Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі



жүктеу 26,45 Mb.
бет45/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136
193-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен корпоративтік табыс салығы салынады.

Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейдi.

Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:

1) есептелген және төленген табыстар бойынша - бейрезидент заңды тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей;

2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын бейрезидент заңды тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледi.

Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.

Осы бөлімнің мақсатында салық салу объектілерін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде кірісті төлеу деп осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау түсініледі. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



4-1. Бейрезиденттермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша бейрезиденттің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.

Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға бейрезиденттің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.

Осы баптың ережелеріне сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан бейрезиденттің табысын негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де бейрезиденттің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.

5. Мыналар:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.

Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.

Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;

2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:

дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;

дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.

Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.

Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды.

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңына сәйкес 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде 3-1) тармақшамен толықтырылды



3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:

дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның дивидендтерді есепке жазу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезеңде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың кемінде 35 пайызын қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы шарттары орындалған кездегі төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.

Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне бөлінбеген пайданың 30 пайызынан аспайтын кіріс;

заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.

Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

2) бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.

4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;

5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер.



Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;

8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген бейрезидент заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;

10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;

11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;

12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;

13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

14) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау