бұр.ред.қара)
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан және акциздерден басқа) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды.
6. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара)
7. Бересінің жиналып қалуының бірден-бір себебі қызмет көрсететін банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін өсімпұл банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап есепке жазылмайды.
8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін бересіні өтеу үшін сот шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап, оның күші жойылғанға дейін бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомаларын аудару кезінде:
1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;
2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599-бабының 8-тармағында белгіленген есепке жатқызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Өсімпұл:
1) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған;
2) оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген;
3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бересі сомасына есепке жазылмайды.
Бұл ретте:
1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) салық төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда - сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.
611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық берешегін өтемегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін;
4) осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтарылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда - осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алиментттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушінің (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.
5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады.
Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.
612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру;
банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс.
3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 613-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 613-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке иелiк етуiн шектеудi осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:
1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
осы Кодекстің 93, 94-тарауларында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;
салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) салық төлеуші төлеу мерзімі осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |