Негізгі әдебиет:
1-6
Қосымша әдебиет:
1-5
Интернет көздері:
1-5
9.1.4.
Тақырыбы
. Жасушалық және ұлпалық инженерияның өнеркәсіпте пайдаланылуы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Экономикалық маңызы бар заттарды өндірудің жасушалық технологиялары
2. Жасушалық технологияның песпективалары
3. Өсірілетін жасушаларда қосымша заттардың қор жинауына әсер ететін факторлар
Дәріс тезисі
Өсімдіктерде алуан түрлі қосымша заттар синтезделеді. Қосымша заттар деп аталса
да олардың өсімдіктегі зат алмасудағы орны зор. Олардың көптегені медицинада,
техникада, тамақ және парфюмерия өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында кең
пайдаланылады.
Өсірген жасушалардың қосымша заттарының арасында бірінші болып өздеріне
зерттеушілердің назарын аудартқан алкалоидтар еді. Қызғылт қабіршөптің, жылан
раувольфияның, қара мендуанасының, сасық меңдуанасының т.с.с. өсімдіктердің
каллустарын талдағанда олардың құрамында әр түрлі алкалоидтар болатыны анықталды.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері арқасында каллустардың басқа да активті заттарды
синтездеуге қабілеті бар екендігі жөнінде талай бағалы деректер жиналды. Жасушалар in
vitro жағдайында әр өсімдік түріне тән қосымша заттарды синтездеу қабілетін сақтап
қалады. Атап айтқанда, алкалоидтарды, терпеноидтарды, гликозидтарды, полифенолдарды,
полисахаридтерді, эфир майларын, ерекше пептидтер мен белоктарды, таза бояғыш
заттарды, стероидтарды, дәм татымдық заттарды, биоинсектицидтарды, балауыздарды,
витаминдерді синтездейді.
Маңызды заттарды синтездейтін жасушаларды өсіру биотехнологияның жаңа саласы.
Дағдылы биотехнологиялар бағалы биологиялық активті заттарды алу үшін бүтін
организмдерді пайдаланса (өсімдіктерді, жануарларды), осы заманғы биотехнологиясы
ерікті немесе иммобилизденген өсімдік жасушаларын өсіруге сүйенген жасушалық
технологияларға негізделген.
Бекіту сұрақтары:
1.
Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткаларды өсімдіктер биологиясының
теориялық мәселелерін зерттеу үшін пайдалану
2. Өсімдіктер клеткалары мен ұлпаларын in vitro өсіруге негізделген технологиялар
3. In vitro жағдайында өсірілетін клеткаларды биотехнологияда пайдалану.
Әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: |