Сала ұйымдарындағы еңбекті қОРҒау бойынша техникалық инспектор туралы үлгілік ереже



жүктеу 72,54 Kb.
Дата20.11.2017
өлшемі72,54 Kb.
#1179

2017-2019 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасының мұнай-газ,

мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы

салалық келісімге

2016 жыл «___» __________________

4 қосымшасы



САЛА ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Сала ұйымдарындағы еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар туралы ереже Халықаралық еңбек ұйымының 1971 жылғы 23 маусымдағы №135 «Кәсіпорындағы жұмысшылар өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» Конвенциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

1.2. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмысшының өкілі болып табылады.

Бақылаудың мақсаты:

- жұмыс істеушілерге сау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың және кәсіби аурулардың алдын алу;

- өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіби ауруларды дұрыс және уақытылы тергеп-тексеру және есебін жүргізу;

- жұмыскерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты орын алған мертігуді болмаса денсаулығына тиген басқалай зиянды толық көлемде өтеу.

1.3. Еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор кандидатурасын кәсіподақ ұсынады, егер кәсіподақ жоқ болса – қызметкерлердің ең кемі үштен екісі қатысқан қызметкерлердің жалпы жиналысында көпшілік дауыс беруімен ұйымның қызметкерлері ішінен бір қызметкер ұсынылады.

Еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңесінің шешімімен бекітіледі.

1.4. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестің мүшесі болып табылады.

1.5. Жоғары немесе арнаулы орта білімі (техникалық) және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар, мекеменің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметіне бақылау жасай алатын іскерлік қасиетке ие тұлғалар еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар бола алады.

1.6. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор өз қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекет жасауға құқығы бар.

1.7. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар кәсіподақтың мүдделі өкілдері болып табылады, мекемелердің еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік жағдайларын өз бағалауында өз бетінше шешім қабылдай алады және тәуелсіз, ҚР заңдарын және басқа да еңбек, еңбекті қорғау, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан әлеуметтік сақтандыру туралы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады және кәсіподақ мүшелерінің және мекеменің жұмыскерлерінің құқықтарын қорғайды.

1.8. Кәсіподақ ұйымдары еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды оқытуды ұйымдастырады.

1.9. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектордың өкілеттілігі оқытудан өткені немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бойынша біліктілігін көтергені туралы Сертификатпен (куәлікпен) расталады.


2. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектордың негізгі міндеттері және қызметінің бағыттары

2.1. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектордың қызметіндегі негізгі міндеті болып кәсіподақ мүшелерінің, сонымен қатар мекеменің жұмыскерлерінің құқықтарын және заңдық мүдделерін қорғау болып табылады.

2.2. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына кәсіподақтардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңнаманың сақталуына бақылау жасау құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдесу.

2.3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерге және ұжымдық шарттарға ұсыныстар әзірлеу және енгізуге қатысу.

2.4. Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайына, жұмыс берушінің еңбекті қорғау бойынша, еңбекті қорғау саласындағы жұмыскерлердің заңдық құқықтары мен мүдделерін сақтау туралы ережелер мен талаптарды орындауына бақылау жасау.

2.5. Үшінші тұлғалармен қатынас кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қолдануға байланысты және еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шарттар мен келісімдердің міндеттемелерін орындауға байланысты еңбек дауларын қарауда Кәсіподақ мүшелерінің және мекеме жұмыскерлерінің мүдделеріне өкілдік ету.


3. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектордың құқықтары мен міндеттері

3.1. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор мыналарға бақылауды жүзеге асырады:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың сақталуына;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұжымдық шарттың (келісімнің) талаптарының орындалуына;

3.2. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектордың құқықтары:

- ҚР еңбек заңнамасының талаптарының орындалуына тексеру жүргізу үшін мекеменің құрылымдық бөлімшелеріне, жұмыс орындарына кедергісіз баруға;

- жұмыс берушіден өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар туралы мәлімет, ішкі құжаттардың көшірмелерін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты басқа да ақпараттарды сұрауға және алуға /;

- жұмыс берушілерге орын алған ҚР еңбек заңдарын бұзушылықтарды жою, қарау үшін ұсыныстар беруге;

- алкогольді, наркотикалық немесе токсикологиялық масаю жағдайында жұмыс орынына келген немесе жұмыс уақытында осындай масайтатын заттарды қабылдаған, жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарын қолданбаған, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеретін емтиханды тапсырмаған, егер ҚР заңнамасына сәйкес міндетті болып табылған жағдайда медициналық тексеруден немесе ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген қызметкерді жұмыстан шеттетуге жұмыс берушіге ұсыныстар беруге;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жоспардан тыс нұсқама өткізу жəне апатқа, өндірістегі жазатайым оқиғаға жəне басқа ауыр жағдайларға əкеліп соғуы мүмкін немесе соқтырған еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда, мекеменің жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімдерін кезектен тыс тексеру туралы ұсыныстар енгізуге;

- лауазымды тұлғалардан Жұмыскерлердің өміріне жəне денсаулығына қауіп төндіретін, ал өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп болғанда бұзушылықтар жойылғанша жұмысты тоқтатуды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтарды жедел жоюды талап ету;

- анықталған бұзушылықтар бойынша қажетті шаралар қолдану үшін кәсіптік одаққа және мемлекеттік еңбек инспекциясына шағымдану;

- ҚР Еңбек заңнамасында, ұжымдық шартта, келісімдерде қарастырылған өзге құқықтарды жүзеге асыруға.

3.3. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор бақылайды :

- жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын;

- желдеткіш құрылғылардың және жарықтандыру құралдарының, аспаптар мен құрылғылардың, транспорт пен жүк көтеретін құрылғылардың қауіпсіздік талаптарына сайлығын.

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен уақытында қамтамасыз ету;

- еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтарды жүргізудің жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек əдістеріне үйретудің уақытылығын және сапасын;

- санитарлық-тұрмыстық үй жайлардың жағдайы, қызметкерлердің сабынмен, жуу жəне зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуін, ауыз сумен қамтылуын.

3.4. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор қатысады :

- Кәсіподақ комитеті оған мүдделілік берсе, өндірістегі жазатайым оқиғаларды жəне кәсіби ауруларды тергеп-тексеруге;

- санитарлық-техникалық талаптардың жағдайын жəне еңбекті қорғау жағдайларының паспортталуына;

- еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережелердің талаптарына сайлығын тексеру мақсатында ғимараттар мен құрылыстардың пайдалануға дайындығы, пайдалануға қабылдау бойынша комиссияның жұмысына;

- өндіріс нысандарын және жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға.


4. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлық жұмысын ұйымдастыру

4.1. Өз қызметінде еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор заңнаманы, Өндірістік кеңес туралы ережені, Салалық Кәсіподақтың Жарғысын, еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

4.2. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор өз қызметін жұмыстың тікелей басшыларымен, мекеменің (кәсіпорынның) еңбекті қорғаудың ұйымдастыруға жауаптыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымымен байланысты жүргізеді, қажет болған жағдайда мемлекеттік еңбекті инспекциясымен өзара әрекет етуге құқығы бар.

4.3. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзу, ұжымдық шартты (келісімді) орындамау орын алған жағдайда еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор:

- жұмыс берушіні хабардар етеді және оған бұзушылықтарды жоюды ұсынады;

- заңнама актілерінің, ұжымдық шарттың (келісімнің) бұзылуы бойынша орын алған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар береді;

4.4. Ұсыныстар екі данада жасалады: бір данасы жұмыс берушіне табыс етіледі (жіберіледі), екіншісі – бақылау жасау үшін еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторда қалады.

4.5. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші және кәсіподақ ұйымы:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, бақылау нысанына жататын нұсқаулықтар және нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету бойынша мәселелері олардың оқытылуын және ақпаратандырылуын ұйымдастырады;

- еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша енгізілген ұсыныстарды жүзеге асыруға ықпал етеді;



- Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың оң тәжірибелерін жалпылайды және олардың таратылуын қамтамасыз етеді;

- еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды моральдық және материалдық мадақтау шараларын қарастырады;
жүктеу 72,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау