«Сарыарќа» ґѕіраралыќ



жүктеу 58,08 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі58,08 Kb.
#13646
түріКонкурс




Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, 010000, Астана қаласы, М. Әуезов көшесі, 14 үй, № 7 бөлме (2 қабат), анықтамалар үшін телефон 8(7172) 32-44-83, 8(7172) 32-73-23 электронды мекенжайы: k.kambarbekov@minfin.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1 бір).

Функционалдық міндеттері: Департамент қызметінің құқықтық жұмыстарын қамтамасыз ету; қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын, департаменттің құқықтық актілерін қолдану тәжірибесін жинақтау және тұрақты талдау жасау. Құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау және Департамент қызметінің тиімділігін бағалау құжаттарын дайындау; талап қою жұмысы, мемлекеттің мүддесін және оның мүліктік құқықтарын қорғау, тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру мен жүргізу. Департаменттің теңгеріміндегі ғимараттарды және көлік құралдарын пайдалану мен күтіп ұстауды жүзеге асырады. Департаментте кадрлық жұмысын және кадрлық іс қағазын жүргізу, жұмыскерлердің жеке құжаттарын және іс қағаздарын жүргізу, «е-Минфин» ИААЖ «Кадрларды басқару» ішкі жүйесі жұмысын жүргізу. Бос әкімшілік мемлекеттік қызметкер лауазымына конкурстық таңдау бойынша, тәртіптік, эксперттік комиссиясына, еңбек өтілін есептеу бойынша комиссиясы қарастыруға жататын қажетті құжаттар дайындау, мелекеттік мұрағатқа уақытында құжаттар дайындап өткізуді қамтамасыз ету. ЕУОЛ бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін автоматтардырылған есебін жүргізу, ұйымдастыру-кадрлық жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша қызметкердің есеп-қисабын жүргізу, жұмыс күндеріне есеп табелін жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) техникалық ғылымдар және технологиялар салаларындағы жоғарғы білім.
2. Астана қаласы мемлекеттік Жекелеген негіздер бойынша келіп түскен мүлікпен жұмыс ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1 бір).

Функционалдық міндеттері: Республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiкті (бұдан әрі - Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысына қатысу: Мүлікті есепке алу жұмысына қатысу; Мүлікті сақтау жұмысын ұйымдастыруына қатысу; Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшін бағалау жұмыстарын ұйымдастыруына қатысу; Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын және төмен бағамен сатылмаған Мүлікті жою жұмысына қатысу; Мүлікті комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы, қор биржасындағы сауда-саттықта, аукциондарда өткізу жұмысына қатысу; Республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды «Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына тапсыруды жұмысына қатысу; Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдау шараларына қатысу. Мемлекеттік мүлікті, мақсатына сай және тиімді пайдалану туралы сұрақтармен тексеріске қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) техникалық ғылымдар және технологиялар салаларындағы жоғарғы білім.
3. Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1 бір), уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 2016 ж. 12 қарашаға дейін).

Функционалдық міндеттері: «ГосРеестр» арнайы бағдарламалық кешенімен жұмыс жүргізу. Мүліктік жалға беру шарттарын жасасу үшін құжаттардың пакетін дайындау. Мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік заңды тұлғалардың бір теңгерімнен басқа теңгерімге беру жұмысын жүргізу. Жалға беру шарттары бойынша міндеттердің толық және уақытылы орындалуын бақылау, бюджетке түсетін жалдық ақының есебін және талап жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік мүлікті, мақсатына сай және тиімді пайдалану туралы сұрақтармен тексеріске қатысу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика), құқық салаларындағы жоғарғы білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 1) уәкілетті органның белгіленген үлгідегі өтініш, 2) уәкілетті органның белгіленген үлгідегі 3х4 мөлшердегі фотосуретпен толтырылған анкета; 3) нотариалдық куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмесі, 4) нотариалдық куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау басқармасы министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқытық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 тіркелген) үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама, 6) Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін растайтын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі); 8) мемлекет қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалау қорытындысы, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру уақытында әрекет етуі (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) құжаттар конкурсты өткізу туралы соңғы жариялым күннен бастап он жұмыс күн ішінде ұсынылу қажет.

Конкурстық комиссиямен қарауына тезтікпеде салынған құжаттар қоса ұсынылатын құжаттардың тізімін көрсетумен, азаматтардың қолма-қол берілген, пошта арқылы немесе хабарламада көрсетілген электрондық поштаға электрондық үлгісін немесе «Е-gov» Электрондық Үкіметінің порталы арқылы жіберілген түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде (олардың түпнұсқалары әңгімелесудің басталғанына дейін бір сағат бұрын ұсынылуы керек) қабылданады.

Білімі туралы құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың,құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың; мемлекет қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өтудің қолданыстағы қорытындысының көшірмелері персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) түпнұсқалармен салыстырады.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберілгені туралы үміткерлердің хабарлағаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментте өтеді. Аталған лауазымдарды алған көтерме шығындар төленбейді, баспана және жеңілдіктер берілмейді.



Конкурстық комиссияның айқындығын және жұмыстың объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша конкурстық комиссияның отырысына эксперттер шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейлегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкімет емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органнның қызметкерлері қатыса алады. Эксперттер ретінде конкурсты жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның бағытындағы тиісті функционалдық бағыттардың саласында жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде ғылыми салада, сондай-ақ персоналды іріктеу және жылжыту бойынша мамандардың, басқа мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары бола алады.

Конкурстық қатысушылары және кандидаттары уәкілетті органға немесе оның аумақтық құрылымына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдануға болады.
жүктеу 58,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау