Ерікті сақтандыру –тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі Өмірді сақтандыру және Жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру салысы ерікті сақтандыру нысанына мыналарды қамтиды:жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; иян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |