Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты



жүктеу 2,36 Mb.
бет3/12
Дата07.12.2017
өлшемі2,36 Mb.
#3515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
БАРЛЫҒЫ

30

15

22,5

67,5



2.2Дәріс сабақ тезистері

1 -2 дәріс

1.1Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

3-4 дәріс

3.1Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы

3.2 Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер.

4.1. Өмірбаяны. Шығармалары

5-6дәріс

5.1 Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары.

6.1.Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.

7-8 дәріс.

7.1.Абай – қазақ поэзиясының реформаторы.

8.1.Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар.

9-10 дәріс.

9.1Абай – ойшыл, философ ақын.

10.1. Абай тундыларындағы үш сүю (имани гүл), жәуәнмәрттілік мәселесі.

10.2. Әл-Фараби және Абай.

11-12 дәріс.

11.1. Абай - өз заманының жыршысы.

12.1.Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. .«Кабус -намеге» Абайдың қатысы

13-14 дәріс.

13.1.Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы.

14.1 .«Құтадғу білік және Абай».

15-16дәріс.

15.1.Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы.

16.1. Қазақ поэзиясына табиғат лирикасын тұңғыш енгізген Абай

16.2. Абайдың ағартушылық қызметі.

17-18 дәріс.

17.1.Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы.

17.2Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары.

18.1 Науаи мен Абай. Алғашқы өлеңдеріндегі Шығыс ақындарына еліктеуден махаббат сезімін жырлаудағы реалистік әдіске көшу

19-20 дәріс.

19.1.Абайдың эстетикалық тағылымы.

20.1.Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары

21-22 дәріс.

21.1.Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. 22.1.Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

22.2. Жүсіп Қарабағи мен Абайдағы Сезім (Хауас)жайлы ойлар

23-24 дәріс.

23.1. Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны.

24.1.«Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

25-26 дәріс.

25.1.Абайдың көркем аудармалары.

26.1.Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы

27-28 дәріс.

27.1. Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы. .

29-30 дәріс.

29.1. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы.

30.1..Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. «Абай» журналының жарық көруі


2.3 Семинарлар тақырыптары.

1- семинар

1.1. Абай өмір сүрген дәуір болмысы. ХІХ ғ. ІІ жарт. қазақ халқының тарихи жағдайы. Ел билеу жүйесі

1.2.Абай мұрасын танытудағы еңбектер,зерттеулер.

1.3.Абай ақындығының алғашқы және толысу кезеңдері.

2 -семинар.

2.1. Абай Құнанбайұлының өмірбаяны.

2.2.Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер.
3- семинар.

3.1. Абай даналығының нәр алған көздері. Ақын поэзиясына Шығыс, Батыс әдебиетінің әсері.

3.2.Абайдың ақындығының қалыптасуы. («Абай жолы» эпопеясы негізінде )

3.3..Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы .Ғалымдар пікірлері.

4-семинар

4.1 Абай – қазақ поэзиясының реформаторы.

4.2.Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар.

5-семинар.

5.1.Абай – ойшыл, философ ақын. Әл-Фараби және Абай. (Ақжан Машанов зерттеуі бойынша.

5.2 Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Әл-Фараби мен Абайдың жүрек туралы айтқан пікірлерінің үндестігі.

5.3. Абайдың исламиятқа қатысы Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазылған өлеңдері. Абайдың діншілдігі жөнінде М.Әуезовтің айтқан пікірі

6- семинар

6.1. Абай - өз заманының жыршысы.

6.2.. Абай поэзиясында ащы сыналып, реалистік түрде көрінуі. Болыс-билердің сатиралық образдары Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі.

7- семинар

7.1. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық»т.б.шығармаларының мазмұны,жаттау,талдау

7.2. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

8-семинар

8.1 Абайдың жыл мезгілдеріне арналаған өлеңдеріндегі қазақ ауылының көрінісі. Көшпелі елдің табиғатқа тәуелділігі

8.2. Абайдың оқу, білім-ғылым жайлы өлеңдеріндегі ағартушылық пікірлері. Дидактикалық сарын

9-семинар

9.1. Абайдың махаббат лирикасы. Қазақ поэзиясындағы жаңалығы

9.2.. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.
10- семинар.

10.1.Абай – эстет ақын. Ақынның эстетикалық, сыншылдық пікірлері.

10.2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» атты өлеңнің бағдарламалық мәні. Ондағы өлең деген ұғымның мәні, сол кездегі қазақ өлеңінің жай-күйі ұлттық поэзияның болашақ бағдарлары; ақынның азаматтық борышы

11- семинар.

11.1. Абайдың табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдерін талдау

11.2. Ақының терең тебіреніске толы философиялық ой өрнектері, оның философиялық толғаулары

12-семинар

12.1.. Абайдың поэмалары. Мазмұндық-идеялық ерекшелігі

12.2. Абай және Шәкәрім

12.3. Абай және оның ақын шәкірттеріне поэма жанрын дамыту жөніндегі ақыл-кеңестері, Ақылбай мен Мағауияның дастандары. Абайдың тапсырмасымен Көкбайдың, Әріптің, Әсеттің жазған поэмалары.

13- семинар

13.1. Орыс поэзиясының екі алыбы Пушкин мен Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударудағы Абай тағылымы.

13.2. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары

14-семинар

14.1 Абай қарасөздерінің жанры мен көркемдік ерекшеліктері. Бұл жөніндегі М.Әуезовтің көзқарасы және оның Абай сөздерін жіктеуі

14.2.Тақырыптық жүйесі, оның ақын өлеңдерімен үндестігі.

15-семинар

15.1.Абайдың ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс-тартыстар. М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов т.б. еңбектері

15.2. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелері тұсындағы абайтану ғылымына қосылған үлестер.

2.4Студенттердің өз бетімен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар жоспары.




Тақырыптар

Жұмыс түрі

Тапсыру мерзімі

Баға

1

Абайдың өмірі мен ата тегі жайлы мәліметтер Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы

Өлеңдерін жатқа оқу



Конспект,жаттау

ІІ апта

1

2

Абай қазақ поэзиясының реформаторы Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері Өлеңдерін жатқа оқу

Өздік жұмыс

2 апта

1

3

Абайдың ағартушылық қызметі Өлеңдерін жатқа оқу

Зерттеулер,ғылыми пайымдаулар

ІҮ апта

1

4

Абайдың ұлттық поэзиямызда алатын орны. Көзімнің қарасы, Айттым сәлем Қаламқас, Қиыстырып мақтайсыз - өлеңдері

Жаттау

ІҮ апта

1

5

«Біреудің кісісі өлсе – қаралы ол» атты өлеңін талдап, мазмұнын ашу. Өлеңдерін жатқа оқу Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде

өздік жұмыс

6 апта

1

6

Абайдың Толық адам туралы ілімі .Абай және исламият әлемі. Өлеңдерін жатқа оқу

талдау

6 апта

1

7

Абай поэмалары Өлеңдерін жатқа оқу.

Жаттау,талдау

8 апта

1

8

Абай және Шығыс Өлеңдерін жатқа оқу

Зерттеулерге шолу

8 апта

1

9

Абайдың аудармашылық мектебі. (Лермонтов, Крыловтан аударған туындылары) Абай және Пушкин

Жаттау,талдау

10 апта

1

10

М.О. Әуезов – Абай шығармашылығының текстологі. Өлеңдерін жатқа оқу

Конспект, ғылыми мақалалармен жұмыс

10 апта

1

11

Абай - сазгер Өлеңдерін жатқа оқу

Жаттау,талдау

12 апта

1

12

Абайдың қара сөздері (қара сөздерінің жазылу тарихы. жатқа оқу

жаттау, талдау

12 апта

1

13

Абайдың ақын шәкірттері Өлеңдерін жатқа оқу

Реферат ,талдау

14 апта

1

14

Абай мен Шәкәрім үндестігі Өлеңдерін жатқа оқу

Салыстыра талдау

14 апта

1

15

Абай және М.О. Әуезов. Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында Өлеңдерін жатқа оқу

Конспект, Ғылыми сараптама

15 апта

1



СӨЖ тапсырмалары

р/с

СӨЖ тапсырмаларының мазмұны

Тапсырма түрі

Тапсыру мерзімі

Баға

1

Абайды танудың алғашқы кезеңі. Ақын мұрасының насихатталу жайы.

өздік жұмысы

апта

1

2

Қайым Мұқаметқанов – абайтану ғылымының білгірі

Конспект

апта

1

3

Зәки Ахметовтің абайтану саласындағы еңбектерінің ғылыми мәні.


Реферат

апта

1

4

М.Мырзахметұлының абайтану ғылымындағы еңбектерінің маңызы


өздік жұмысы

апта

1

5

Абайдың Әбдірахманға арналған өлеңдерінің тағлымы

Талдау

апта

1

6

Абай – ұлтжанды азамат ақын.


Талдау

апта

1

7

ХІХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ даласын отарлаудың ең асқындаған кезеңі. Оның Абай шығармаларында бейнеленуі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі

Конспект

апта

1

8

Абайдың ақын шәкірттері.


Талдау,салыстыру

апта

1

9

Абайдың әдеби мектебі.


талдау

апта

1

10

Абайдың Крыловтан аударған мысалдары


Талдау

апта

1

11

«Ескендір»поэмасында Физули нұсқасына енгізілген өзгерістер. Македонский бейнесін сомдаудағы Абайдың шығармашылық концепциясы.


Конспект

апта

1

12

«Масғұт» поэмасының тарихилық белгілері.

«Әзімнің әңгімесі» атты дастанының жарыққа шығу тарихы



өздік жұмысы

апта

1

13

«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты

талдау

апта

1

14

Абайдың көңіл күй лирикасы. Абай поэзиясындағы психологизм

Конспект

апта

1

15

Абай мұрасының 1918 – 1926 жылдар аралығында зерттелуі.

.


өздік жұмысы

апта

1

16

Абай мұрасының1926 – 1940 жылдар аралығында зерттелуі

өздік жұмыс

апта

1

17

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар.

Ғылыми сараптама

апта

1

18

20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.


талдау

апта

1

19

Абайтану ғылымының қалыптасуындағы М.Әуезовтің еңбектері


Конспект

апта

1

20

Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы

Реферат

апта


1



7. Курс бойынша емтихан сұрақтары:

  1. Абайдың оқу, білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері. Абайдың ағартушылық қызметі.

  2. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы.

  3. Абайдың Толық адам туралы ілімі

  4. Абайдың Әбдірахманға арналған өлеңдерінің тағлымы.

  5. Қазақ поэзиясына Абайдың тұңғыш табиғат лирикасын енгізуі.

  6. Абайдың суреткерлік шеберлігі.

  7. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.

  8. Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары.

  9. Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы пікірі. Өнер адамына қояр талабы.

  10. Абайдың эстетикалық көзқарастары.

  11. Абайдың көңіл күй лирикасы. Абай поэзиясындағы психологизм.

  12. Абайдың философиялық толғаулары. Табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдері.

  13. Абай шығармашылығының биік нысанасы «үш сүю» туралы ақынның танымы

  14. Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазылған өлеңдері.

  15. Абайдың діншілдігі жөнінде М.Әуезовтің айтқан пікірі.

  16. Абайдың қарасөздерінің жанры мен көркемдік ерекшеліктері. Бұл жөніндегі М.Әуезовтің көзқарасы

  17. Абай қарасөздерінің тақырыбы мен идеясы.

  18. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны.

  19. «Ескендір» поэмасында Физули нұсқасына енгізілген өзгерістер. Македонский бейнесін сомдаудағы Абайдың шығармашылық концепциясы.

  20. «Масғұт» поэмасының тарихилық белгілері.

  21. «Әзімнің әңгімесі» атты дастанының жарыққа шығу тарихы.

  22. Абайдың көркем аудармалары

  23. Орыс поэзиясының екі алыбы Пушкин мен Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударудағы Абай тағылымы.

  24. «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты.

  25. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары

  26. Абайдың әдеби мектебі.

  27. Абайдың ақын шәкірттері.

  28. Қайым Мұқаметханов – абайтану ғылымының білгірі

  29. Абайды танудың алғашқы кезеңі. Ақын мұрасының насихатталу жайы

  30. Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері.

  31. Абайтану ғылымының қалыптасуы.

  32. Абай мұрасының 1918 – 1926 жылдар аралығында зерттелуі.

  33. Абай мұрасының 1926 – 1940 жылдар аралығында зерттелуі.

  34. Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.

  35. Абайтану ғылымының қалыптасуындағы М.Әуезовтің еңбектері

  36. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы.

  37. Зәки Ахметовтің абайтану саласындағы еңбектерінің ғылыми мәні.

  38. М.Мырзахметұлының абайтану ғылымындағы еңбектерінің маңызы

  39. Абай есімінің дүниежүзілік көлемде танылуы.

  40. Абай шығармашылығының әлем тілдеріне аударылуы

  41. Абай жайлы жазылған көркем шығармалар

  42. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.

43.Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде

44.Абай өлеңдерінің төңкеріске дейінгі жариялану, таралу жайы.

45.Абайдың мұрасын зерттеуші, насихаттаушылар

46.Абай мұрасының орыс тілінде танылуы.

47.Абайтану тарихы. Оның басты кезеңдеріне сипаттама.

48.Абай мұрасының 1940 жылдардан кейінгі зерттелуі.

49.Абай шығармаларын насихаттау, дерек мағлұматтарды жинастыру.

50.Абай дүниетанымы пікір таласында.

51.Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде.

52.Абайдың әдеби мектебі. Абайдың ақындық мектебі айналасындағы айтыс-тартыстар.

53.Абай мұрасының әр сала бойынша зерттелуі.

54.Текстологиялық жағынан зерттелуі

55.Архив материалдары.

56.Рухани қазына көздері.

57.Абайдың Шығысқа қатысы .

58.Абай дүниетанымы мен салалары

59.Абай және әлем әдебиеті.

60.М. Әуезов және Абайтану проблемалары. Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы еңбегі негізінде.

61.Абай мұрасы М.Әуезов туындыларында

62.Абай өлеңдері мен қарасөздері М. Әуезов шығармаларында

63.Абай сөздерінің М.Әуезов шығармаларындағы түрлену жолдары

64.Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында

65.Абайтану ғылымының бүгінгі белестері. Өзекті мәселелері

ГЛОССАРИЙ


  1. Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)




    1. Оқытушы туралы деректер

Ф.ғ.к.,Сабырбаева Р.Қ.


    1. Пән туралы деректер

Атауы: Абайтану

Кредиттер саны – 3, сағат - 135

Өту орны №3 ғимарат

Оқу жоспарынан үзінді




курс

Семестр

Кре-дит

Лекц.

сағат


Семи-нарлар

ОБСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақыл.

нысаны


2 курс

3

3

30 сағат

15 сағат

22,5

67,5

135 сағат

емтихан




  1. Оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі мен мазмұны

    1. Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы (кредиттер): 3 (135 сағат)



Тақырыптар

Дәріс

Тәжірибе

СОБӨЖ

СӨЖ

1

Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

2

1

1

4

2

Ақынның өмірі мен шығармашылығы

2

1

2

4

3

Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары.Абай – ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы

2

1

1

4

4

Абай-қазақ поэзиясының реформаторы .Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай ойшыл, философ ақын

2

1

1

4

5

Абай өз заманының жыршысы

2

1

2

4

6

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

2

1

1

4

7

Ақын мұрасындағы табиғат

2

1

1

4

8

Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы

2

1

2

4

9

Абайдың эстетикалық тағлымы

2

1

1

4

10

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері.Абай –дана; Абай-кемеңгер. Батыс және Шығыс әсері

2

1

2

4

11

Абайдың поэмалары

2

1

2

4

12

Абайдың көркем аудармалары

2

1

1

4

13

Абайдың қарасөздері

2

1

2

4

14

Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы

2

1

2

4

15

Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай және М.Әуезов

2

1

0,5

4




Барлығы:

30

15

22,5

67,5

1-дәріс



Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын тану, бағалау, бүгінге дейінгі зерттеліп келе жатқан мәселелерді жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі-абайтанудың қалыптасуын кеңінен тану.

Тірек сөздер: абайтану, өлең, ғылыми мақала,жинақ т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы

  2. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.

Абайдың екі өлеңі ( «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі » ) («Жаз ») «1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің түрі » («Болыс болдым , мінеки» ) деген аттармен 1889 жылы «Дала уалаяты газетінің » 7 , 12 сандарында басылыпты.Одан кейін 1897 жылы Қазанда Бектұрған Сиқымбай ұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған «Князь бен Зағифа » атты хиссада Абайдың «Сынағандағы аттың сыны» ( «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» ) , «Бүркітші » («Қан сонарда бүркітші шығады аңға» ) атты өлеңдері жарық көрген.Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып, соңғы екі өлеңді кітапты құрастырушы авторын айтпай, айтыс тексіне кіргізіп пайдаланған.Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады.

Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам -Әлихан Бөкейханов.1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол «Қырғыз ( Қазақ ) поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаааевты ( Кітапта «Кномбия» болып қате басылған) ( Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы ( әсіресе, табиғатты суреттеуі) ». «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол ( олар қырғыздарға (қазақтарға ) тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған.Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.Соның нәтижесінде 1905 жылы «Абай ( Ибраһим) Құнанбаев » атты азанама – мақала жазған.Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді.Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына , көркемдік табыстарына тоқталады.Сөйтіп ол : «өлеңдерінен көріп тұрғандай , Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді.Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ ) ақыны осы кезге шейін болған емес.Жылдың төрт мезгіліне арнаған (Көктем, жаз, күз және қыс ) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды »(1) - деген қорытынды жасайды.

Осы шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүниежүзілік поэзиясының биік деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады.Бұл пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды.Оның үстіне , жоғарыдағы мақалаға қарағанда , Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқаруымен Семейде ( орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы ) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелі ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі.Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке де баруы осымен байланысты болса керек.

Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы ( 1909 , Петербург ) Абайтануда , ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше маңызды қызмет атқарған ұлы уақиғалардың қатарына жатады.Оны бастырушылар – ақынның ұлы Тұрағұл мен інісі Ысқақтың баласы Кәкітай.Абай тәрбиесінде болып, қасында көп жүрген Кәкітай – оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған.Ол жинаққа «Абай Құнанбайұлының өмірі» атты мақала жазған. Абай кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса , ақын өмірі мен шығармашылығы жайында оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы да Абайтану тарихында көрнекті орын алады.Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп – төркінін жақсы ашып көрсетеді.Оның акындық ізденістерінің шеңберін айқындайды.Абайдың ақындық биікке көтерілуінің негізгі себептерінң орыс және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды. «Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын » ол орынды айтты.М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған.

Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – А.Байтұрсынов еді.Ол «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев, онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ » - деп түйін айтты.Әуелі ( 1903 ) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде танысып, кейін (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп, Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең » жырларының шығуы жағдайларына, әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі.Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, «Ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» , -дейді.Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысында талдайды.


Бекіту сұрақтары:

    1. Абайтану саласы қай жылдан бастап зерттеле бастады?

    2. Абайтану пәнінің мақсаты?

    3. Абай мұрасын танытудағы еңбектер?

Әдебиеттер тізімі:

1.М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Алматы – 1994ж.

2. Қ.Мұхаметқанов «Абай мұрагерлері» Алматы-1995 ж.


Дәріс №2 Ақынның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы толық мәлімет бере отырып, студенттерді ұлы ғұламаның отбасы, өскен ортасымен кеңінен таныстыру.

жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау