«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 145-беті
2)
білім алушы өтініші тиісті адамдармен (факультет деканы, оқу және оқу-
әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор) келісіледі және университет
ректорының қарауына беріледі-45 минут;
3)
университет ректорының ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісімі-30
минут;
4)
университеттің студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынған құжаттар
топтамасын қабылдайды және тіркейді-15 минут;
5)
ЖОО студенттерге қызмет көрсету орталығы құжаттар топтамасын
университеттің тіркеу офисіне қарастыруға жолдайды-45 минут;
6)
тіркеу офисі ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер
айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу
курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта
есептейді және білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
7)
факультет деканы, тіркеу-офисі,
оқу-әдістемелік басқарма, оқу және оқу-
әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, университет ректоры қол қойған
бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады-1 сағат
30 минут;
19.1.7 Білім алушыларды «Сырдария» университетіне басқа жоғары оқу
орнына (ЖОО), басқа ЖОО-нан «Сырдарияға», университет ішіндегі бір білім беру
бағдарламасынан екіншісіне ауысуға құқы бар.
19.1.8 Ауысудың және қайта қабылдаудың негізгі шарттары: ЖОО-ның білім
алушылары жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші
академиялық кезеңін толық аяқтаған болуы қажет. Осы жағдайда ғана олар оқудан
шығарылғаннан кейін мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына, кез келген
білім беру бағдарламасына және кез келген жоғары оқу орнына жазғы және қысқы
демалыс кезінде ауыса немесе қайта қабылдана алады.
19.1.9 Білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін
қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезінде
кезекті академиялық кезең басталғанға дейін қарастырады.
19.1.10
Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде жеткізілген оқу нәтижелері, білім
алушының оң бағалары академиялық кредиттері бір ББ-дан басқасына, бір білім
беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауыстыру арқылы танылады. Олардың
өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің
академиялық айырмашылығы айқындалады.
Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай
оқу курсы меңгерген пәндерді ескере отырып анықталады.
Білім алушыны сол курсқа ауыстыру немесе
оқуға қайта қабылдау оқу
жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін 30 кредиттен, магистратура үшін 25
кредиттен аспаса жүзеге асырылады.
Білім алу кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында
әскери міндетін өтеуге шақырылған білім алушылар тиісті оқу курсына қайта
қабылданады.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 146-беті
19.1.11 Білім беру бағдарламалары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты
жою үшін білім алушы тіркеу офисінің ұйымдастыруымен академиялық кезең
ішіндегі сабақ кестесіне сәйкес пәндерге тіркеліп, оқу сабақтарының барлық түріне
қатысып, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады және қорытынды
бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады. Пән айырмашылығы бойынша білім
алушылар пәнге тіркелген кезде олардың санына байланысты академиялық топ
құрылып жеке кесте бойынша сабақ жұргізіледі.
Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңінің оқу
сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге
жазылады.
Жазғы семестрде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық
айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.
19.1.12 Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне,
бір оқыту
нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.
19.1.13 Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23
қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім
беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім беру
гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.
19.1.14 Университетке білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан
ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде мынадай құжаттарды ұсынады:
1)
меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама
немесе транскрипт);
2)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10
қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген, Білім туралы құжаттарды тану және
нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны
туралы құжат;
19.1.15 Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан
шығарылған ақылы негізде
оқитын білім алушы қарызын өтеген жағдайда, оқудан шығарылған күннен бастап
төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдана алады.
19.1.16 Білім беру гранттын жалпы конкурс бойынша ұтып алған басқа ЖОО-
ның білім алушысы білім беру грантын сақтай отырып университетке ауысып келе
алады.
«Сырдария» университетіне бөлінетін квота шегінде педагогикалық
мамандықтарға мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түскен білім
алушылар басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.
19.1.17 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт
талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы
мен кәсіби практикаларды
қажетті көлемде меңгерген, қорытынды аттестаттауда диплом жұмысын қорғауға
немесе бейіндік пәндері бойынша кешенді мемлекеттік емтихан тапсыруға
келмегендігіне (немесе қанағаттанарлықсыз деген баға алғандығына) байланысты
қабылдау ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 147-беті
Қорытынды аттесттаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін,
қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, университет
ректорының атына қайта қорытынды аттестаттауға
жіберуге рұқсат беру туралы
өтініш жазады. Білім алушылар қатарына қайта тіркеу және қорытынды
аттестаттауға қайта жіберу университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
19.1.18 Білім беру кезінде академиялық демалысқа шыққан білім алушылар
академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін өзінің оқуын жалғастырғысы
келсе университет ректорының атына «академиялық демалыстан оралуы» туралы
өтініш береді және университет ректорының бұйрығымен тиісті оқу курсына қайта
тіркеледі.
19.1.19 Білім беру гранты бойынша білім алушы бір жоғары оқу орнынан
екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.
19.1.20 Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні бойынша емтиханды
екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын
алғанда, білім алушы қаншалықты қанағаттанарлықсыз бағасын алуына қарамастан
университеттен оқудан шығарылдады және осы пәнге қайтадан жазылу
мүмкіндігінен айырылады.
Бұл ретте, білім алушы өз қалауынша басқа ЖОО-на
немесе басқа білім беру
бағдарламаға ауысады. Білім алушы өз қалауынша жалпы білім беретін пәндер
циклінен басқа, «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған пәні мазмұнында болмайтын
басқа білім беру бағдарламасына ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: