Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет43/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   112
academ-sayasat

9.2 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: 
 
9.2.1 Инклюзивті оқыту
 
– барлық тұлғалардың мұқтаждығын ескеретін
 
ерекше 
қажеттілігі бар білім алушылардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім 
үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беруде ЖОО білім алушыларының құқығы 
сақталады. 
Жоғары білім берудің бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша 
білім алуға қабылдау. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар 
құжаттардың стандартты
жиынтығын қолданады және өз қалауы бойынша келесі құжаттардың бірінің 
түпнұсқасын 
немесе 
көшірмесін 
ұсынады: 
психологиялық-медициналық 
педагогикалық комиссияның қорытындысы, медициналық және әлеуметтік 
сараптама мекемесі белгілеген 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар екендігі
туралы 
анықтама. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 69-беті 
Егер түсу емтихандарына арнайы шарттар жасау қажет болса, өтініш беруші: 
бұл ерекше жағдайларды (емтихан түрін таңдауды, жеке аудиторияны беруді, 
көмекшіге көмек көрсетуді, кіріспе сынақтардың ұзақтығын арттыруды, техникалық 
құралдарды пайдалануды) талап ететін, ерекше білім беру қажеттіліктері шектеулі 
екенін растайтын құжат ұсынады. 
9.2.2 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі 
адамдарға олардың қабылдау, оқыту, жұмысқа орналастыру кезеңдерінде 
мамандандырылған есебін жүргізу. 
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар
тұлғалар
ды оқыту үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету үшін осы адамдардың
жазбаша келісімімен денсаулық жағдайы туралы, медициналық-әлеуметтік 
сараптаманың ұсыныстары немесе психологиялық, медициналық-педагогикалық 
комиссия туралы ақпараттар болуы керек. 
9.2.3 Қызметкерлермен қамтамасыз ету 
-
Жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың 
оқу жоспарына арнайы пәндерді негізге ала отырып, барлық мұғалімдер мен 
тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен 
тәсілдеріне даярлау және оқыту қажет. 
-
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар
тұлғалар 
үшін оқу процесін жан-жақты қолдау мақсатында мамандар
педагог-
психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды, 
тренер,
техникалық және бағдарламалық мамандарды
)
кезең-кезеңмен қайта даярлау; 
Ұйымдастыру-педагогикалық қолдау 
ерекше білім беру қажеттіліктері
бар 
білім алушыны инклюзивтік білім беру аясында оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 
(мониторингке қатысу мен жетістікке жету, университетте оқу жағдайына 
бейімделу) мониторингілеуге бағытталуы тиіс. 
9.2.4 Жатақханадан тегін орын беру 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға жатақханада орындар кезектен 
тыс, бірінші кезекте беріледі. Студенттер жатақханасында ішкі тәртіп ережелерін 
сақтау талабымен тұруға, оқу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайларды, 
студенттер жатақханасындағы жабдықты, керек-жарақты пайдалануға құқылы. 
9.2.5 Практика базалары 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың жеке мүмкіндіктері есепке 
алынады. 
9.2.6 «Дене шынықтыру» пәнін меңгерудің ерекше тәртібі 
Ол денсаулық сақтау және адаптивтік дене шынықтыру принциптерін сақтауға 
негізделген. Сабақтар тиісті даярлықтағы мамандармен жүргізіледі. Бұл кестеде
интеллектуалды спорт түрлерінде, сондай-ақ денсаулығы мен салауатты өмір 
салтын сақтау үшін емдік денешынықтыру мәдениеті сабақтар болуы мүмкін. 
«Дене шынықтыру» пәні денсаулықты нығайтуға бейімдейді. 
9.2.7 ЖОО-да инклюзивті білім мазмұны жалпы ЖОО-ға арналған типтік оқу 
бағдарламалары негізінде іске асады. 
Денсаулық ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке оқу жоспары бойынша 
оқыту көзделеді. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 70-беті 
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен АИТ-дің тұлғалары білім беру 
бағдарламасының жоғары білім беру сатысында кәсіби және әлеуметтік 
бейімделудің қосымша және дербес түзетуіне арналған арнайы бейімдеу пәндерін 
(модульдер) айнымалы бөлігіне қосуды көздейді. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар
, басқа да білім алушылар
сияқты, жеке тыңдаушыларға арналған ерекшеліктерді ескере отырып, жеке оқу 
жоспарына сәйкес оқытылуы мүмкін. 
Білім алушының жеке қажеттілігіне қарай оқу мерзімі (бакалаврларға бір 
жылдан көп емес, магистранттар жарты жылға) ұзартылуы мүмкін. 
Жеке жаттығу кестесін құрастырған кезде сабақтар өткізудің әртүрлі нұсқалары 
болуы мүмкін. Білім беру ұйымдарында (академиялық топта және жеке-жеке) үйде 
ҚОТ қолданумен. 
9.2.8 Ағымдық бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 
үлгі қағидалары 
Ағымдық және аралық бақылау барысында университет білім беру 
бағдарламасында жоспарланған білімдер мен құзыреттіліктерді игеру деңгейін 
анықтауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалартер мен мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалардың ерекшеліктеріне сай бейімделген бағалау критерийлерін 
қалыптастырады. 
-
Қашықтықтан оқу мүмкіндігі. Тұлғаның қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере 
отырып, білім беру бағдарламасының мазмұнына, білімнің әрбір деңгейін алуға 
қолжетімділік талаптарын құруға байланысты күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат 
нысанында және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін қашықтықтан оқу 
нысаны да жүзеге асырылады. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша 
оқу процесін ұйымдастыру қағидалаларының (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 
қаңтардағы №112 қаулысы) негізінде елдің жоғары оқу орындарында мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға, І 
және ІІ топтағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға қатысты 
қашықтықтан білім беру технологиялары қолданылады. 
-
Ағымдық, аралық бақылау, қорытынды аттестаттау. Ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар тұлғалар ағымдық, аралық бақылауды және қорытынды 
аттестаттауды ерекшелігіне қарай жазбаша, ауызша формада тапсырады, 
қажеттілігіне қарай қосымша уақыт беріледі. Ағымдық, аралық бақылау формасы 
білім алушының психофизиологиялық ерекшелігіне қарай (ауызша, жазбаша) 
бейімделеді. 
-
Қорытынды аттестаттау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім 
алушыларды дипломдық жұмысты қорғаудың орнына мамандық бойынша екі 
бейінді пән бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру мүмкіндігі (ҚР Үкіметінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта
жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларының» 3-бабының 
95-тармағы) бар. Білім алушылардың жеке сұранысы бойынша дипломдық 
жұмыстың орнына мамандық бойынша бейінді пәндерден кешенді емтихан 
тапсыруына болады. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 71-беті 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау