4
Глоссарий
|
Студенттердің өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттырып, терминдерді меңгерту.
|
Тақырыпқа байланысты.
|
6, 14 апта.
|
4
|
Ауызша сұрау
|
5
|
Микроемтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
-
|
7, 15 апта
|
5
|
Тесталық тапсырма
|
4. Пәннің оқу - әдістемелік құралдармен жабдықталу картасы.
№
|
Әдебиет атауы
|
Б а р л ы ғ ы
|
Ескерту
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы
|
Электронды түрі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Баранский Н.Н. Избранные труды. Научные принципы географий. М., Мысль, 1980.
|
1
|
2
|
11,7 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
2.
|
Машбиц Я.Г. Основы страноведения. Издателствово «Просвещение». М., 1999.
|
-
|
-
|
-
|
жоқ
|
Жеке кітапханада
|
3.
|
Душина И.В., Понурова Г.А. Методика преподавания географий: Пособие для учителей и студентов педагогических университетов. М., Московский лицей, 1996.
|
1
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет
|
4.
|
Каринский С.С. география и искусство. Вестник МГУ, 1982 №6. (Сер. географ.)
|
1
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет
|
5.
|
Маергоез И.М. Методика мелкомасштабных экономико – географических исследований. М., Издательство МГУ, 1981.
|
-
|
-
|
-
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет
|
6.
|
Максаковский В.П. Географическая картина мира. Ярославль: Верхнее – Волжское книжное издательство, 1995. – Ч. II. Региональная характеристика мира.
|
1
|
6
|
35,2 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет
|
7.
|
Детская энциклопедия. М., Издательство «Просвещение». 1968.
|
-
|
-
|
-
|
жоқ
|
Жеке кітапханада
|
8.
|
Галкина Т.А., Красновская Н.А. «Италия». М., Мысль, 1985.
|
-
|
-
|
-
|
жоқ
|
Жеке кітапханада
|
9.
|
Страны мира. Справочник. М., Издательство «Республика» 2005.
|
-
|
-
|
-
|
жоқ
|
Жеке кітапханада
|
10.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Австралия и океания. Антарктида. Москва «Мысль». 1981
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
11.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Африка. Западная и Центральная Африка. Москва «Мысль». 1979
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
12.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Америка. Общий обзор. Северная Америка. Москва «Мысль». 1980
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
13.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Зарубежная Азия. Юго-Восточная Азия. Москва «Мысль». 1979
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
14.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия. Москва «Мысль». 1982
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
15.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Зарубежная Азия. Общий обзор. Юго-Западная Азия. Москва «Мысль». 1979
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
16.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Зарубежная Европа. Общий обзор. Северная Европа. Москва «Мысль». 1981
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
17.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Африка. Восточная и Южная Африка. Москва «Мысль». 1981
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
18.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Африка. Общий обзор. Северная Африка. Москва «Мысль». 1982
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
19.
|
Ю.В.Бромлей. Страны и народы. Зарубежная Европа. Южная Европа. Москва «Мысль». 1983
|
-
|
1
|
5,8 %
|
жоқ
|
№5 корпус, 21 кабинет.
|
5. Дәрістер жиынтығы.
№ 1 дәріс.
Тақырыбы: Кіріспе.
Мақсаты: Жаңа курс «Елтануды» оқудағы мақсат пен міндетті түсіндіріп, пәннің анықтамасы, мазмұны мен зерттеу әдістерімен таныстыру. Елтануда елдерді сипаттаудың жоспарын беру.
Дәріс мазмұны: 1. Елтанудың анықтамасы мен мазмұны.
2. Әр түрлі елтанудың арасындағы байланыс.
3. Елтану нені оқиды, елдерді оқудың жоспары.
4. Елтануда қолданатын әдістер.
Елтану курсының мақсаты студенттерге жер шарындағы елдер туралы олардың географиялық орнын айқындап, тарихын, физикалық – географиялық, экономикалық, қоғамдық – саяси, мәдени - әлеуметтік жағдайларын қамтитын біртұтас білім беру. Елтану географияның бір бөлімі, барлық географияның «ядросы». Н.Н.Баранский берген анықтамасы ол география аспаны «купол» над нею деген. Қазірге дейін елтанудың жалпы мойындалған анықтамасы жоқ. Міндеті әлем елдерімен танысқанда оны еліміз – Қазақстан Республикасындағы жағдайлармен салыстырып қортынды жасай алатын болу.
Қазіргі географияда елтанудың бірнеше түрі бар, олар бір-бірімен байланысты: 1. экономикалық-географиялық елтану; 2. физикалық-географиялық елтану; 3. кешенді елтану; 4. әскери елтану. Көптеген революцияға дейінгі орыс офицерлері мен генералдары Орта Азия, басқа да Азия аймақтары, Европа және Африка туралы елтану бағытындағы жазылған кешенді тамаша еңбектердің авторлары. Қазір дүние жүзінің саяси картасында 267 елдер мен аймақтар бар. Олардың 191 егемен елдер
Елтану курсында елдер төмендегі жоспар бойынша оқытылады:
1) Географиялық орны. Территориясының құрамы; 2) табиғат жағдайлары; 3) елдің экономикасы; 4) елдің мемлекеттік құрылысы; 5) халыққа білім беру жүйесі; 6) мәдениеті. Барлық география үшін, соның ішінде кешенді елтанудың болашағы бар зерттеу әдісі – синергетикалық әдіс (гр. «синергия» - достастық, әріптестік). Өйткені күрделі территориялық жүйе аймақтар, елдер т.б. тек қана әр түрлі ғылымдардың материалдарын, карта, көркем әдебиет, өнер туындыларын пайдаланғанда ғана толық ашылып сипатталады.
Бекіту сұрақтары:
Географияның бір бөлімі Елтану туралы Н.Н.Баранскийдің қандай анықтамасы бар?
2. Елтануды оқудағы міндетіміз...
3. 2002 жылы әлемде қанша елдер мен аймақтар болды, оның қаншасы
егемен елдер?
4. Кешенді елтану зерттейтін объектілерлің көбею себебі...
5. Елтанудың қандай салаларын білесіңдер?
6. Барлық география, соның ішінде кешенді елтанудың болашағы бар
зерттеу әдісі?
Әдебиеттер: 2. 3-14 б.б.
№ 2 дәріс.
Тақырыбы: Кешенді елтанудың географиялық мәні.
Мақсаты: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігі мысалында кешенді елтанудың географиялық мәнін ашып көрсетіп, географияның «2 қанаты» - қоғам және табиғат екенін, оны зерттеу үшін талдау мен жинақтау әдістерін пайдаланатындығына көз жеткізу.
Дәріс мазмұны: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен
корольдігі мысалында:
Географияның өзіндік ерекшеліктері.
Географиядағы талдау және жинақтау.
Географияның территориялылығы.
Физикалық география мен кешенді елтанудың байланыстылығы.
Географияның өзіндік ерекшелігі оның фундаментальды (іргелі) және алға мәселе қою міндеттерінің үнемі күшейе беруінде, бірақ географияның идиогеографиялық мәні бүкіл география тарихында өзгеріссіз жалғасып келеді. Идиогеографиялық немесе жеке-дара нақты бар нағыз шындықты зерттеу деген сөз. География осы өзінің идиогеографиялық бағытының арқасында барлық уақытта да өте қызықты болып қала береді. Кейбір басқа ғылымдардағыдай теориялық көзқарас түп-түзу өзгеріп кетпейді. Бұл барлық географиялық ғылымдардың ядросы. Сондықтан да география ғылымының дамуының бастапқы кезеңінде де, тіпті таяу кезеңдерде де елтануды географияның синонимі деп есептейді.
География өте күрделі ғылымдар жүйесін құрайды. Ол анализ немесе талдау, жинақтау немесе синтездеу қызметін атқарады. Кешенді елтану территорияны зерттеуде географиялық және басқа да іргелес ғылымдардың білімдеріне жинақтау жасайды.
Географияның ұзақ даму тарихында нақты территорияға тек кешенді елтану ғана толық сипаттама бере алады.
Осы дәрісте көрсетілген сұрақтарға жауапты Ұлыбританияның Біріккен Корольдігімен Солтүстік Ирландия елдерінің мысалында ашық көрсетеміз. Бұл Европаның солтүстік батысында Британ аралдарында орналасқан мемлекет. Алып жатқан ауданы 244,7 мың ш.ш. Британ аралдары - Батыс Европа жағалауындағы бірден-бір архипелаг. Ол материкке жақын материктік қайраң алабында орналасқан. Британ аралдарының жер бедерінің ең биігі 1300 метрден сәл асады, Ирландияның батыс жағалауы фьордтық. Ұлыбританияның солтүстігінде Шотландия таулары, Грампиан тауында аралдың ең биік нүктесі – Бен-Невис 1343 м.
Бекіту сұрақтары:
1. Географияның өзіндік ерекшелігі неде?
2. Географияның «екі қанаты» дегенімізді қалай түсінесің?
3. Географияның идиогеографиялық мәнін қалай түсінесің?
4. Кешенді елтануда талдау мен жинақтау әдістерін қалай қолданады?
Әдебиеттер: 2. 15-19 б.б., 43-45 б.б., 7, 9, 16.
№ 3 дәріс.
Дәріс тақырыбы: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен
корольдігі мысалында.
Мақсаты: Кешенді елтану мақсатындағы сипаттамаларда статистикалық мәліметтер берумен қатар, барынша нақты территорияның өмір ырғағын көрсете алатындай болып, елтанудың сипаттамалық және ақпараттық, практикалық міндеттерін Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі мысалында түсіндіру.
Дәріс мазмұны: 1. Кешенді елтанудың типтері.
Кешенді елтанудың сипаттамалық және ақпараттық міндеттері.
Кешенді елтану және практика.
1. Физикалық-географиялық елтануда табиғаттың біртұтастығы адамның өмір сүру ортасы мен шаруашашылық әрекеті түгел қарастырылады. Мұнда ең басты назарда ландшафтының әр түрлі типі болады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында-ақ ландшафттың физикалық-географиядағы ролі мен экономикалық географиядағы экономикалық аудандардың ролінің ұқсастығын (аналогиясын) Л.С.Берг, Н.Н.Баранский атап көрсеткен болатын.
2. Экономикалық географиялық елтануда басты орында мамандануына қарай шаруашылығы мен халқының территорияда ұйымдастырылуы қаралады.
3. Кешенді елтанудың «өзінің» география ғылымдары жүйесіндегі мүмкіндігі әлі толық ашылып болған жоқ. Кешенді елтанудың бірнеше типтері бар: а)ғылыми елтану – территориялардың өзіндік ерекшеліктерін терең зерттеу; б) жалпы білім беру мақсатындағы елтану – ол мектеп географиясының, география мамандарын дайындаудың маңызды бөлімі. Онда территорияның географиялық барлық мәселелері қаралумен қатар жалпы адами мәдениетті де біріктіреді; в) геоинформациялық елтану – ол әлемдік үлкен өзгерістерге байланысты мәселелерді нақты территорияға бағыттап береді; г) болжамдық және кешенді елтану – ол жаңа территорияларды игерген жағдайлармен қатар, адамдар өмірінде көп мәселелер туындататын ертеден игерілген территориялармен де айналысады; д) мәдени ағарту бағытындағы елтану – халықтың әр түрлі топтарына әлемнің географиялық бейнесін береді.
2. ГАЖ – географиялық ақпараттар жүйесі ол күрделі және өзара байланысты компьютерлер, байланыс құралдары, дистанциялық (космостық) құралдар, ақпаратты жинақтау бөлімінен тұрады.
Бекіту сұрақтары:
1. Кешенді елтанудың неше типі бөлінеді?
2. Физикалық географиялық елтануда басты көңіл бөлінетін объект...
3. Экономикалық географиялық елтануда басты көңіл бөлінетін объект...
4. Дәстүрлі географиялық ақпарат көздері...
5. Ұлыбританияны Европадан бөліп жатқан бұғаздар...
6. Ұлыбританияның ең биік жері...
7. Ұлыбританияның көлді округі...
8. Гринвичте қар қанша күн жатады?
9. Лох-Ней көлі...
10. Ұлыбританияда орман қанша жерінде таралған?
Әдебиеттер: 2. 50-72 б.б., 7, 9, 16.
№ 4 дәріс.
Дәріс тақырыбы: Кешенді елтанудағы сипаттаманың құрылымы. Италия республикасы.
Мақсаты: Кешенді елтанудағы сипаттаманың құрылымын Италия Республикасы мысалында түсіндіру.
Дәріс мазмұны: Италияның қалалары және ішкі бөлінулері (солтүстік, оңтүстік, орталық).
Кешенді елтанудағы сипаттама берудің құрылымын біз бірінші дәрісте Н.Н.Баранский бойынша қарастырған болатынбыз. Соның ішінде 1-орында елдердің географиялық орны тұрады. Елдердің географиялық орны мен бейнесі ел үшін маңызды геосаяси жағдай. Ресей территориясы батыстан шығысқа созылуы оны игеруді қиындатады, ал Италияда бұған мүлде қарама-қарсы. Ресей үшін теңіз транспортының ролі нашар. Ал бұл Италия үшін мүлде басқа. Елдің сыртқы бейнесі де маңызды. Мысалы, Кубаның тропикалық климатын жан-жағынан ауа үрлеп жыл бойы қолайлы жасайды. Экономикалық орталықтардың шекараға жақындығы да маңызды. Өткен ғасырдың 70-жылдарында «геосаясат» деген ғылымға қарсы түсінік сияқты көрінетін. Қазір геосаясат география ғылымдары жүйесінде маңызды мәселе. Мысалы, АҚШ пен Мексиканың көршілігі, 1836-1853 жылдарда АҚШ Мексиканың жартысынан артық территориясын алып қойды. Осы сияқты Арабтар мен Израильдің көршілігінде айтуға болады. Ресейдің геосаясаты оның елтаңбасындағы бүркіттің Батыс және Шығысқа қарап отырғанынан Ресейдің ішкі және сыртқы геосаясатының бүгіні де, болашағы да көрінеді.
Елдер табиғатын оқусыз кешенді елтану мүмкін емес. Адам мен адамзаттың баға жетпес байлығы – табиғи орта. Ландшафт сол жерді мекендеген халықтың ұлттық бейнесінің органикалық бір бөлігі. Адам – табиғат. Табиғат – шаруашылық. Табиғат – қоғам. Жер беті құрылысын зоналықпен байланыстыру қажет. Тарихи-географиялық кезеңдерде қарастырылады. Осылайша құрылған жоспарлармен оқуды жалғастырамыз. Италия Республикасы үш үлкен экономикалық-географиялық ауданға: индустриясы дамыған солтүстікке, экономикасы нашар дамыған оңтүстікке және өтпелі орталыққа бөлінеді. Италияның астанасы Рим, үлкен қалаларынан Милан, Неаполь, Турин, Генуя. Бұл қалалардың өзіндік тарихы бар. Мысалы, Генуя қаласында Христофор Колумб дүниеге келген.
Бекіту сұрақтары:
Италияның Пиза қаласы несімен әйгілі?
Италияның қай қаласы 118 аралда орналасқан?
Италияда «вапоретто» - деп нені атайды?
Италиядағы шағын Кремона қаласы несімен әйгілі?
Христофор Колумб туған қала?
Италия қашан ұлттық мемлекет болып қалыптасты?
Қай жылдан бастап Италия Республика?
Италия Республикасы халқының қанша пайызы италияндықтар?
Италия Республикасының оңтүстігіндегі теңіз...
Италияда қанша экономикалық-географиялық аудан бөлінеді?
Әдебиеттер: 8. 110-150 б.б., 20.
№ 5 дәріс.
Дәріс тақырыбы: Италия Республикасы.
Мақсаты: Ішкі жиынтық өнімінің мөлшері жөнінен дүние жүзінде бесінші, халқының жан басына шаққандағы табысы жөнінен 3-орын алатын «үлкен жетілікке» кіретін Италия Республикасының экономикасы, халқы, мәдениетімен таныстыру.
Дәріс мазмұны: 1. Экономикасы. 2. Халқы. 3. Мәдениеті.
Экономикасы құрылымында 35,6% өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы 3,9 %, халыққа қызмет көрсету 60,5%. Мұнай-газ бірлестіктері 160-тан астам компанияны біріктіреді. Олардың көбі дамушы елдерден өндіреді. Фиат – жеке концерн. Елдегі жеке автомобильдің 80%-дан астамын, Европадағы автомобиль базарының 13%-н бақылайды, 290000 адам жұмыс істейді. Фиаттың басты автомобиль шығаратын заводы мен әкімшілік орталығы Туринде. Ауыл шаруашылығында 58% өсімдік, 42% мал шаруашылығы. Жыртылатын жердің жартысына бидай егіледі. Жүгері жинаудан Европада 1-орында. Мал шаруашылығынан етті-сүтті малдар Италияның шалғынықтарының жартысына дерлігі шоғырланған солтүстігінде. Дүние жүзілік сауданың 6% Италиянікі.
Елде 60 млн-дай адам тұрады. Оның 94%-ы италияндықтар. Ресми тілі - италиян тілі. Ақша бірлігі лира.
Италияның Милан қаласында «Ла-Скала» опера театры бар. Ал Венеция қаласы 118 аралда орналасқан. Флоренция қаласында Леонардо-да-Винчи, Микеланджело, Галилей өмір сүрген. Италияға жылына 50 млн-дай туристтер келеді. Ривьера Европадағы сәнді өсімдіктерге бай курортты аудан. Жағалау бойында қыстап шығатын пальма аллеясы, апельсин, зәйтүн, інжір ағаштарының бұталары, жүзімдіктер, раушан гүлдері мен құлпырған қош иісті өсімдіктер өседі. Түбектің солтүстігінде жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталар орын алады. Нағыз маквис пен мәңгі жасыл ормандар батыста өседі. Римнен оңтүстікте цитрустар, Калабрия түбегі мен Сицилия апельсин бауларымен әйгілі. Сицилияда лимон көп өсіріледі.
Бекіту сұрақтары:
Италия Республикасының экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі...
Италия Республикасы экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі...
Италия Республикасы экономикасындағы халыққа қызмет көрсету...
Италия Республикасында елдегі жеңіл автомобильдің 80 % қай консерн шығарады?
Италия Республикасының ауыл шаруашылығындағы өсімдік шаруашылығының үлесі?
Италия Республикасы ауыл шаруашылығындағы мал шаруашылығының үлесі?
Қандай ауыл шаруашылық дақылын өндіруден Италия Европада 1-орында?
Етті-сүтті мал Италияның қай экономикалық-географиялық ауданында?
Италия Республикасына жылына қанша туристтер келеді?
Дүние жүзілік сауданың қанша пайызы Италиянікі?
Әдебиеттер: 7, 8, 9, 20.
№ 6 дәріс.
Дәріс тақырыбы: Финляндия Республикасы.
Мақсаты: Финдер өздері Суоми – «батпақ елі» деп атаған, территориясының 1/3-ін батпақ алып жатқан, сонымен қатар орман елі деп аталатын Финляндия Республикасының табиғат ерекшеліктерін түсіндіріп, экономикасы, халқы, мәдениеті туралы айту.
Дәріс мазмұны: 1. Табиғат жағдайы. 2. Табиғат ресурстары.
3. Экономикасы. 4. Халқы. 5. Мәдениеті.
Европаның солтүстігінде оны оңтүстігінен Балтық теңізінің Фин, батысынан Ботник шығанақтары шайып жатыр. Шығысында Ресей, солтүстігінде Норвегия, батысында Швеция мемлекетімен шектеседі. Астанасы – Хельсинки. Әкімшілік-территория жағынан Финляндия 6 ляниге бөлінеді. Елдің әр бір тұрғынына 5 гектардан артық орманнан келеді. Бұл басқа елдердің қай-қайсысынан да көп. Мұздан босаған жағалық зона шөгіп, аңғарларды су басып кеткен, осыдан түбекке тән енсіз ұзын ирелеңдеп келген, сағаның сатысы фьордтар жасалған. Согнефьордтың ұзындығы 220 шақырым. Финляндияның солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы -14 -16 гр., кейде -50 гр-қа төмендейді. Хельсинкиде қаңтардың орташа температурасы -4 гр. Финляндияда 60000 көл бар. Ең үлкені Сайма.
Финляндия жоғары дамыған индустриялы ел. Экономика құрылымында халыққа қызмет көрсету 61%. Дүние жүзілік базарда сатылатын 100 тақтайдың 20-сы финдік. Лахта қаласы мебель-жиһаз фабрикасы және шаңғышыларға арналған трамплиндермен әйгілі.
Лыж финдер үшін тек спорт емес, қатынас құралы. Финдер спортқа көп көңіл бөледі. Мысалы бастауыш мектептің 4-класынан 5-класқа суға жүзуден емтихан тапсырмай көшуге болмайды. Финдердің ұлттық спорт түрі сумен ағаш ағызу шеберлігі. Халқының 93,6% финдер. Ресми тілі – фин және швед тілдері. Ақша бірлігі Финляндия маркасы. Қазіргі Финляндия территориясы біздің эраның 1000 жылдары қоныстанған. Одан оларды шведтер басып алды. 1809 жылы автономиялық құқықпен Финляндия ұлы князьдығы Ресей құрамына кірді. 1917 жылы Финляндия тәуелсіздік алды.
Достарыңызбен бөлісу: |