222
ӘӨЖ 159.1.3
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫН ҰСТАНУ БАҒДАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мырқасымова М.А.
Тараз қ. М.Х.Дулати ат. ТАРМУ,
«Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы
Аннотация: В статье рассмотривается проблема формирование здорового образа жиз-
ни у подростков и актуальность соблюдение экологию здоровья современном мире.
Ключевые слова: Экология здоровья, здорового образа жизни
Annotation: The article considers the problem of forming a healthy lifestyle in adolescents.
Urgency is the observance of the ecology of health in today's world.
Keywords: Ecology of health, healthy lifestyle
Қазіргі кезде жастар арасында аурулардың көбеюі, мамандарды қатты алаңдатып
отырған мәселелердің бірі. Жасөспірімдердің салауатты өмір салтына қатысты білімдері мен
оны құндылық деп танып, оны нығайту мен жетілдіру бағытындағы іс-әрекетларының төмен
екендігін айқындап отыр. Сондықтан, салауатты өмір салтына қатысты білімдерін кеңейтіп,
өздерінің іс-әрекеттері мен денсаулықтарына қарым-қатынасын қайта қарау мүмкіндігіне ие
болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында адам денсаулығының қоғам үшін
маңыздылығын ерекше атап өткен. Ол: «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша
назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып
саналады», - деп көрсеткен.
Болашақ жастардың салауаатты өмір сүруі мен ел стратегиясының негізін қалайтын
бірқатар мәселелер анықталған. Олар:
- салауатты өмір
салтына ынталандыру;
- ауруды болдырмаумен адамдар
денсаулығын жақсарту;
- ішімдік пен темекі тұтынуды қысқарту;
- денсаулық мәдениетін ұстану;
- дұрыс тамақтану және т.б.
Жеке тұлғаның өз денсаулығына қатынасы, денсаулықтың қоғамдық құбылыс ретінде
мәнін Г.Л.Апанасенко, Н.М.Амосов, И.И.Брехман және т.б., мәдениеттану ғылымы
тұрғысынан Л.Н.Коган, Э.С.Маркарян салауатты өмір салтының тұрғысынан тұлғаның
базалық мәдениеті тұжырымдамаларын жасаған.
Жасөспірімдер – өздерінің өмір салтын ерікті таңдаушы субъекті ретінде, өз
денсаулығын болжап, оған құндылық қатынас тұрғысынан саналы түрде қайта қарап, іс-
әрекеті мен мінез-құлқын өзгерте алатын тұлға.
Салауаттану – бұл жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Ал,
денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі қазіргі заман
талабының басымдықтардың бірі ретінде жарияланды. Сондықтан, бүгінгі жасөспірімнің
жалпы мәдени дамуының деңгейі, білім алуы, оның дене және рухани мүдделерының
қанағаттандыруы, өмірі, болашағы оның денсаулық жағдайының көрсеткішіне тікелей
байланысты.
Қоғамның даму тарихында салауатты өмір салты, денсаулықты сақтау, оны нығайту
және адам денесының өзіндік резервларімен мүмкіндікларін дамыту мәселесі маңызды
әлеуметтік-ғылыми мәселе ретінде жалғасын тауып келе жатқандығын көрсетеді.
Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрында денсаулық мәселесі жүйелі түрде насихатталып
отырған. Олардың қай кезеңде болмасын еңбегі ауыр болғандығы тарихтан белгілі. Ауыр
дене еңбегімен айналысқан ата-баба, өз денсаулығын табиғаттың ең үлкен байлығы ретінде
қабылдаған. Оны халықтың нақыл сөздерінен аңғаруға болады, онда денсаулық туралы