Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету, банк операцияларын жүзеге асыру кезінде мына күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазып берілген күн;
2) әрбiр төлем (есеп айырысу түріне қарамастан) алынған күн;
3) бухгалтерлік есепте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету танылған күн.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн көрсетуді, коммуналдық қызметтер көрсетудi, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қызметтерін көрсетуді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша тасымалдау қызметтерiн көрсетуді өткізген кезде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кешірек күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2-3. 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мына жағдайларда:
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;
2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл беруші үшін мына күндердің бірі:
1) кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл тұрғысынан кепілге салынған мүлікті өндіріп алу айналысы процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;
2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.
6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруін қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу күні қаржы лизингінің осы шарты бойынша өткізу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
7. Лизинг алушының (сатушының) негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг беруші берген кезде өткізу бойынша айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша нысаналы салым алынған күнтізбелік айдың соңғы күні өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
8. 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Егер осы бапта айқындалған құжаттарда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалғандарын қоспағанда, бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі құжатқа қол қойылған күн болып табылады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:
1) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда - осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша;
2) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда - қосымша шот-фактура жазып берілген күн бойынша, бірақ осы Кодекстің 265-бабына сәйкес қосымша шот-фактура жазып берілуге тиіс болатын кезең аяқталған күннен кешіктірілмейтін күн бойынша айқындалады.
30-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері
1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тауарлар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.
Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),
мұнда:
Қ та - өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;
ҚҚС са - тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
М пқ - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;
Тн - есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;
ҚҚС % - қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:
кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кепiл берушiге кепiлдіктегі мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.
5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Ушінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1. Заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдерді жеке тұлғаға өткізген кезде өткізу бойынша айналым автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген мөлшері негізінде;
2) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы негізінде;
2013.05.12. № 152-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |