348
Медеу СӘРСЕКЕ
жасылын, қажымай із
деп таба бер; зор біліммен пайда бер,
артыңнан ерген балаға, өзіңді сүйген халқыңа – ай шықты мынау
шағыңда!.. – деп термелеп ке ліп, сәл тынып, терін сүртіп,
қымыз
ішкен қарт жырын былайша тұжырым дады:
«Ұлытаудай ұлы жұрттан
Алатауға аттанған,
Жезқазғанның асылын
Армансыз-ақ ақтарған –
Қаныш едің зор тұлға!..
Кең даланың сырласы,
Жеті қат жердің мұңдасы –
Халқым туған ер тұлға!
Елін сүйіп, еңбегін арнаған,
Кендерін ашып, іздеуден тынбаған
Өнері озған ғаламат.
Ей, Қаныш, арыстандай азамат!
Ғұмырлы болып, тұғырда тұру –
Біздерден саған аманат!..»
– Жарады, Сары ағаң! Бір сөзінде қателік болсайшы!
–
Қанекемнің қадірін дәл айтты. Әділ сөз!
Өз атына таңертеңнен бері ағыл-тегіл айтылып жатқан қошемет
лебіздерді сыпайы ғана езу тартумен үнсіз қабылдап, іштей
тебіреніп отырған Қаныш Имантайұлы да шыдамады. Шампан
толы бокалды қолына алып орнынан тұрды.
– Уа, достар! Қадірменді ағайын! – деп, әлденеге қобалжып,
тебірене тол қудан үні шықпай сәл аялдады. – Біздің халықта «Құс
қанатымен ұшып, құйры ғы мен қонады» деген нақыл сөз бар. Сол
сөзге жүгінсем, ұшатын да, қонатын да құйрық-қана тым менің –
мына сіздер; Жезқазған болса – ұшы-қиырсыз қазақ даласының
жел қы дырған сайын түкпірі еді күні кеше... Бақ -талайыма кез-
дескен алғашқы барлау өлкесі осы болды да, аз ба, көп пе – біраз
жыл тер төгіп, еңбек еттім. Аянғаным жоқ. Ба рым ды бердім.
Осы күні геологтар қауымы мені «Бақытты жі
гіт», «Жолды
барлаушы!» деп ма
дақтайды. Жолды болғаным – Сіздер
ден...
Бақытты еке нім де рас! Иә, менің бақы тым – Жез қазған кеніне
емес, сіздерге кездесуімде... Жиырма тоғызыншы жылы геолком
партиясы тарап кеткенде, мен осы қиырда саусақпен санағандай
349
ШЫҒАРМАЛАРЫ
санау лы адам мен қалдым. Сол күнде
бірауыз сөзімді сыйлап, кө-
мекке келмесеңіздер – жалғыз өзім не істер едім?!. Отыз үшінші
жылы барлау қысқарып, қаражатсыз қара жерге отырып қал-
ғанда да осы отырған жұрттың дені: «Сені жалғыз тастап ешқайда
кетпейміз!» – деп қолты ғым нан демеді. Иә, сол күні, жоқшылық
көрген қиын-қыстау ай ларда сіздер болмасаңыздар – бір топ инже-
нер-геологтар сопиып жүріп не бітірер едік? Жоқ, ағайын! Әлгінде
Сары ағаң айтқандай: «Жезқазғанның сырын ашып, бір өзі құпия-
ның кілтін басып» десеңіздер – қателескен дерің. Мен сіздермен
күшті бол дым, сіздерге арқа сүйегендіктен де өмір тартысында
жеңіп шықтым.
Сол себепті, мен бүгін: «Қанатым да, қорғаным да
менің – сіздер!» деймін...
Қаныш Имантайұлы сөйлей бастағанда-ақ қамкөңіл кей-
біреулер көзіне жас алып осалдық байқатқан. Біраздан соң қош-
тасушы жұрттың дені соларды қостағысы кел ген дей ыңғай таныт-
ты. Әлгі бір әзірдегі кө ңілді, шы райлы күйдің ізі де қалған жоқ.
Жы ла дың деп сөгуге болмайтын, босаңдық көрсет тің деуге және
келмейтін – қимас сәт еді бұл...
Геолог та соны сезгендей, кенет даусын қатайтып:
– Ей, жарандар! Біздің осы достығымыз, бір кісінің баласындай
болып, төрт-бес ұлттың өкілдері өзара бауырласып кеткен туыс-
ты ғы мыз да, біле-білсеңдер – Жезқазғанның арқасы! Сол себепті,
мен қоштасу шарабын Жезқазғанның қасиетті топырағы үшін;
Ұлы таудай ұлы жұртты ғасырлар
бойы ме кен деп келе жатқан
еңбек сүйгіш, бейнетке төзімді, ер көңілді, мейірбан халқым
үшін; бүгінде бүкіл ел таныған Үлкен Жезқазған үшін; сол жол-
да жанқиярлықпен еңбек ет
кен сергек көңіл қымбатты кен
іздеушілер қа уымы – сіздер үшін көтеремін! – деп жағалай жүріп,
бірімен құшақта
сып, бірімен бокал түйістіріп, бірімен сүйісіп
шықты. Сон соң бокалынан бірер тамшы шампанды жерге тамы-
зып, қалғанын түгел сіміріп салды.
– Па, шіркін! Туғаның-ай! Білімің таудай, ақылың бай. Сендей
перзент тапқан халқыма ризамын жай!.. – деп тақпақтады Сары
ағаң.
Барлаушылар тобы Қарсақбайға әнде
тіп, гармоньдатып қас
қарая оралған.
Бірақ бірден тараған жоқ, Таисия Алексеевна-
ның өтініші бойынша, инженер-техниктердің қарамды тобы
Сәтбаевтардың үйіне бет алды. Мәжіліс бұдан әрі Қанағаңның өз
дастарханында жалғаспақ.
350
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұлар келгенде Таисия Алексеевнаның қарт анасы есік алдын-
да, шар баққа сүйеніп кемсеңдеп жылап тұр еді. Әлденеге қатты
қобалжулы. Үйге шам да жақпапты.
– Жайшылық па, шешей?
– Сендер, немене, ештеңе естіген жоқ
сыңдар ма? – Енесі
Қанышқа ожырая қара ды. Қасірет келді, қандай қасірет десеңші!..
Керман нәлет бізге соғыс ашқан. Соғыс!..
ТАИСИЯ АЛЕКСЕЕВНАНЫҢ естелі гінен:
«...Қоштасудың ақырғы сағаты қай
ғылы хабарға ұласып,
алабұртқан көңі лімізді әлем-тапырық етті. Сөйтсек, Ұлы Отан
соғысының алғашқы күні баста лыпты, жеке бастың қам-күйі
жайына қалып, мүлдем өзге дүниелерді ойлауға тура келді. Бірер
күннен соң Жезқазғанмен біржола қоштасып, баяғыда келген
ізіміз бен Жо салы бекетіне жүк маши насы мен аттандық... Қимас
Жезқазған, қа сиет ті Ұлытау – біз ге жайлы босаға болған алтын
ұя, қа дір лі өлке артта қалып барады. «Қош бол, қазыналы кең
дала! Қош болыңдар, бірге туған туыстай бауыр ласып кеткен
қа дірлі кенші, бар лаушы достар, мейірбан ел! – дейміз ар тымызға
егіле қарап. – Саған енді сағынып, шаруа қамымен ғана келетін
боламыз!»
Бір кезде осы өңірден тезірек кетпек болғаным, ерімнің мені
жұба
тып, «Сен әлі бұл жермен жылап қош
тасасың!» деген
сөздері есіме түсіп, көзім нен тежеусіз төгілген жасқа ие болсам-
шы... Көз ұшында бұлдыраған Ұлытау жотасына қиыла да қимай
қараймын».