіне түзетулер енгізілді... 
Бұл жолғы сынның сұғы Ғылым акаде мия сының президентін 
де шалды. Көреген көздер Қаныш Имантайұлының өмір жолының 
бас кезінде «ру хани зияндылығы» қазірде «әшкереленген» «Ер 
Едіге» дастанының ең әсерлі нұсқасын әсіре дәріптеген мадақ 
кіріспемен Мәскеуде жариялаушы екенін біліп, көзтүрткі жаса-
ды. Яғни мақтаулы президентіміз де – ескіні көксеуші. Сондық-
тан да ол көне әдебиет нұсқаларын зерттеушілерді қанатының 
астына алып отыр. «Ер Едігені» жариялауын, сол ісінің қателік 
екенін баспасөз бетінде мойындаудан бас тартуы да тегін емес, 
демек, академик Сәтбаевтың саяси ұстанымын қайтара тексеру 
қажет... 
* * *
Гуманитарларды бірер жыл сілікпеге салып, бет-бағдарын 
түзеген соң-ақ кезек жаратылыстанушыларға келді. Бұл науқан 
1948 жылдың тамыз айында шақырылған ВАСХНИЛ-дің кезекті 
ғылыми сессиясында академик Т.Д. Лысенконың генетика 
негіздерін жоққа шығарып, өзі ойлап тапқан «Мичуриндік биоло-
гия» ілімін ұсы нуымен өріс алған. Шынайы биологтардың, байыр-
ғы жаратылыстану ілімінің клас си калық мектебі түлектерінің 
қарсылығы пәр 
менді және солар қарамды топ болғандықтан 
жаңа ілімнің қамқоршысы И. Сталин өзі жете меңгерген, 
«қарсыластарына қара күш қолданып, тізе бүктіру» әдісін пай-


475
ШЫҒАРМАЛАРЫ
далану жөнінде нұс 
қау түсірген: нәтижесінде орталықтағы 
жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында 
еңбек еткен жүздеген кәнігі мамандар – академик, профессор-
лар, до цент тер мен ғылым кандидаттары шет кергі қалаларға, 
алыстағы тәжірибе стан сала ры на жер аударылды; ал кейбірі, 
есімі дүние жүзіне мәлім биологтар бас еркінен айырылып, 
Сібір лагерьлеріне айдалды. Шынтуайтын айтқанда, көлемі мен 
ауқымдылығы жөнінен биологтардың басынан кешкен теперіші 
кеңестік ғылым салалары бұған дейін көрген қуғын-сүргіннің 
бәрінен де асып түсіп, бірнеше жылға созылған. 
Ұлттық академияның биология-медицина ілімдері бөлімшесін Нико-
лай Васильевич Павлов басқаратын-ды: ғылым докторы, профессор 
атақтарын жасы қырыққа толмай иеленген, тек қана қазақ даласынан 
өсімдік тің 130 жаңа түрін тауып, Қазақстанның барлық таулы аймақ-
тарын ғана емес, Мон ғолия, Тибет, Камчатка қиырларын да жаяу кезген 
тынымсыз іздеуші, нақ сол жылы «Қазақ стан нның майлы өсімдік тері» моно-
графиясы үшін Сталиндік сыйлықтың иеге рі атанған, республиканың еңбек 
сіңірген ғы лым қай рат кері, әлденеше рет орден, медальдармен марапаттал-
ған – зиялы қауымға есімі мәлім адам...
Амал не, дабыра атағы, ғылыми ең бек тері Николай Васильевичті Лы-
сенконың қа зақ стандық шәкірттерінің бүйідей бүрген дөрекі шабуылынан 
құтқара алмады. Әрі ол ешкімнің бедел, мансабымен санаспай, көкейіндегісін 
тура айтатын, тілі де удай ащы адам. Барлық шынайы ғұламалар сияқты, 
ғылымның өзі басқаратын саласын академик Павлов кездейсоқ әуесқойлар 
мен бейнетсіз мал тапқысы келгендерден жанын сала қорғаған. Әрі соны 
кімге болсын бетіне айтып, бітіс пес айқас ашудан тайынбаған. Міне, енді, сол 
мінезінен тапқан дұшпандары, талай жылдан бері оспадар биологтен қағажу 
көріп, іштен тынып жүрген әріптестері кек қайтаратын сәттің туғанын сезіп, 
қыңыр да қайсар ғалымды тәубеге келтіріп, тіпті академия жүйесінен алас-
тауды жобалап, жаппай дүрелеуге кіріссін...
Бір күні кеште (мұрағатта сақталған нұс қада 1948 жылдың 
қыркүйегінің 25-і деп нақты көрсетілген) Николай Васильевич 
прези дент тің кабинетіне келіп, етектей арыз ұсын ды: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау