М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Б е к і т е м і н
Филология факультетінің деканы
.....................................Қ.Т.Утегенова
........... ....................................2011 ж.
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В011700 «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қашықтан оқыту жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
«Педагогикалық риторика»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс - ІІ
Семестр - 4
Кредит - 2
Дәріс - 15 сағ
Семинар - 15 сағ
ОЖСӨЖ - 30 сағ.
СӨЖ - 30 сағ.
Емтихан - 4 сем
Барлығы - 90 сағ
О р а л, 2 0 1 1
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы А.С.Қыдыршаев пен Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогиика ғылымдарының кандидаты М.Қ.Әжіғалиевтің педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырған: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Қ.Әжіғалиев (Қазақ филологиясы кафедрасы кафедрасы, 409-аудитория, №1 ғимарат)
Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«........» .................................... 2011 ж. № .... хаттама
Кафедра меңгерушісі.................................................. А.Ы.Мамыров
(қолы) (аты-жөні)
Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында бекітілді.
«............»……………………….. 2011 ж. №....хаттама
Оқу-әдістемелік кеңес төрағасы......................................Турегалиева С.Г.
Қолданушыға нұсқау
Комплектация
Сырттай бөлімнің студенттеріне «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін қашықтан оқытудың оқу- әдістемелік кешені құрамына келесі материалдар кіреді:
1.«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының жұмыс бағдарламасы
2. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс материалдары
3.Білімді тексеруге арналған сұрақтар, тапсырмаларды орындауға және емтиханға дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Жүйелік талаптар
Оқу- әдістемелік кешенмен тиімді жұмыс жасу үшін компьютер келесі минималь талаптарды жауап беруі қажет: MS Windows /2000/XP/ операциялық жүйесі, процессор 166 МГц; 128 Мб оперативті жады; DVD-дискіні оқу құралы; дыбыстық карта; «тышқан» құрылғысы. Браузер: Internet Explorer, Opera.
Құжат тілі: HTML.
1. Оқытушы туралы мәлімет
Әжіғалиев Марат Қайыржанұлы – Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Офис: қазақ филологиясы кафедрасы, қашықтан оқыту бөлімі
Толық мекен-жайы: №1, Достық даңғылы, 162, 4-қабат, 409-аудитория
№8 ғимарат, Студенческая 1, 3-қабат, 313-кабинет
Жұмыс телефоны: 51-30-62
Үй телефоны: 26-28-55
Элнектронды пошта адресі: marat_ajigaliev
2. Пән туралы мәлімет
Пән атауы - Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Сабақ кестесі:
Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.
Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, семинар) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
Семинар сабағы
1 сағат
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
1 сағат
|
50 мин.
|
СӨЖ
1 сағат
|
50+50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
2
|
4
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
Емтихан
|
Кіріспе
“Педагогикалық риторика” пәні болашақ педагог жастарды өз мамандықтарына сәйкесті шешен сөйлеуге баулитын тіл білімінің категориясы.
Курста риториканың түрлері, педагогикалық риторика, педагог-шешеннің сөйлеу техникасы, мұғалімнің сөйлеу әрекеті қарастырылады. Бұл пән - филолог және филолог емес мамандарға арналған, оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін бірден-бір пән.
Курс мақсаты - студенттерге оқытудың, тәрбиелеудің және оқушыларды дамытудың маңызды амалы ретінде, педагогтің кәсіби іс - әрекетіндегі маңызды құрал ретінде сөйлей білуге көмектеседі.
Курс міндеті:
- студенттерді педагогикалық қарым-қатынас туралы, олардың түрлері, сөйлеу сапалылығы (мәселен, сөз дұрыстығы, тазалығы, дәлдігі, дәлелдігі, байлығы, логикалығы, коммуникативтік жағынан сәйкестілігі), қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары туралы білім көздерімен таныстыру; әдеби тілдің нормаларынан орынсыз ауытқуларды (бұл арада әдеби тілдік норманы бұзушылық туралы) тез аңғару дағдыларын қалыптастыру; өзіндік сөйлеген сөзіне талдай жасай білуге үйрету; сөз сөйлеу сәтіндегі кемшіліктерден құтыла білуге ұмтылыс дағдысын қалыптастыру;
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас мейлінше тиімді болу үшін өзіндік дауысқа (дауыс тонына), сөйлеу аппаратына ие болуға үйрету;
- кәсіби тұрғыда аса мәнді сөз сөйлеу шығармашылығын туындатуға әзірлеу.
Курс мазмұны:
- Педагогикалық риторика пәнінің мақсат,
міндеттері;
- Қазақтың шешендік дәстүрі;
- Сөйлеу заңдылығы;
- Педагог-маманның шешен сөйлеу логикасы;
- Педагог-маманның шешен сөйлеу мәдениеті;
- Педагог-шешен мен аудиторияның ара қатынасы;
- Педагог-шешеннің сөйлеу этикасы;
- Педагог-шешеннің сөйлеу техникасы.
Оқыту әдістемесі:
Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі және біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ–жауап, анкета, экспиремент, статистикалық т.б.әдістерді қолдансақ, практикалық сабақтарда эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.
Пәнді меңгеру нәтижесінде: студенттер педагогикалық риторика ғылымының өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Педагогикалық риторика ғылымының теориялық және ғылыми әдістемелік бағыттарын меңгеріп, оқытудың әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер жинақталады.
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.
Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.
Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.
Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.
Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.
Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |