Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған
«Сейфуллин оқулары – 9: Жоғарғы
білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция
материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские
чтения – 9: Новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная дню Первого
Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.2, ч.2 – Б. 95-96
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ АЯСЫНДА
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Жүнісова А.
2012 жылы Бразилияда өткізілген (РИО+20) конференциясынан кейін
елімізде жасыл экономикаға көшуге бет бұрыс жасалды. Қазақстан 2050
стратегиясында елбасымыз Н.Назарбаев еліміздің
жасыл даму жолына
негізделген, тиімді және тұрақты экономика құру міндетін қойды. Жасыл
экономика дегеніміз ол болашақ үшін табиғат қорларын үнемді және ұтымды
пайдалану, соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз
ету. Жалпы жасыл экономиканың бірінші кезектегі бағдары ол сарқылатын және
сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалана білу. Яғни табиғи қорларды
ұтымды пайдалану мақсатында, қоршаған орта жағдайын реттеу, энергия
тиімділігін және үнемдеуді арттыру. Осыған орай елбасымыздың бастамасы
бойынша Жасыл экономикаға аусыу тұжырымдамасы әзірленген болатын.
Мамандардың айтуы бойынша жасыл экономиканы дамыту еліміздің одан әрі
қарқынды дамуына және дағдарысты болдырмауға, сонымен қатар табиғи
қорлардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Негізінен жасыл даму
бағытын алғашқы болып Корея мемлекеті өз стратегиясында жариялаған.
Сонымен қатар бұл даму үрдісінде Грузия, Өзбекстан, Ресей, Армения,
Тәжікстан мемлекеттері де бар. Бүгінде біздің елімізде жасыл экономика даму
жолына қадам жасап, елбасы нұсқауымен тұжырымдама жасалып, Үкімет іс-
шара жоспарын бекітті. Тұжырымдама үш кезеңде іске асырылуға жоспарланған.
Жасыл экономика дамуының бағыттары жаңартылған энергия көздерін табу,
тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылығындағы
энергия
тиімділігі,
ауыл
шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару
жүйесін, су қорларрын басқару жүйесін жетілдіру, таза көлікті дамыту мен
экожүйелерді сақтау және тиімді басқару болып табылады.
«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында
Қазақстан
экономиканың
10
шешуші
секторына
құралдарды
инвестициялауды
жоспарлайды:
-
ауыл шаруашылығы;
-
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
-
энергетика;
-
балық аулау;
-
орманшаруашылығы;
-
өнеркәсіп;
-
туризм;
-
көлік;
-
қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
-
су қорларын басқару.
Сонымен жасыл экономика экономиялық, экологиялық тазалыққа жол
ашады. Елбасы даму стратегиясында көгалдандыру мәселесіне де тоқталған
болатын. Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы,
жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радияция бұдан
былай біздің үйлерімізбен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған және
егер біз жыл сайын барлық облыстарды жасылдандыратын болсақ онда
Қазақстанды жасыл ел жасаймыз деп айтқан болатын.
Қазақстан аумағы кең болғанымен, орманмен көмкерілен жерлері аз. 2010
жылғы мәлімет бойынша мемлекеттiк орман қорының жалпы ауданы 28,4 млн.
га немесе республика аумағының 10,4 %-ын құрайды. Орманды алқаптар 12,3
млн. гектарды немесе орман қоры жерлерi жалпы ауданының 43,3 %-ын
құрайды. Республиканың ормандылығы 4,5 % құрайды.Қазақстанда ормандары
барынша әркелкi орналасқан. Орман өсiмдiктерiнiң түрлерi табиғи аймақтардың
әртүрлiлiгiне негiзделедi. Шөлдi аймақтарда сексеуiл ормандары өседi. Тау
ормандарының негiзгi бөлiгi Алтай, Жоңғар және Iле Алатауында қою түстi
қылқан жапырақты орманмен
қамтылған. Дала мен далалы орманды
аймақтардың жазық бөлiгiнде қайын-көктеректi ормандар, қарағай ормандар,
Ертiс бойының салалы ормандары өседi.
Ормандар құрамында ормандармен қамтылған ауданның 49,6 % иеленетiн
сексеуiл басым болып келедi және шөл және дала аймақтарда бұталы екпелер
24,1 % алады. Бағалы қылқан жапырақтылар 13,1 %, ал жұмсақ жапырақтылар
11,2 % құрайды. Орман дақылдарын отырғызу жұмыстарын қамтамасыз ету
үшiн республикада 143 орман питомнигi бар, мұнда жылына 200 млн-ға жуық
дана түрлi стандартты тұқым екпе көшеттерi өсiрiледi. Орман молықтыру
жұмыстары 2002 жылдан бастап қарқынды жүргізіле бастады.Мысалы ретінде
1999 жылы 5,7мың га орман отырғызу жүргізілсе, 2005 жылы 24,9 мың га
отырғызылған,
яғни
4,4
есе
артты.
Жыл сайын еліміздің әр облыстарында көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Алағымдағы жылы орман
молықтыруды 69 мың
га алқапта жүргізу
жоспарланыпты.Орман молықтырудың
артуында жолдаудың
септігі тиіп
отыр.Перспективада республикада орманды молықтыру бойынша жұмыс көлемі
2020 жылға қарай жыл сайын 80 мың гектарға дейін жеткізілмекші екен.
Орман шаруашылығының дамуы бұл жасыл экономика бағдарламасының
даму, орындалу деңгейінің көрсеткіші есебінде қолдануымызға болады. Неге
десеңіз жасыл экономиканың негізгі мақстаы ортада табиғи қорларды тиімді
пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған қалдықтарды
басқару жүйесін жаңғырту және ауаның ластануын төмендету, су ресурстарын
басқару жүйесін жетілдіру, орнықты ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу;
энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді арттыру мен жаңартылатын энергия
көздерін дамыту,табиғи байлықтарды сақтау болып табылады. Ал орман
шаруашылығының жасыл экономикадағы орыны зор. Орман қоршаған ортаны
қорғауда, ластанған жерлерді, ауа құрамын реттеуде, су ресурстарын басқаруда
және
ауыл
шаруашылық
өнімділігі
үшін
пайдасы
үлкен.
Орман
щаруашылығының құрылыс, отын, медицина, тамақ, таза ауа алуда, химиялық
шикізат өңдеуде т.б салалармен байланысы тығыз. Басты маңызды қызметі ол
экологияға қызметі болып табылады және болашақта жаңа тың идеялар табу
барысында орман шаруашылығын экономиканың басты салаларының біріне
айналдыруға болады.
Орман бұл табиғи байлықтардың бірі. Орманды дамытудың экономикалық
және экологиялық тұрғыдан жасыл экономика үшін маңызы зор.Жалпы жер
шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдерде өндірістің күрт
дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050
жылға қарай планета халқының саны 11,9 миллиардқа жетпек. Халық санының
жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсіреді. Қазірдің өзінде табиғат
ресурстары
өзін-өзі
қалпына
келтіре
алмайтындай
дәрежеде
пайдаланылуда.Сондықтан еліміздің жасыл экономика даму бағыты болашақ
үшін тиімді жүргілмек. Ал жасыл экономикада орман шаруашылығы басты
орынның бірін алмақ.
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Ж.Т.Боранбай