Сақтандырудың нысандарын қарастыра келсек, ол төмендегідей болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті,
сақтандыру обьектісі бойынша - жеке және мүліктік,
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңды актлер талаптарына орай жүзеге асыратын сақтандыру. Ол сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актлермен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |