Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Мұғалімдерге ескертпелер
|
Оқыту ресурстары
|
|
|
Орфография, грамматика, пунктуация бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз:
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8 Қатені табу және түзету
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
|
Бұл бөлімде я, ф, ю, е, э, в, ц, щ, ч әріптері мен дыбыстарын, ь,ъ белгілерін өтуіңізге болады.
Мәтіндерден немесе сөйлемдерден заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтайды.
4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз.
|
https://e.edu.kz/
http://ustaz.kz/
http://ashyk-sabak.kz/
http://45minut.kz
http://bilimkozy.idhost.kz
|
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру
|
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазу
|
Ұлттық ойындар туралы түсінік
|
|
|
(Ұ) Мектепке (сыныпқа) оқушылардың ата-анасын немесе ата-әжелерін шақырыңыз. Олар оқушыларға өздерінің балалық шақта ойнаған ойындары туралы айтып береді. Ол ойындар бұл күндері ойнала ма? Айырмашылықтары бар ма? Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырыңыз. (Хан талапай, Апыр-топыр қарлығаш, Ақ серек, көк серек т.б.)Басқа қонақтармен кездесуді қайта өткізуге болады.
(МК) Сыныпқа бір ұлттық ойынның қалай ойналатын ретін көрсетіңіз. Нақты, түсінікті нұсқау беріңіз. Әртүрлі ойындарды бірнеше рет қайталаңыз. Осы бөлімнің соңына дейін жаңа ойындарды үйретуді жалғастырыңыз.
(Ұ) Ойын ережесі туралы аудио материал тыңдатыңыз немесе фильм көрсетіңіз. Оқушылардан ойынды ережеге сүйене отырып ойнауларын сұраңыз. Оқушылардың ережеге сәйкес ойнауын қадағалаңыз. Сәтті шыққан тәсілдерді бақылаңыз. Тиімді тәсілдердің тізімін жасаңыз.
|
Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты әңгіме, өлең айтуы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет (сабаққа белсенді қатыстыру) қайталаңыз.
Оқушылар үй жұмысы ретінде ата-аналарынан ұлттық ойындар туралы естеліктерін жазып әкеледі. Кейін сыныптастарымен бөліседі.
Кең жерде, аулада немесе спорт алаңында, дәлізде оқушыларға ойынның қалай ойналатынын көрсетіңіз.
Мысалы: «Бәйге». Шеңберге тұрыңдар. Тізе бүгіңдер т.с.с. Оқушылармен талқылаңыз: Нұсқаулар жеңіл ме? Бұл ойынды қай жерде ойнаған ыңғайлы? Нұсқаудың қайсысы тиімді немесе тиімсіз болды?
Ойнап жатқан оқушыларды суретке түсіріңіз немесе қарапайым сурет салыңыз.
Ойынға сынып ұсынған нұсқаулық құрастырыңыз. Нұсқаулықта: реті, қадамы, нені бірінші орындау керек, ашық дауыспен түсінікті жеткізу керек, ойынға бірінші не қажет т.б. анық жазылуы керек.
|
|
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну
2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
|
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату у
1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стилдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру
|
Ойын ережесі
|
|
|
(К) Бейкөркем кітаптардың кейбір үлгілерін салыстыру және айырмашылықтарын табу үшін қолданыңыз. Рецепт кітаптары мен нұсқаулықтардың басқа кітаптардан айырмашылықтарына назар аудартыңыз. Бұйрық райын енгізіңіз.
(МК) Сөйлем ішіндегі түсіп қалған бейтаныс сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзді болжатыңыз.
(Т) Мәтіндер мен кітаптарға арналған нұсқаулықты бірге оқыңыз. Оқушылар жаңа сөздерді түсіну үшін нұсқаулыққа сүйенеді. Оқушылар сөйлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді табуға талпынады. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзді болжайды.
«Бағытталған оқуды» пайдаланыңыз:
кітапқа кіріспе
тексеру стратегиясы
өз бетінше оқу
мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.
|
Кітаптарды оқымас бұрын, оқушылар олардың мұқабасына қарап салыстырады. Айырмашылықтары бар ма? Ұқсастықтары ше? Бейкөркем кітаптардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз (ақпарат беру, болған оқиға туралы мағлұмат беру, бір заттың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, нұсқау беру). Бұл кітаптардың үлгілерін ашып көрсетіңіз. Оқушылар қандай айырмашылықтар табады? Жазулары немесе суреттерінде айырмашылықтар бар ма?
Оқушылардан спорт туралы ақпарат алғысы келсе, қандай кітаптар оқуы керектігін сұраңыз. Ал сапарға шығуды жоспарлау үшін ше? Ойын туралы сұрақтарға жауап беру үшін ше? Атақты адамдардың өмірі туралы мәлімет табу үшін ше?
Қарапайым нұсқау кітаптарының жинағын құрастырыңыз. Онда суреттер мен диаграммалардың, сізге қажетті заттар тізімінің, белгіленген нұсқаулардың бар екендігіне көз жеткізіңіз. Сыныпта кітаптарды оқушылар бос уақыттарында қолдана алатындай етіп оқу бұрышын жасап қойыңыз.
Оқушыларды оқу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Жеңілдеу кітаптар деңгейі төмен оқушыларға беріледі. Оқушылар бұл кітаптарды көркем шығармалармен салыстырады. Мысалы: қандай айырмашылықтары бар? Ұқсастықтары бар ма? Оқушылар басқа қандай айырмашылықтарын көрсете алады (суреттер, жазба т.б.).
Жылдам жауап беру үшін кітаптың мазмұнын қолданғандарды мақтаңыз.
Дыбыс, әріп туралы оқушылардың бұрынғы білімдерін қайталап, оқылым дағдыларына баса назар аударып отырыңыз.
2-бөлімдегі «Бағытталған оқу» нұсқаулығын қараңыз.
|
|
3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
|
1.3.5.1 сызбалар, суреттер, белгілермен толықтырып жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазады
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазады
1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау
|
Ойын ережесін құру
|
|
|
(МК) Оқушылардың ұлттық ойын ойнау барысында түскен суреттерін қарап, «Бірлесіп жазу» әдісіне сәйкес, әр суреттің астына нұсқау жазыңыз. Нұсқаулардың тиісті шақта жазылуына назар аударыңыз.
(Т,Қ) Оқушыларға ойын барысында түскен суреттерін қолдана отырып, әр суретке нұсқау жазуды тапсырыңыз.
«Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып, оқушылардың тиісті шақты қолдануын қадағалаңыз. Әр нұсқауды реттік санмен белгілеулерін қадағалаңыз.
(Т) Оқушылардың жазған нұсқауларын сынып ішінде дауыстап оқуына мүмкіндік беріңіз. Олардың дұрыстығына назар аударыңыз. Жазылған нұсқаулардың басқалар қолдана алатындай етіп жазылғандығын қадағалаңыз.
Оқу жетістіктерін бағалау:
нұсқау жазудың ерекшеліктерін ескеруінз.;
нұсқаулықты қолдануға түсініктілігін.
Сөйлемдерді құрастыруын, тыңдаушыларға пайдалы, қызықты жазылғандығын бағалаңыз
|
2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Ойын үшін қажетті заттарды реттеуден бастаңыз. Суреттерді тізбектеп, нөмірлеңіз. Әр сөйлемді жазбас бұрын дауыстап айтыңыз, жазып болған соң қайталап оқыңыз. Оның түсінікті және дұрыс екенін тексеріңіз. Кейбір сөйлемдерде әдейілеп қате жіберіңіз. Сөйлемдерді жазуда нұсқауға қайшы келетін кейбір қателерді жіберіңіз. Сөйлемді қайталап оқып, оқушыларға қатені табуды тапсырыңыз. Қатені қайталаңыз, оқушылардың оны байқағанын тексеріңіз.
Оқушыларды жазу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Оларға бір немесе екі нұсқау жазып, бір қатарға жинауды тапсырыңыз.
1-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісін қараңыз.
Оқушыларға нұсқауды жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Түсінікті ме? Нақты ма? Тиісті шақта жазылған ба?
|
|
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау
|
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.1.7.1 тыңдалған мәтінгеТыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды))
1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
|
Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу
|
|
|
(МК) Ұлттық кейіпкерлер бар бірнеше әңгіме оқыңыз. Оқушыларды әңгімелерге қызықтыру үшін оқу дағдыларын дұрыс қолданып, оқып көрсетіңіз. Сөйлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасатыңыз.
Әр әңгіменің аяғында оқушыларға оқиғаның өткен орнын, кімдер қатысатынын, не болатынын «кейіпкер», «оқиға» секілді сөздерді қолдана отырып анықтауды тапсырыңыз.
(Ұ) Әр әңгімеде кейіпкерлердің қалай суреттелетінін салыстыруына мүмкіндік беріңіз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары? Әрбір басты кейіпкердің әңгімедегі іс-әрекетін талқылатыңыз. Олардың жағымды кейіпкер екенін қайдан білеміз? Олар қандай әрекеттер жасады? Айналасындағыларға қандай әсер береді? Мысалы: қуаныш, үміт...
(Ұ) Басқа ұлттық кейіпкерді таныстырыңыз. Ол туралы әңгіме оқыңыз. Әңгімелерді жоғарыда көрсетілгендей салыстыруға жетелеңіз.
Оқу нұсқаулығын пайдаланыңыз:
кітапқа кіріспе
тексеру стратегиясы
өздігінен оқу
мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.
Сөйлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасатыңыз.
|
Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты ертегі, әңгіме, өлеңдер қолдануы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет (сабаққа белсенді қатыстыру) қайталаңыз, бірге айтыңыз.
Ұлттық кейіпкер туралы жинақ жасаңыз. Мысалы, Алдар көсе туралы
Кітап оқуға ыңғайлы орындықтары бар оқу бұрышын жасаңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кітаптарды қолдануға мүмкіндік беріңіз.
Оқушылардың оқылым дағдыларын қолдана білуіне назар аударыңыз.
Оқушыларға қолданылған суреттердегі детальдарға назар аударып, түсіндірме сөздер мен тіркестерді қайталауға тапсырма беріңіз. Бір кейіпкердің түрлі әңгімедегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
2-бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдісінің нұсқаулығын қараңыз. Оқушыларды оқу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Жеңіл кітаптар оқылым дағдысы төмен оқушыларға беріледі. Оқушыларға бірдей сұрақтар қойыңыз. Мысалы: Олардың жағымды кейіпкер екенін қайдан білеміз? Олар қандай әрекеттер жасады? Айналасындағыларға қандай әсер береді? Мысалы: қуаныш, үміт...
|
http://www.youtube.com/watch?v=-H55cjEUBVw мультфильм про Алдара Косе
http://www.youtube.com/watch?v=NA1I_fCIpHk видео «Первый в мире выход в открытый космос»
http://www.ertegi.ru/map.php?section=1
|
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.6 Тыңдаушының назарын аудару
|
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
|
Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау
|
|
|
(Т) Оқушылар бірге оқыған кітаптағы суреттерді жинақтайды.
(Т) Әр шығармадағы бас кейіпкерлерді талқылатыңыз. Кейіпкердің мінезін, киген киімдерінің түр-түсін сипаттайтын бөлімдерді тапқызыңыз. Оқушылар әңгімені қайта қарап шығады. Оқушыларға кейіпкерді, оның іс-әрекетін, оқиғаларын сипаттайтын сөздерді табуға тапсырма беріңіз.
(Т) Оқушыларға үлкен параққа бас кейіпкердің мінездемесін жазуды тапсырыңыз. Әр сөздің қасына шығармадан нақты сол туралы тіркес немесе сөз жазылады. Мысалы, кейіпкер қалай суреттелген?
(Ж,Қ) «Сипаттау» ойынын ойнатыңыз. Оқушы өз кейіпкерін жанындағы досына сипаттайды. Ол түсінгенге дейін қандай дәлелдер немесе неше дәлел қолданды?
Оқу жетістіктерін бағалау:
кейіпкерге тиісті нақты сипаттама беруін;
әңгімелердегі ақпараттар мен детальдардың есте сақтауын;
мәнерлі сөйлеу дағдысын бағалаңыз.
|
Суреттерді (иллюстрацияларды) басты оқиғаларды тізбектеу үшін қайта құрастырыңыз. Оқушылар оны рет-ретімен дұрыс орналастырулары керек. Еске түсіру үшін кітапқа тағы бір қарап шығуды тапсырыңыз.
Оқушыларды кітап оқи алу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Тапсырманы олар бірге оқыған кітаптан беріңіз. Шығармадағы кейіпкерді сипаттаудың екі жолы бар екенін түсіндіріңіз. Олар кім? Олар қандай адамдар?
Қандай кейіпкер? Оны қалай білеміз? Шығарманың қай жерінде ол туралы айтылады? Оларды біз қалай сипаттай аламыз? Мысалы: сыпайы, еңбекқор.
Сыныпта жасаған диаграмманы көрсетуге мүмкіндік беріңіз
Оқушылар деңгейлеріне қарай жұптарға бөлінеді. Бір-біріне теріс қарап отырады. Біреуі кейіпкердің суретін көрсетпей, оны ауызша сипаттайды. Екіншісі кейіпкерді табуы тиіс.
|
|
3.5 Мәтін құрастыру
|
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
|
Кейіпкерді сипаттау
|
|
|
(МК) Оқушыларға «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып кейіпкерге қысқаша сипаттама жазу үлгісін көрсетіңіз. Оқушылар дұрыс жазу үшін сөйлем үлгілерін қолданыңыз. Мысалы: Ол ...адам, онда ...бар.
(Ө,ф) Оқушылар талқылаған кейіпкердің суретін салады. Астына кейіпкердің сипаттамасы берілген үлгіге сәйкес сөйлем түрінде жазады.
(Т) «Бағытталған жазу» әдісін қолдана отырып, оқушыларға тиісті сөздер мен дыбыстарды жазуға қолдау көрсетіңіз.
Жазылым дағдысы жоғары оқушыларға жайылма сөйлемдер жазуды ұсыныңыз.
Оқушылардың тыңдарманға түсінікті, әсер ететін сөйлем жазуын бағалаңыз.
|
2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Әр сөйлемді жазбас бұрын дауыстап оқыңыз, жазып болған соң қайталап оқыңыз. Кейіпкерге дұрыс сипаттама бергенін (сөйлемде дұрыс жазылғанын) тексеріңіз. Сырт көзге түсінікті ме? Тақтада жазылған сөздерге назар аудартыңыз.
Оқушыларға жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Оқушылар бір сәт кейіпкерді танымаймын деп ойласын. Жазғандары арқылы оны тани алды ма?
1-бөлімдегі «Бағытталған жазу» әдісін қараңыз.
Сыныпта «Жазу бұрышын» жабдықтаңыз. Әртүрлі қағаз, қаламдар қойыңыз. Әртүрлі кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ бейнелерін де қойыңыз. Оқушылардың бос уақыттарында кейіпкерлерді суреттеп жазып, бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндіктері болуы керек.
|
|
|
«Сауат ашу» пәні.1-сынып
|
7-бөлім: Тағам және сусын
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
7-бөлім І-ІІІ тоқсанда дамытылған дағдылар мен білімге негізделеді. Оқушылар жазу нұсқаулары мен қарапайым әңгімелермен (мәтін) таныс. Сөйлем түрлерін жаза алады.
|
Мәнмәтін
|
Бұл бөлімде оқушылар жеміс-жидектерді қалай өсіру керектігі, басқа да өсімдік тектес тағамдардың дайындалуы туралы танып біледі. Бөлім «Жаратылыстану» пәнімен байланыста. Аталмыш тақырыпты игеру барысында дыбыстарды үнемі қайталайды. Мұғалім тақырыпқа сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтар іріктеп алып, оқушылармен түрлі шығармашылық жұмыстарға тартады.
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлімде «Әліппеден кейінгі кезең» жалғасады. Оқушылардың бейкөркем мәтін жазу дағдылары «Мектеп асханасы» тақырыбындағы жазылым арқылы дамытылады. Мектеп асханасына оқушыларды апарып таныстыру қалаулары бойынша ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстардан кейін оқушылардың сөздік қоры, жазу дағдысы, байланыстырып сөйлеу, әңгімелеу қабілеті арта түседі.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)
|
Оқыту ресурстары
|
|
|
Орфография, грамматика, пунктуация бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін ұсынылған оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз:
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8 Қатені табу және түзету
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
|
Жіктеу есімдіктерін ауызекі және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолданады
Тәуелдік жалғауларын ауызекі және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолданады.
Өз cезімін баяндауда іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолданады.
Мағыналары жақын және қарама-қарсы сөздердің сөздігін жасауға болады. Оқушылардың сөздерді дұрыс жазуын қадағалаңыз.
4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз.
|
|
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
|
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
|
Біздің кафеде
(Ұ) Оқушыларға рольдік ойын ойналатын жерді көрсетіңіз. Заттарды қалай қолдану керектігін түсіндіріңіз. Оқушыларға тамаққа қалай тапсырыс беріп, қалай қабылдау керектігін көрсетіңіз.
Дастархан басында өзін қалай ұстау керектігі мен ас ішетін құрал-саймандарды қолдану ережелерін қайталатыңыз.
(Т) Қарапайым тағам әзірлеу үшін оқушылар рецепке қарайды, қандай ыдыстардың қажет екендігін шешеді. Ингредиенттерді өлшеп салып, рецепт бойынша тағам әзірлейді.
(Т) Топтағы оқушылардың орнын араластырыңыз. Әрқайсысы не жасағандарын, тағамды қалай әзірлегенін, дәмі қандай екенін түсіндіреді.
|
Сынып ішінде кафе секілді бұрыш жасаңыз. Орындық пен үстел қойыңыз, үстіне дастарқан жайыңыз. Тапсырыс қабылдайтын парақтар, ас мәзірі, тағамдар мен ақша, чек, дайындаңыз (муляж немесе шынайы тағамдар). Оқушыларға кафе ойынын жиі ойнауға рұқсат беріңіз. Мұғалім оқушылар арасында көбірек жүріп, даяшы мен қонақ арасындағы қарым-қатынас үлгісін көрсетеді. Ол оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйретеді.
Оқушыларды оқылым дағдысына қарай топтарға біріктіріңіз. Оқылым және түсіну деңгейлеріне қарай рецептер беріңіз. Әр топта оқушылар саны тең болғаны жөн. Оқушылар қарапайым тағамдар дайындайды. Мысалы: жеміс салаты, көкөніс салаты, жент т.б.
Пышақ т.б. өткір құралдар қолданатын топтарға қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін үлкендердің (көмекші мұғалім, жоғары сынып оқушылары т.б.) көмегі қажет.
Оқушыларды қайта топтаңыз. Әр топта бұрынғы топтан бір-бір оқушыдан болғаны дұрыс. Олар әзірлеген тағамдарын өзгелерге түсіндіруі керек. «Бірінші....», «Сосын...», «Содан кейін...» т.б. тіркестерді қолданулары керек.
Мұғалім оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларға сәйкес мәтіндер, өлеңдер оқып беріп, оны қайталауға ықпал жасаулары керек.
|
«Қазақ дастарханы» М.Шаханов - бейне клип
«Дастархан» youtube
|
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
|
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
|
Мектеп асханасы
|
|
|
(Ұ) Асханаға (Кафе /мейрамхана) бармас бұрын оқушыларға қайда баратыны, кіммен кездесетіні, т.б туралы мәлімет беріңіз. Сапар барысында туындайтын сұрақтар туралы ойландырыңыз. Әр оқушыға жеке немесе жұпта сұрақ беріңіз
(Ө) Асханаға барған кезде әр оқушының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беріңіз. Өздерін қызығушылығын оятатын қосымша сұрақтар қоюға, жазуға (сурет салуға) оқушыларды ынталандырыңыз.
(Ұ) Сыныпқа келген соң сыныптағы кафе бұрышына қандай өзгеріс енгізу керектігін сұраңыз. Оны безендіру үшін оқушыларға тапсырма беріңіз (суреттер, белгілер).
|
Жергілікті мектеп асханасына барыңыз. Алдын ала асхана иесімен немесе бас аспазымен келісіңіз. Тамақ ішетін жер мен даярланатын орындарды оқушыларға көрсетіңіз. Асхана қызметкері оқушылардың сұрақтарына жауап беруге дайын болуы керек.
Оқушылармен сұрақтар дайындаңыз. Кей сұрақтар жұптарға да берілуі мүмкін. Жауаптарын жазып алыңыз.
Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз: Асхана жұмысы туралы не білдік? Біз ол жерде тұтынушы мен асхана қызметкерлері үшін қандай пайдалы нәрселер көрдік? Біздің сыныптағы кафемізге не қосуымыз керек? Оқушыларға көргендерін сызу, жазу үшін түрлі түсті қағаздар, қаламдар беріңіз.
|
|
3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу
|
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
|
Рецепт жазу
|
|
|
(Ұ) Оқушылар тағам дайындау барысында қолданған рецептерді тағы бір қарап шығыңыз. Өткен бөлімге сүйене отырып, рецептердің ерекшеліктерін анықтаңыз
(Т) Оқушылар өз рецептерін жасайды. Оларға кафеде пісірілетін тағам дайындау үшін ингредиенттер тізімін беріңіз. Олар дайындалу ретін жазумен қатар суретке түсіреді.
(МК) Қарапайым рецепт жазу үшін жазылған ескертулер мен түсірілген суреттерді негізге ала отырып, «Бірлесіп жазу» әдісімен қарапайым рецепт жазыңыз.
(Ө,ф) Оқушылар тағамдарының суреттерін қолданып, қарапайым рецепт жазады.
(Т) «Бағытталған жазу» әдісін қолдана отырып, оқушылардың тиісті шақты қолдануын қадағалаңыз. Әр нұсқауды реттік санмен белгілеуін қадағалаңыз.
(Т) Оқушылар өз рецептерін басқаларға дауыстап оқиды. Қалғандары сол бойынша тағам әзірлейді. Тағам дұрыс әзірленді ме? Тексеріңіз.
Оқу жетістіктерін бағалау:
нұсқау жазудың ерекшеліктерін еске түсіріңіз. Сөздерді орынды дұрыс қолдануын, нұсқаудың түсініктілігін;
тыңдаушыларға пайдалы әрі қызықты сөйлемдер құрастырып жазуын.
|
Оқушыларға дайын тағамдардың рецептерін, дайындау ретін, қажетті құралдардың суреттерімен бірге көрсетіңіз. Оқушылар дайын тағамның жасалу жолын толығымен көре алуы керек.
Қабілеттері әртүрлі оқушыларды топтастырыңыз. Ішінде бір оқушы тағамның дайындалу ретін жазып отырады. Оқушылар жеміс немесе көкөніс салаты, женттің, бутербродтың өзіндік үлгілерін дайындайды. (Тағамның құрамын өздері таңдайды). Пышақ т.б. өткір құралдар қолданатын топтарға қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін үлкендердің көмегі қажет.
2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісін қараңыз. Оқушыларға нұсқауды жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап айтуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Сөйлемнің дұрыс құрылуына, тиісті рай (терминсіз) қолданылуына көңіл бөліңіз.
Қажетті құрал-жабдықтар мен құрамына қажетті азық-түлік (ингредиент) тізімінен бастап жазыңыз.
1-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз.
|
«Қазақстан» ТРК. «Ас мәзірі» бағдарламасы.
Дастархан» youtub
|
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3 Жоспар құру
3.3 Жоспар құру
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
|
1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
|
Әңгіме оқу
|
|
|
(МК) Кейіпкері жеміс-жидек немесе көкөніс болып табылатын ертегі оқыңыз. Алдымен, кітаптың мұқабасын көрсетіңіз. Оқушылардың ойын сұраңыз. Оқушылардан кітаптың көркем немесе бейкөркем екендігін айтуларын сұраңыз. Шығарманың атын айтыңыз. Оқушылар шығарманың атына қарап, шығарма не туралы екенін болжайды. Шығарманы оқыңыз.
Оқушыларға әңгімелер қызық болу үшін оқу дағдыларын дұрыс қолданып көрсетіңіз. Сөйлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасайды.
(Ұ) Мәтінді бірнеше сабақ бойы оқыңыз. Әр оқу барысында әр түрлі элементтерге назар аударыңыз. Мысалы, оқиға желісі, кейіпкер т.б. Әрбір қайта оқыған сайын оқушылар шығармамен жете танысады.
(Ұ) Негізгі оқиғаларды жазып, оқиға желісін жасаңыз.
(Т, ф) Әңгімені топтарда көрініс ретінде қойыңыз.
Оқу жетістіктерін бағалау:
шығарманың негізгі желісін ;
әңгімені баяндауға тиісті тілді, сөз бен сөзді байланыстырушы элементтерді (мысалы: алдымен, содан соң, кенет, алайда, соңында т.б. сөздерді) қолданғанын бағалаңыз.
|
Мұғалімдер оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларға сәйкес мәтіндер, ертегілер немесе өлеңдер оқып беріп, оны қайталауға ықпал жасаулары керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын, сюжетті суреті бар жеңіл тілді кітап таңдаңыз. Атауы және мұқабасы кітап туралы мағлұмат беретіндей болуы керек (бас кейіпкері аң болуы да мүмкін).
Фонетикалық білімдерін қайталату.
Шығарманы оқыған соң:
оқиғаның өткен орнын, кейіпкерлері кімдер екенін, қандай оқиға болатынын, «кейіпкер, оқиға, өткен орны» сияқты сөздерді қолдана отырып анықтаңыз.
кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын талқылаңыз. Оларды қалай сипаттайсыздар? Мысалы: еңбекқор, мейірімді, жалқау, жақсы дос, өзімшіл т.б.
оқушылар оқиға орны туралы детальдарға мән беруі керек. Сипаттама беретін сөздер мен тіркестерді қайта оқулары керек. Оқиға орны бұрын өздері көрген қандай да бір жерге ұқсай ма?
Оқиғаның желісін сызбаға түсіріңіз. Ол оқушыларға анық және түсінікті болуы керек. Әрбір басты оқиғаны суретпен
(шартты белгі) белгілеңіз.
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр оқушыға кейіпкерлердің рөлін беріңіз. Олар қуыршақ қолданып ойнап көрсетеді. Әңгіме сызбасына қарап оқиға желісін еске түсірулері керек. Оқушылар сомдаған кейіпкерлерін сөйлеу мәнері, қозғалысына дейін салулары керек. Оқушылар топтардың жұмысын аралап жүріп бағалайды.
|
«Шалқан», «Бауырсақ».
|
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
|
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
|
Әңгімені мазмұндау
|
|
|
(Б) Сызбада көрсетілген оқиға желісін пайдаланып, әңгіменің негізгі оқиғаларын мазмұндаңыз. Оқушылар өздері жақсы білетін бөлімдеріне қосыла алады.
Әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетіңіз. Ол оқушыларға әңгіменің мазмұнын, желісін, тілін («Мен атамнан қаштым, мен апамнан қаштым ...» сияқты қайталама сөйлемдер) есте сақтауға көмектеседі.
Оқушылар толық есіне түсіргенше бірнеше рет қайталаңыз.
|
Әңгімені баяндау барысында ым- ишара тілін қолданыңыз. Мысалы, ерте ерте ертеде.., Бір күні таңертең..., Сосын..., Кейін..., Бірақ..., Ақыр аяғында... т.б. Сөздерге сәйкес қимыл жасаңыз. Іс-қимыл тізімін жасаңыз. Мысалы,
Ерте ерте, ертеде.. – қолдарын кітап секілді ашады.
Бір күні таңертең – бір қолын бас жағына қойып, ұйқыдан тұрғанын көрсетеді.
Бірінші - бір саусағын көрсетеді.
Соңында - кітаптарды жапқандай әрекетті қолдарымен көрсетеді.
|
|
3.4 Оқыған/тыңдаған
материалдардың мазмұнын жазу
3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
|
1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
|
Әңгіме жазу
|
|
|
(МК) «Бірлесіп жазу» әдісін қолданып танымал шығарманың қысқаша нұсқасын оқиға желісіне негіздей отырып, әр бөлімге 2 сөйлемнен жазып көрсетіңіз.
Әңгіме тілінде жазып үйренгенше, алғашқы нұсқаларын шимай параққа орындап, кейін түзетулер енгізуді үйретіңіз.
(Ө, Қ) Оқиға желісін әңгіменің жоспары ретінде қолданып, оқушылар тізбек түрінде бірнеше сөйлем жазады. Бірнеше сабақтан кейін аяқтау керек.
(Т) Оқушыларға тиісті сөздерді, дыбыстарды қолдануды үйрету үшін «Бағытталған жазу» нұсқаулығын пайдаланыңыз.
Жазылым дағдылары жоғарылау оқушыларға кейіпкерді суреттеуге (көбірек сын есім қолдана отырып ) көлемді сөйлемдер жаздырыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау:
оқиғаның мазмұнын жазу үшін негізгі оқиғалар туралы кем дегенде үш сөйлем жазуын;
әңгіме тілінің кейбір үлгілерін қолдануын;
кейбір сөздердің орнына баламасын немесе басқа сөздерді қолдануын.
жазу емлесін сақтау.
|
2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Жазу дағдыларына байланысты қазіргі және алдыңғы сабақтардағы жазылымға қатысты алған білімдерін қайталай отырып, үлгідегі жазбаға назар аудартыңыз.
Оқушыларға жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап айтуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Ауызша мазмұндауда әңгіме тілін қолданыңыз.
Жазып болған соң әңгіменің тілі мен қызығушылық тудыратын сөздерді тауып, тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Жазу емлесі бойынша жұмыстар жүргізіңіз.
1-бөлімдегі «Бағытталған жазуды» әдісін қараңыз.
Сыныпта «Жазу бұрышы» бөлімін жасаңыз. Әртүрлі қағаз, қаламдар қойыңыз. Түрлі кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ суреттерін де қойыңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кейіпкерлерді суреттеп жазып, бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндігін беріңіз.
|
|
«Сауат ашу» пәні. 1-сынып
|
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
8-бөлім І-ІІІ тоқсанда алған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар қалай әңгімелеу керектігін, әңгімелеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін қолдану керектігін, сол сияқты қарапайым бейкөркем мәтіндермен жұмыс істеу тәсілдерін біледі.
|
Мәнмәтін
|
Бұл бөлімде оқушылар «Денсаулықты күту» тақырыбында оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіреді. Бөлім ғылыми пәндермен тікелей байланысты. Сонымен қатар, аталған бөлімде өткен тараулардағы дыбыстар жүйелі түрде қайталанады. Мұғалім оқушылардың білім деңгейіне сәйкес әңгімелерді, өлеңдерді, ертегілерді өз бетінше оқуына, жазуына, мазмұндауына, пікір айтуына көңіл бөледі.
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлімде «Әліппеден кейінгі кезең» жалғасады. Бөлім оқушылардың әңігімелеп айтуын және сәйкесінше олардың байланыстырып сөйлеуді қолдана білуін, жаңа әңгіме құрастыра алуын қамтамасыз етеді. Оқушылар «Денсаулықты сақтау» тақырыбында сұрақтар қоя алады және аталған тақырып көлемінде алған білімдерін пайдаланып, бейкөркем мәтін құрап жаза алады.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша)
|
Оқыту ресурстары
|
|
|
Сабақта оқушылардың қажеттілігіне орай және орфография, грамматика, пунктуация бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін ұсынылған оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз:
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8 Қатені табу және түзету
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
|
4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз.
|
http://www.balakai.kz/publ/ma_al_m_telder/densauly_as_d_m_sergektik_tazalyk_turaly/12-1-0-535
|
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
|
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу
|
Денсаулықты күтуді үйрену
|
Бұл бөлімде мұғалімнің жетекшілігімен тақырыпқа сай әңгімелер, өлеңдер, ертегілер айтылады. Оқушыларға мұғаліммен бірге қосылып жоғарыда аталған әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындатыңыз.
|
Денсаулық туралы мультфильм
http://vzlet12345.ru
Денсаулық туралы мультфильм
http://www.youtube.com/watch?v=AicsNk5zHgo
|
(Ұ) Оқушыларға денсаулықты қалай сақтау керектігін үйренетіндерін айтыңыз. Оқушылардан тақырып бойынша не білетінін сұраңыз.
(Т) Денсаулықты қалай күту керектігі туралы оқушылардың бұрыннан бар білімдерін ортаға салдырып, талқылатыңыз. Толғандыратын сұрақтарымен бөлісіп, бір-біріне сұрақ қоюға жұмылдырыңыз.
(Ұ) Оқушылардың топта талқылағандарын үлкен ақ бетке ББҮ кестесіне жаздыртыңыз. Аталған фактілер мен сұрақтарды бірлесіп топтастырыңыз. Мысалы, былай деңіз: «Сіздер денсаулықты күтуге арналған көптеген жайттарды айттыңыздар, енді осыларды бірлесіп топтастырсақ қайтеді».
(Ұ) Қойылған сұрақтарға жауап табылатындай мәтін түрлерін таңдап, оқушылардың сұрақтарына жауап табу жолдарын көрсетіңіз.
(МК) Мәтіннің негізгі бөлігінің сұраққа жауап болатындығын қалай анықтағандарын айтыңыз.
(Ж) Кеспе әріптерді немесе магнитті тақтаны қолданып, сөздер мен әріптерді қалай сәйкестендіру, дәлелдемелерін қалай анықтау керектігін түсіндіріңіз. Тірек сөздерді табу үшін «Кім тез табады?» ойынын ұйымдастырыңыз.
(Ұ) Денсаулықты күтуге арналған оқушы бағдарламасын қараңыз. Ұсынылған бағдарламаға қатысты екі немесе үш сұрақ қойыңыз. Оқушыларға бағдарламаны көрсетіңіз. Содан соң алдында берілген сұраққа оқушылардың жауап бергенін не бермегенін сұраңыз. Мәлімет алуда бағдарлама қаншалықты пайдалы болғандығы туралы оқушылардан сұраңыз.
(Т,Қ) Беттің мазмұнынан оқушылар қажетті мәліметті тауып жаттығуы үшін деңгейлеріне сәйкес бейкөркем мәтінді қолданыңыз, оқылымды орындау талаптарының ретімен жұмыс істеңіз:
кітапқа кіріспе
тексеру стратегиясы
өздігінен оқу
мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.
Оқу жетістіктерін бағалау:
Оқушының мәтіндегі мәліметті тиімді анықтай алуы бағаланады.
|
Денсаулықты күтуге қатысты шағын кітапшалар қорын жасаңыз. Кітаптарды оқуға арналған «Оқу бұрышын» жабдықтаңыз. Оқушылардың бос уақыттарында кітаптарды алып оқуына жағдай жасаңыз.
Оқушылардың есіне бейкөркем кітаптарды оқудың қандай пайдасы барлығын түсіріңіз. Бейкөркем кітаптардың қандай түрлері болатынын сұраңыз.
Оқушыларға берілген сұраққа жауапты қандай кітаптан табуға болатындығын сұраңыз. Жауапты тез табу үшін кітаптың тақырыбы, оның ішкі тақырыпшаларын пайдалану керектігін айтыңыз, ол үшін тірек сөздер мен тіркестерді, тақырыпшаларды сұрақпен сәйкестендіруін сұраңыз.
Топтастыруда қандай жаңа мәліметтерді қоса аласыз?
Оқушыларға алдыңғы сабақтарда өткен дыбыстарды қайталатыңыз, берік меңгертіңіз.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларды оқылым қабілеті мен фонетикалық білімдеріне қарай қайта топтастырыңыз, оқылым тапсырмасының ретіне орай қайталатыңыз. Үлгерімі төмен оқушыға деңгейіне сай келетін кітап бергеніңіз дұрыс.
Жоғарыда топтастырылған тақырыптардың ішіндегі «Ү» бағанын толықтырыңыз.
2-бөлімдегі оқылым нұсқаулығымен танысыңыз.
Әрбір әліпби әріптерінің тұсына жауап табуды жаттықтыра беріңіз.
Алфавиттік индекстерді мәліметтермен сәйкестендіре отырып, сұраққа тез жауап алуды жалғастыра беріңіз.
|
Жұмбақтар
http://www.balakai.kz/publ/zh_mba_tar/adam_zh_ne_ony_dene_m_sheleri_zhajly_zh_mba_tar/10-1-0-741
|
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау
3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну
|
1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
|
Мәтін құрастыру
|
|
|
(Ұ) Оқушыларға өтілген бейкөркем мәтіндерін қайта оқытыңыз, олардан қандай білім алғандарын сұраңыз. Сол бейкөркем мәтіннің қарапайым ерекшеліктерін айтқызыңыз
(МК) Денсаулықты күту туралы жазылымды «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы жазып үйретіңіз. Мәтіннің кіріспе бөліміне назар аудартыңыз, мәтінге ат қойғызыңыз. Топтастыруда жазған мәліметтерін жазылымдарына кірістіруді үйретіңіз және оларды диаграммаларға, кестелерге сала білу элементтерін көрсетіңіз. Мәтінді суреттермен, диаграммалар, символдар, белгілер, сызбалармен безендіруге болатынын ойластырыңыз. Алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, бекіту мақсатымен осындай жазба жұмысының түрлерін бірнеше сабақ бойы орындатыңыз.
(Ө,Қ) Кестедегі фактілерге сүйеніп, сөйлем құрап жаздырыңыз.
(Т) Тақырып пен мәтіннің тақырыбына қатысты дұрыс таңдау жасауларына көмектесу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін) қолданыңыз.
Оқу жетістіктерін бағалау:
тыңдармандар мен оқырмандарға түсінікті сөйлемдер құрастыруын;
оқиғалардың, фактілерді бірізділігін сақтауын.
|
Бейкөркем кітаптардағы суреттер мен диаграммалардың, тақырыптардың ерекшеліктеріне назар аудартыңыз. Кітаптың мазмұнында схемалық үлгілердің, шаблондық құрылымдардың берілуінен оқушыға нақты мысалдар беріңіз.
2-бөлімдегі жазылым нұсқаулығымен танысыңыз.
Мәтінге ат қою үлгісін көрсетіңіз. Мысалы: бұл бетте пайдалы тағам өнімдері туралы мәлімет берілген. Сондықтан «Пайдалы тағамдар» деп ат қоямын.
Оқушыларға жазылымды орындамас бұрын сөйлемдерді толықтай оқып, мағынасы дұрыстығына көз жеткізу керектігін ескертіңіз.
Бағытталған жазуды 1-бөлімнен қараңыз.
|
http://balalaralemi.kz/
|
1.4 Оқиғаны болжау
1.6 Тыңдаушының назарын аудару
3.3 Жоспар құру
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
|
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану
1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
|
Спорт туралы әңгімені оқу
|
|
|
(МК) Жолында кездескен барлық қиыншылықтарға қарамастан кейіпкердің жетістікке қол жеткізгендігі туралы әңгіме оқып беріңіз. Алдымен сыныпқа кітаптың сыртқы мұқабасын көрсетіңіз. Олардан кітаптың көркем немесе бейкөркем екендігін анықтауын сұраңыз. Кітап не туралы болуы мүмкін? Кітап мұқабасындағы жазуды оқып, кітаптың не туралы екендігінен білуге бола ма? Мәліметті қандай тірек сөздерден аламыз? деген сұрақтар арқылы жетелеңіз. Әңгімені оқыңыз. Оқылым дағдысын қалай қолдану керектігін оқушыларға көрсетіңіз және өздігінен қолдануға жұмылдырыңыз. Мәтін ішінен жаңа сөздері алынып тасталған тапсырма беріңіз. Оқушылардың сөйлемдерді соңына дейін оқып, қажет сөздерді болжап табуына күш салыңыз.
Әңгімені бірнеше сабақ бойында оқыңыз. Оның түрлі сюжеттерін оқушылардың түсінетіндей және есінде қалатындай етіп талқылаңыз.
(Ұ) Негізгі оқиғаларды суреттейтін әңгімелеу картасын жасатыңыз.
(Ұ) Әңгіме кейіпкерлерінің әр оқиғаға қатысты сезімдері туралы талқылаңыз. Олар неліктен мұндай күйге түсті? Не өзгерді?
|
Аңдардың кітап атауында кездесуінен оның көркем мәтін екенін ұғынуға болады. Оқиға қай жерде болғанын, қандай кейіпкерлер барын анықтаңыз. Оқушыларға «оқиға», «кейіпкер», «оқиға орны» деген сөздерді үйретіңіз. Әңгімеде кейіпкерлер өздерін қалай ұстағандарын талқылатыңыз. Оларға мінездеме бергізіңіз. Мәтіндегі оқиға орнын сипаттауға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып берулерін сұраңыз. Сипатталған орыннан оқушылардың есіне не түскендіктерін сұраңыз.
Оқушыларға көрнекі түрде түсінікті болуы үшін негізгі оқиғалар желісін қамти алатын қарапайым сызба жасаңыз. Әрбір негізгі оқиға тұсына суреттер жапсырыңыз.
Үлкендеу ақ қағазға 0-10 аралығында баған (шкала) сызыңыз. Екі жағына эмоцияны білдіретін мағынасы бір-біріне қарама қарсы сөздерді жазыңыз. Жалпы сыныпқа сұрақтар қойыңыз. Ол бақытты ма? Неге? Оқиғаның ең шешуші тұсы қай жер? Негізгі кейіпкерлердің эмоциясын санмен белгілеңіз.
|
|
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
|
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
|
Әңгімелеу
|
|
|
(Ұ) Оқиғаның негізгі кезеңдерін еске түсіру үшін әңгімелеу картасын пайдаланып, айтып беріңіз. Оқушылардан әңгімені нақты баяндауы үшін өзіне таныс, түсінікті тұстарын айтуды сұраңыз.
Оқушылар әңгімені толықтай меңгергенше сынып болып қайталай беруді жалғастыра беріңіз.
|
Әңгімені айтып беру барысында баяндауға қажетті тірек сөздерді және байланыстырушы сөздерді қолданыңыз. «Бұрынғы өткен заманда...», «содан соң», «сол уақытта..», «кенеттен..», «сөйтіп..», «ақырында...», «бақытына қарай...» т.б.
Әңгімені баяндауда ассоциация тудыратын қимылдарды пайдаланыңыз.
«Ертеде» сөзін айтқанда қолыңызбен кітап ашып жатқандай қимыл жасаңыз, «таңертең» сөзіне ұйқыдан тұрып жатқандай керіліңіз, «Бірінші» дегенді сұқ саусақпен көрсетіңіз , «кенеттен» сөзіне қатысты қолыңызды екі жаққа жайып таңқалғандығыңызды білдіріңіз, «ең соңында» деп айтқанда кітапты жауып жатқан әрекетті істеңіз.
Сыныпта әңгімені қолға жұмсақ қуыршақты киіп алып, әңгімелеп беріңіз. Оқушылардың да қолдарына қуыршақты киіп алып, бір-біріне айтып беруіне рұқсат етіңіз.
|
|
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру
|
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
|
Спорт туралы әңгіме жазу
|
|
|
(МК) Әңгіменің негізгі тұстарын баяндауда оның кілт тұсы болатындай бір-екі сөйлемді оқушыларға біріге отырып жаздырыңыз. Ол үшін әңгімені баяндауға әңгіме сызбасын қолданыңыз. Оқиға сызбасындағы негізгі тұстардың барлығында (қолданыс тапқан) бір-екі сөйлемнен болмайынша оны сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыра беріңіз. Өткен сабақта алынған білім мен ақпаратты бағалай отырып, бірлесіп жазуды бірнеше сабаққа жоспарлаңыз.
(Ө,Қ) Әңгіме сызбасын сүйенетін жоспар ретінде пайдаланыңыз. Оқушылар оқиға желісін ретімен баяндау үшін бірнеше сөйлемдер жазады.
(Т) Оқушылардың дыбыстарды дұрыс таңдап жазуы үшін көмектесіп, «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз.
Қабілеті жоғары оқушыларға кейіпкерді, оқиға орнын сипаттатыңыз.
Оқу жетістіктерін бағалау:
оқиға ішіндегі негізгі оқиғаларды баяндап беруде кемінде үш сөйлем жаза алуын;
мәтінді баяндауға қатысты тілді қолдануын;
өз мәтініндегі сөздер мен сөз тіркестерін түзетуді үйренуін.
|
«Бірлесіп жазуға» нұсқау болатын 1- бөлімді қараңыз.
Өткен сабақтардағы жазылымды еске түсіріп, нұсқау бойынша жазылымды орындаңыз. Әр сөйлем мағынасының толық әрі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Жазбас бұрын сөйлемдерді бірнеше рет оқыңыз. Әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Әңгімені жазбас бұрын оқушыларға алдымен ауызша айтқызып алыңыз. Жазғандарын қайта оқып шығуларын өтініңіз және онда жазған жұмыстарында әңгімеден алынған қызықты сөйлемдер болу керектігін ескертіңіз. «Орфографиялық сәт» жүргізіңіз, қажет болған жағдайда оқушылар орфографиялық сөздікті қолдана алады.
«Бірлесіп жазу» нұсқауын 1- бөлімнен қараңыз.
Сыныпта «Жазу бұрышын» ұйымдастырыңыз. Әртүрлі қағаз, қалам, кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ бейнелерін де қойыңыз. Оқушылардың сол орындарға отырып жеке жазылымын орындауын сұраңыз. Бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндіктерін туғызыңыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |