Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет125/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   245
null

«Үлкен Жез қазғанды біз едәуір білеміз, ал 
білмей тініміз одан да көп»
десе, екі жылдан кейін мол қа ражатқа 
қолы жет кен шағында тағы да сол газет (1935 жылдың 4 маусымы) 
жариялаған 
«Жезқазғанға – даңғыл жол»
атты еңбегінде ол үкімет 
шеші мімен салынбақ темір жолдың 
«Өспен кеніші – Жезқазған»
тармағы туралы сөз қозғап отырып: 
«Жезқазған ешқашанда түп 
стан са болып қалмайды, тораптық үлкен жолдың орталық ірі 
мекені атануы сөз сіз»
деп сәуегейлік жасапты. Шындығында 
солай болды: 50-жылдарда одан төрт құбы лаға бірдей сан тарам 
жолдар шыға бастады; соның ақыры 2014 жылы іске қосылып, 
Жезқазған-Сексеуіл темір жолы салынды...) 
* * *
Жаз шыға Қаныш Имантайұлы жан-жақ қа аттанып кеткен 
шолғыншы топтардың жұмысын тексеріп, кейде өзі де 10-15 
күндік са я хаттарға шығып, жер көріп, аққұба өңі күнге күйіп 
қоңырқай тартып, жаны сергіп, жаңа ізденістерге құлшынып 
оралады. Контора бас тығы далаға саяхаттан қайтқан кезде бар-
лаушылар кеңсесінде өзгеше әуен орнығады: оның келуін күтіп 
тұрған жұмыстар оп-оңай шешімін тауып; камералкадағы қыздар 
бойларын тү зеп, жұмысқа су жаңа көйлектерін киіп ке ліп, сы-
ланып-сипанып әбігерге түсер еді... Жұрт тың бәрі кенет ширап, 
міндеттеріне жауап тырақ қарағаны, алдындағы жұмысты тезірек 
бітіріп тастауға тырысқан нышан дары бай қалатын.
Қаныш Имантайұлының өзі де кеңседе болған күндерінде 
ерте-кеш демей, түнді таңға жалғап, қайсыбір кезде он бес сағат 


312
Медеу СӘРСЕКЕ
тал май отырып өндіре еңбек етеді. Мұндай қар ба лас күндерде 
ол кабинетіне таңғы сағат алтыда келетін-ді, екі сағаттан соң 
құй 
малас қабырғадағы пәтеріне барып, ұйқыдан оян 
ған бала-
шағасымен шүйіркелесіп отырып ертеңгілік асын ішеді, қазақы 
шайға да рахат тана бас қоятын мезгілі осы. Одан соң тағы да бас ал-
май жұмыс істейді. Түскі астан кейін жарым сағат көз шырымын 
алу да бұлжымас ғадеті. Жазып отырған есебін бітірмесе гео лог 
түннің бір уағына дейін жұ мыс орны нан кетпейтін, тек жүйкесі 
қажыған сәт терде ға на қабырғаны тықылдатып, шай алды ра ды...
Өздері әулиедей құрметтейтін контора бастығы осылайша күнді 
түнге жалғап беріле жұмыс істейтінін көрген соң қарауындағы 
қызметкерлер де уақытпен есептеспей еңбек етеді. Ешкімге ол 
«Сен сөйте ғой» демейді, әркім өз жағдайына қарай икемделіп, 
тапсырылған жұмысты уақытында істеп тастауға құлшыныс 
білдіреді. Бүкіл кеңсе қарбалас еңбекке жұмылған сәтте төргі 
бөлмеден Қаныш Имантайұ 
лының «Руфоч 
ка!» деген жайдары 
үні саңқ ете қалады. Руфа Казан цева орнынан лып етіп тұрып, 
каби нетке ер кін кіреді... Ал кейде... «Руфина Конс тан ти нов на, 
бері келіңізші» деді ме, ка ме ралка да ғы жұрт тым-тырыс тына 
қалып, төр гі бөл меге жаутаңдап қарап құлақ түреді. Ка зан цева-
ның тікелей өзіне қатысты шақыру болса, бастықтың дауысы 
қатты шықпайды, әредік қана «Мұныңыз қалай, сізден мұны 
күтпеп едім?» деген тәрізді ескертудің үзік терін ғана естисің. 
Ал қателік қызмет кер лердің бірінен болды ма, Қаныш Имантай -
ұ лы ның үні саңқылдап, «Мынаны қараңыз шы, қарауыңыздағы 
қызметкердің не істеп қой ғанын? Өзіңіз неге көрмегенсіз? Жоқ, 
мұн дай жұмысты қабылда маймын, қайтадан жасатыңыз!..» – деп 
ширатып жатқанын ұғасың. 
Құлағына дейін қызарған аға коллектор әлден уақытта каби-
неттен сүмірейіп шығады да жұмысына кіріседі. Бұл уақытта 
одан ештеңе сұрауға болмайды, сұрасаң да жа уап ала алмайсың. 
Ал Қаныш Имантайұлы сырт қа шығып кеткенде... Руфаға да 
тіл бітіп, жұмысын ұқыпсыз орындаған қызметкерді жүнше 
түтуге кіріседі. Қорғанып та, ақ талып та ештеңе айта алмайсың. 
Абзалы – үнсіз тыңдау. Ең дұрысы – қателігіңді тезірек түзеу.
Бір ғажабы, «моншаға» түсіп, «сі лікпе» көргендердің бірде-
бірі кек сақтап, болмаса реніш айтпайды. Әділ сынға кім на-
разы? Қателеспейтін жан, сүрінбейтін тұяқ бола ма? Қа 
ныш 
Имантайұлының өзі де кейде каме 
рал 
каға бас сұғып, дүйім 
жұрттың көзінше: «Мы 
на чертежді қайтадан жасасаңыз қай-


313
ШЫҒАРМАЛАРЫ
теді. Кінәлі – мен өзім, кейбір дерек те рі н кеш көрдім. Тек рен жі-
меңіз...» – деп қиылып тұр ғанда не дей сің? Тегінде, бұл ұжымның 
ұйымшылдығы осындай ашық сын, өзара ауызбірліктен қа-
лыптасқан. Ағайынды кісілер «жұмыста – жат, үйде – бауырмыз» 
десіп еңбек еткен соң әрқашанда солай болмақ.
Үлкен Жезқазғанның дабыра атағы көпшілікке мә лім болға-
лы, әсіресе 1934 жылғы ғылыми сес си я дан соң орталықтағы зерт-
теу инс ти тут та рынан, жобалау мекемелерінен, түрлі бас қарма, 
трестерден әр қилы өкілдер, ірі ма ман дар, есімі әйгілі үлкен ға-
лымдар Ұлытау қой нындағы қисапсыз мол қазынаны көзімен кө-
р уге ынтызар болған: Н.Г. Кас син, М.П. Русаков, И.С. Яговкин, 
Ф.В. Чух 
ров, Е.А. Куз 
не 
цов, В.Н. Крестовников, профессор 
М.М. При горовский, соңғы кезде КСРО ҒА корреспондент-мүшесі 
(кейінірек академик) И.Ф. Гри горь ев сықылды бәрі-бәрі ұлағат-
ты жандар. Олардың Қар сақ байға келуі, Жезқазғанды, басқа да 
кеніштерді жата-жастана аралауы – кен іздеу ші қарапайым гео-
логтар мен техниктер үшін әрқашанда ұмытылмас оқиға, білім-
паз дар дың нақтылы көмегі, дер кезінде айт қан ақыл-кеңестері 
қонақтар қайтқан соң да жыл бойы аңыз ғып айтып жүретін ұзақ 
та қызықты әңгіме. Ең ғажабы, бәрі де өздерімен бір қазаннан ас 
ішіп, бір палаткада жатып, далалық партияның адамдары нен-
дей бейнет шексе қоса көтеріп, саяхат тауқыметін бірге бөлісетін 
нағыз еңбекқор зиялылар. 
Иван Степанович Яговкин соң ғы келгенінде Қарсақбай гео-
логтарын жинап, келелі сұхбат жасаған. «Қымбатты әріптес тер, 
көп уақыт Жезқазған туралы жаңсақ пікірде болып, кен орнын 
түпкілікті және кең түрде барлауға зиян келтіргенімді мойындай-
мын. Ақырында шындық жеңді! Сондықтан да, мен, қым батты 
Қаныш Имантаевич, сіздің табанды күресіңізге ризалық білдіріп, 
Жезқазған қазынасын барлауда тереңде жасырынған қисапсыз 
кенді болжай білген ғажап дары ныңызға басымды иемін!» – де-
генде, тың да у шы жұрт ду қол соғып, шындыққа жүгініп, өзі үшін 
ауыр мой ын дау жасап тұрған профессор біл гір ге шы найы көңілден 
қошемет көр сеткен...
Жезқазған қазынасына геолог-академиктер 
ден ең алғаш 
ықылас білдіргендер А.Н. Зава рицкий мен А.Д. Архангельский 
болыпты. Андрей Дмитриевич Ұлытауға әлде неше мәр те келіп, 
сол жылдары ол КСРО ҒА Гео логия институтын басқаратын, кен 
жүл ге леріне шұқшия үңілген. 1936 жылы ол Қ.И. Сәтбаевқа ар-
найы хат жазады: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау