2. Махаяна (кең жол, ҥлкен екі аяқты кҥйме арба). Хинаянмен салыстырғанда, махаяна қҧтқару амалдарын монастырға кетпей-ақ табуға болатын жолдарын қарастырады. Махаянаны уағыздаушылар әркімнің тек ӛзін ғана ойламай, басқаларға да еркіндік жолындағы кҥресте қол ҧшын беру қажет деп есептейді. Будданы жер бетінің ерекше қасиеттерге толы иесі деп санайтын хинаяна ілімдеріне қарсы махаяна оның қасиеттерін белгілі бір дҥниенің принциптері арқылы туындаған адам, ғажайып жан ретінде қарастырады. 62 Діндар адамдар ҥшін ең жағымдысы болып әрбір адамның сансара шегінен босатылып, Будда кҥйіне жете алу мҥмкіндігі табылады. Бодхисаттва – нирвана кҥйіне тҥспейтін, Буддаға жатпайтын, ӛз еркінше карма заңдарына бағынатын және жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне кӛмектесетін адам. Махаяна бағыты Монғолияда, Қытайда (Тибет), Жапонияда, Кореяда және Азияның басқа да солтҥстік аймақтарында тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |