Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.2. Адамның сандарды алғашқы жазу тәсілдері
Қазір адамның күнделікті тұрмыста қолданатын сөздері сонша көп болса да олар
бірнеше әріп арқылы жазып шығамыз.
«Барлық санды аз таңбалармен кескіндеп, оларға түрін былай қойғанда, орындарына
қарай мән беру мәселесі,-дейді француздың атақты математигі Лапласс,- қазір сондайлық оңай,
сондықтан оның тамашалығын бағалау да қиын, бірақ оның оңайлықпен табылмағанын грек
оқымысты-ларының ұлы данышпандары Архимед пен Аполлонийден жасырын қалып
қойғанынан анық көруге болады». [3]
2.3. Сандарды жазудың алғашқы нышаны
Ертедегі адам өзінің күнделікті өмірінде түрлі нәрселерді санау және өлшеу
әрекеттерінен шыққан сандарды ұмытпау үшін және керек болған кезінде қайтадан пайдалана
алатындай болу үшін оларды түрліше белгілеп қоятын болды. Мұндай белгілер көлденең, тік
сызықшалар не нүктелер түрінде, әуелі оңай жазылатын құмның не сазды жердің бетіне
сызылды, бірақ олар тез өшіп қала берді. Сондықтан санды сонша тас не шыбықша санап,
сақтап қою арқылы да белгілейтін болды. Тастар мен шыбықшаларды жоғалтпай сақтау да
қиын болып, енді санды не ағашқа кертіп, не тас бетіне тырнап немесе кейінірек жіпке
түйіндер жасап белгіледі. Сандарды бұлайша белгілеу ешбір білім керек етпейтін қарапайым
тәсіл болғандықтан, халықтар арасында ол қазір де қолданы- лады, адам бір нәрсені ұмытпау
үшін қол орамалының шетін түйіп қояды. [7]
Ертеде адам суреттермен тек сандарды ғана емес, өзінің әрбір әрекетін де көрсеткен. Сондықтан
оның жалпы қолданатын әртүрлі суреттерінің біртіндеп көбейіп, оның есесіне олардың
формалары (салыну жолдары) оңайлай берген. Сөйтіп, біртіндеп санды осындай оңайлатылған
суреттер арқылы кескіндеп жазу ( иероглифтік жазу) пайда болды. [3]
2.4. Қасиетті сандар.
Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп
берді.[5]
0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып
табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек
ретінде белгіленеді.
1-саны: Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. 1 саны
шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез
келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз,
Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін
басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. [6]
2-саны:
Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына
қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі
өте кең.
3-саны-Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің
қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны
біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау –
Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде
Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.
Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.[5]
2.6. Жеті, тоғыз, төрт, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдар.
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Оның
себебі орта ғасыр алхимиктері мен астролоктарының жеті күнге, жеті жұлдыз атын беруі, жеті
металдың (алтын, күміс,темір,сынап, қалайы,мыс,қорғасын) пайда болған күні деп жексенбі,
дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат беру. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы
ырымдар жасауы (мысалы, жолға сәрсенбі – сәтті күні шығуы немесе тойды сәрсенбі күні жасауы,
жұма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, құдайы садаққа, мешітке намазға баруы). Өлген адамды
63
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жұма күні жерлемеу, өлген адамдардың жетісін беріп, жеті шелпек пісіріп еске түсіруі, баланың ер
жетуін жаспен мөлшереп, “жетіге келгенше жерден таяқ жерсің”, “жеті қабатжер асты” деуі т.б.
“Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру”, “тоғыз қабат торқа қию” т.б.[1]
Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша (оның негізгі ертедегі араб күнтізбесінде жатыр) он екі айға
арнайы жәндіктер мен хайуанаттар атын беру (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін,
тауық, ит, доңыз) олар 12 қазына деп атап өту, “оң екі мүше сау болсын”, “он екіде бір нұсқасы жоқ”,
“он екі баулы өзбек, тоғыз баулы түркімен” немесе лиро эпос жырларында кездесетін
“Он екі айдың жартысы жаз болады,
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады”
(“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”)
деген сөз тіркестері он екі санын ерекше қасиет түтудың белгісі.
Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.[4]
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен
қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін
оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық
мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл
мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау.
Математика ғылым саласында сан ұғымы ерекше орын алатыны белгілі. Санның шұғу тарихы, әрбір
тоғыз, жеті, үш, бір сандары қазақ халқында ерекше қасиетті ұғым екенін білдік. Санамызға киелі
сандар бар екенін жеке қалыптастыру. Сандар ерекшелігі, қасиеті шығу тарихын толық зерттедім деп
есептемеймін. Әлі де сандардың ашылмаған құпия сыры, жұмбақ қасиеті бар деп ұғамын. Келешек
ұрпаққа қазақ халқы үшін киелі жеті, тоғыз, үш сандарының құпиясын жеткізу.
Біздің ұсынысымыз: Сандар ұғымының құпиясын ашқан ұлы ғалымдар еңбегін өзім сияқты
жеткіншек ұрпақтардың оқып – үйренуін насихаттаймыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Балалар энциклопедиясы, ІІІ том
2.Бастауыш мектеп, №4, 2010жыл
3. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы . , «Мектеп», А., 1985 ж.
4. «Математика және физика» журналы, №2, 2008ж.
5. «История математики»,2-бөлім, 1979ж.
6. Ғаламтор материалдары
7. Собалақов А. Математика тарихынан, «Мектеп», А., 1966 ж.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІ:
“ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ”
Маншарипова Ақжан Телеуқызы
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы №123 Т.Жүргенов атындағы
орта мектептің математика пәні мұғалімі
Аңдатпа
Бұл жұмыста білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі диалог арқылы оқытуды сабақта тиімді пайдалану
жолдары көрсетілген. Жұмыста алдымен диалог арқылы оқытудың оқушының білімінің артуына көп
көмегін тигізетіні туралы айтылып, сол айтылғандардың айғағы ретінде сабақта диалогтік оқытудың
қалай жүргендігі айқын көрсетілген. Әр сабақта сұрақтардың қалай қойылғандығы талданып,
сабақтағы сұрақ қоюдың үлгілерін пайдалану жолдарын айтылған. Мұғалім өз кәсіби қызметін
талдай келе, оны одан әрі жақсарту туралы пікірін де айтып кеткен.
Аннотация
В этой работе показан один из новых практичных методов в образовании, используемых на уроке –
диалог. В работе сначала говорится о большой пользе диалога для повышения знаний ученика, и
64
Достарыңызбен бөлісу: |