Өзара əрекеттесу ұйымы
Электрондық оқытуды жүргізу кезеңіндегі негізгі əдістердің бірі – мұғалім мен оқушы арасындағы өзара əрекеттесу ұйымы. Бұл тапсырманы орындау кезеңінде қолданылатын құралдар жинағы өте мол. Олардың арасынан кеңінен тарағандары: электронды пошта; чат; форум; блог; бейне- жəне аудиоконференциялар. Видео- жəне аудиоконференциялар көбіне жекелей тақырыптағы жүргізілетін семинарларда қолданылады. Мұндай семинарлардың нəтижесінде оқыту барысында оқушы қиындық тудырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап табады.
Достарыңызбен бөлісу: |