Электрондық курстар
Электрондық оқытудағы негізгі қолданылатын (міндетті емес) құрылғының бірі-электрондық курстар. Курстарға қатысу арқылы оқушы білім алады жəне дағдысы қалыптасады. Электрондық оқытудағы қолданылатын басқа да оқыту құралдары əдетте электрондық курстарда сəйкестендіріліп қолданылады. Оны жекелей алып қолдану олардың тиімділігінің сапасын төмендетеді. Электрондық курс кең көлемді элементтерден құралған диапазоннан тұрады: ақпараттық слайттар; программалық қамтулармен жұмыс; интербелсенді жаттықтырушылар; тесттер жəне т.б. Жүргізілетін электрондық курстар білім, білік мен дағды қалыптастырумен қатар, мұнда электрондық оқыту қалай жүргізілуі керек екендігі жайлы қосымша ақпараттар алуға болады. Көптеген жағдайда электрондық оқытудың кезеңінде оқушы бір бөлімнен басқа бөлімге өту арқылы электрондық курстан өтетіні секілді өзіндік ережелері бар. Мұндай ережелер жинағын əдетте электрондық оқытудың траекториясы деп атайды. Электрондық курстың негізгі сипаттамаларының бірі, ол электрондық оқытудың заманауи орта стандартына сай болуы. Бүгінгі таңда кеңінен таралған электрондық оқытудың стандарттық түрі – SCORM болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |