Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған
«Сейфуллин оқулары – 9:
жоғарғы білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық
конференция материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции
«Сейфуллинские чтения – 9: новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная
дню Первого Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.2, ч.1. – Б. 90-91
ҰНТАҚТЫ СЫМДЫ ТОЗАҢДАТУ ТӘСІЛІМЕН БӨЛШЕКТЕРДІ БЕРІКТЕНДІРУ
Асан Ж., Өтегенов С.
Бөлшектердің жұмыс беттерінің беріктігін арттыру арқылы олардың жұмыс
істеу мерзімін ұзартуға болады. Беріктендірудің негізгі тиімді тәсілдерінің бірі –
бөлшектің жұмыс беттерін тозуға төзімді жабындымен жабу. Жабындыны газ
жалынымен тозаңдату кеңінен тараған тәсіл. Қазіргі уақытта газ жалынының
көмегімен жоғары жылдамдықпен (жарық жылдамдығы ) тозаңдату тәсілі
қолданылуда. Металл ұнтақтарының жоғары жылдамдықпен негізгі металмен
соғылу кезіндегі деформация дәрежесі өте жоғары. Сондықтан, кристалдық торлар
бұзылып, ондағы ақаулардың мөлшері артады. Сонымен қатар, балқыған ұсақ
металл түйіршіктері жоғары жылдамдықпен суық негізгі металға соғылғанда тез
салқындап, бірнеше кристалдану орталықтары пайда болады. Бұл бөлшектің ішкі
кернеулерін
туғызады.
Ал
ұнтақтың
құрамындағы
вольфрам
карбиді
беріктендірілген бөлшектердің өзіндік
құнын біршама арттырады. Нарық
жағдайында жұмыс істейтін барлық мекемелер жөндеу және қалпына келтіру
жұмыстарының шығындарын азайтуды көздеуде. Қымбат металл ұнтақтарының
орнына аз легірленген темір қорытпалары негізінде дайындалған
ұнтақты
сымдарды қолдану – металдарды беріктендіру жұмыстарының бағасын азайтады,
бірақ жабындының тозуға төзімділігі айтарлықтай өзгермейді.
Темір қорытпалары негізінде дайындалған ПП-ПМ-6
ұнтақты сымдар,
құрамында Fe – Cr – C – Ti элементтері және олардың карбидтік фаза қосылыстары
бар, мартенситті – аустениттік құрылымынан тұрады. Жабындыны қалыптастыру
кезінде, мартенсит және бейнит интервалында, салқындау жылдамдығы азайып,
аустениттің
тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Келесі
қабаттарды тозаңдату
үрдісінде, жоғары дәрежелі деформацияның әсерінен мартенситтік құрылым пайда
болады. Микроқұрылымын зерттеу кезінде негізгі металл мен жабындының
арасында бос қуыстар жоқ, бір-бірімен жақсы жабысқаны анықталды. Жабынды -
металл фрагменттерінен және олардың (өлшемі 10 – 50 мкм) тотықтарынан тұратын
композиттік материал. Дисперсиялық химиялық талдау компоненттердің біркелкі
орналасуын көрсетті .
Ұнтақты сымды тозаңдату тәсілімен бөлшектерді беріктендіру техналогиясы
қаттылығы 48 – 52 HRC жабынды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл
технология жауапты бөлшектерді, мысалы, қозғалтқыш иінді біліктерін, ротор
қалақшаларын, сырғанау мойынтірек төсеулерін және т.б. бөлшектердің беткі
қабаттарын беріктендіруде қолданылады .
Ғылым жетекшісі: Макенов М.Қ.