Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Бақылау-касса машинасының салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген салық органына:
1) бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтінішті;
2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын салық органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
Салық органы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын беруден бас тартады.
Техникалық ақау жойылғаннан кейін фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органы рұқсат берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінбей жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген және (немесе) оған қызмет көрсету жүргізілетін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын жөндеу аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде салық төлеуші деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркелген орны бойынша салық органына техникалық қызмет көрсету орталығының жөндеу жүргізу мерзімі көрсетілген ақау себептері туралы қорытындысын табыс етеді.
6. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда, егер:
1) басып шығармаса, анық баспаса немесе осы Кодекстің 649-бабында айқындалған бақылау чегіндегі деректемелер толық басылмаса;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) фискалдық жадынан не фискалдық деректер жинақтауышынан деректерді алуға мүмкіндік болмаса;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында салық органының пломбасы болмаса немесе бүлінсе;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) дайындаушы зауыттың таңбасы болмаса;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) фискалдық деректердің операторы ұсынатын жарамды байланыс бола тұра, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкіндігі болмаса, техникалық ақаулы деп есептеледі.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.
8. Салық төлеуші қолма-қол ақша есебінің кітабы және (немесе) тауар чектерінің кітабы толық толтырылған жағдайда, не олар жоғалған (бүлінген) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша салық органына:
1) салықтық өтінішті;
2) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған жаңа қолма-қол ақша есебінің кітабын және (немесе) тауар чектерінің кітабын;
3) осы Кодекстің 648-бабының 2-тармағында айқындалған құжаттарды табыс етеді.
Қолма-қол ақша есебінің кітабы толық толтырылған немесе жоғалған (бүлінген) жағдайда фискалдық есепті шығару үшін қосымша бақылау-касса машинасы беріледі.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Салық органдары қолма-қол ақшаны және (немесе) тауар чектерін есепке алу кітабын ауыстыруды салықтық өтініш салық органында тіркелген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
651-бап. Мемлекеттік тізілім
1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізеді.
2. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау мүдделі тұлғаның салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Салықтық өтінішке бақылау-касса машинасы моделінің эталонды үлгісі және бақылау-касса машинасы моделінің техникалық, функционалдық және пайдаланылу сипаттамасын беретін мынадай материалдар:
1) дайындаушы зауыттың паспорты;
2) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы;
3) фискалды және фискалсыз режимде бақылау-касса машинасымен дайынушы зауыт та, өтініш беруші де басып шығарған чектер мен есептердің үлгілері;
4) қағаз және электронды жеткізгіштерде бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
5) фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін осы Кодекстің 649-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі салық органы лауазымды адамының іс-қимылын толық сипаттап көрсететін қағаз және электронды жеткізгіштердегі салық органының лауазымды адамына арналған нұсқаулық;
6) дайындаушы зауыттың бақылау-касса машинасы моделін техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі;
7) дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
8) бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының нотариат куәландырған көшірмесі;
9) бақылау-касса машинасы моделінің қағаз және электронды жеткізгіштердегі түрлі-түсті фотосуреті қоса ұсынылады.
Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды жеткізгіште бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.
4. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу бір мезгілде мынадай шарттар:
1) салықтық өтініш пен осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;
2) бақылау-касса машинасы моделінің уәкілетті орган белгілеген техникалық талаптарға сәйкестігі сақталған кезде жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5. Бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тiзiлiмге енгізу кезiнде техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған тұлға өкілдерінің қатысуымен бақылау-касса машинасы моделінің үлгісін сынау (тестілеу) арқылы уәкілетті орган айқындайды. Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін уәкілетті орган өзге де мемлекеттік органдардан, басқа да тұлғалардан (бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған тұлғаларды және олармен байланысты тұлғаларды қоспағанда) сарапшылар тартуға құқылы.
6. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7. Бақылау-касса машинасының моделiн мемлекеттік тiзiлiмнен шығаруды мемлекеттік тiзiлiмге енгізу кезiнде уәкiлеттi органға берiлген құжаттамада көрсетiлген бақылау-касса машинасының моделi сипаттамалары техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган жүргiзедi.
652-бап. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын салықтық бақылау
Салық органдары:
1) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындауы жөнінде талдау, камералдық бақылау және (немесе) салықтық тексерулер жүргізу кезінде бақылау-касса машиналарының фискалдық жады блоктарында сақталатын деректерді не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының салық органдарына фискалдық деректер операторы арқылы берілген деректерін пайдаланады.
91-тарау. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
653-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.
1-1. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі өнімдері - акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшін көзделген бажсыз сауда дүкендерінің меншік иелері әкелетiн;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға - алкоголь өнiмдерiнің үш литрден аспайтын шегiнде, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға темекi мен темекi бұйымдарын екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi - есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-1 - 5-8-тармақтармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5-2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-2. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |