|
Сайлауға қатысуға
|
Дата | 15.12.2022 | өлшемі | 36,81 Kb. | | #40648 |
| ИУУУ
Электорат дегеніміз – сайлауға қатысуға құқықтары бар азаматтардың жиынтығы
1857 жылы Колумбия университетінде алғаш рет «Тарих және саяси ғылымдар» кафедрасын ашқан кім - Френсис Либер
Париж қаласында саяси ғылымның мәселелері жөніндегі халықаралық коллоквиум қай жылы өтті - 1948
Қазақстанда саясаттану пән ретінде қашан оқытыла бастады - XXғ. 90 жылдарынан бастап
Саяси өмір және биліктік қатынастар туралы түсінік қалыптастыру және даму тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайтын саясаттанудың қандай қызметі - танымдық
Мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын халыққа түсіндіретін саясаттанудың қандай қызметі – саяси өмірді рационализациялау танымдық
Саяси обьектілерді салыстыра отырып олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсететін саясаттанудың қай әдісі - салыстырмалы
Нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білдіретін саясаттанудың әдісі - әлеуметтанулық
«Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы реттеу»- деген кім - Д.Истон
«Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат» -деген кім - О.Шпенглер
«Politik» грек тілінен аударғанда қандай мағына береді -мемлекеттік және қоғамдық істер
Саясаттың мәні қандай деңгейлерден тұрады - төменгі, аймақтық, ұлттық, халықаралық
Саяси ой тарихында ең алғашқы рет идеалды мемлекет жобасын жасаған кім - Платон
Платон мемлекеттік басқару құрылымының қай түрін жақтады -аристократия
Платон мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі деп көрсетеді - тирания
Мемлекеттік басқаруды дұрыс және бұрыс деп бөлген ойшыл - Аристотель
Аристотель бойынша дұрыс басқару түрлері - Монархия,аристократия, полития
Даосизм ілімінің негізін салған кім- Лао Цзы
Конфуцийдің мемлекеттің патриархалдық – патерналистік концепциясының негізі - мемлекет- үлкен отбасы
«Идеология» терминің ғылыми айналымға енгізген ғалым - А.Дестют де Траси
Саясаттағы гуманизмнің мәні - барлық азаматтардың теңдігі мен еркін құқықтарына негізделген демократиялық саяси жүйе
Саяси ғылымдар тарихын зерттеудің басты маңызы –адамдардың саяси қызметінің тарихи процесті рационализацияландыруы
Саяси билік Құдайдың құдыретінен туындайды деген ойшыл кім - Фома Аквинский
Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси ілімдерінің басты бағыты - гуманизм
"Мемлекет" еңбегінің авторы - Платон
Либерализмдегі еркіндік түсінігін анықтаңыз - жеке еркіндік
Консерватизм бағытының негізгі өкілі кім - Э. Берк
Мұстафа Шоқайдың ұстанған саяси идеясы - "Тұтас Түркістан"
«Бақытқа жету туралы» және "Азаматтық саясат туралы" трактаттарының авторы - әл-Фараби
«Теологияның жиынтығы» атты еңбектің авторы - Ф. Аквинский
Билікті белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге жету мүмкіндігі деп қарастырады - Телеологиялық анықтама
Билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды қолдану мүмкіндігі деп қарастырады - Инструменталистік анықтама
Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекші түрі деп көрсетеді - Структуралистік анықтама
Биліктің ресурстары - Экономикалық, әлеуметтік, күш жұмсау, ақпараттық
Плюралистік демократиялық тұжырымының өкілдері - М.Вебер мен Г. Ласки
Ұжымдық демократияның өкілі - К.Маркс
Либералистік демократия теориясының өкілдері - Дж.Локк пен Ш.Монтескье
«Олигархияның темірдей заңының» авторы кім - Р. Михельс
ХХ ғасырдағы саяси зерттеулер сипатына көрсетілген қандай әдіс күшті ықпал етеді - бихевиористік
Сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы - электорат
Тек теориялық тұрғыдан зерттелетін тұрақтылықтың түрі - абсолюттік
Мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықтың түрі- статикалық
Басқа пікірге төзімділік саяси ғылымда қалай аталады - толеранттық
Халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да орнатылатын тұрақтылық түрі - динамикалық
Қандай тұжырымдама мемлекетті Құдайдың құдыреті деп қарайды - теократиялық
Көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық азшылықтардың егемен мемлекетті немесе ұлттық автономияны құруына бағытталған ұмтылысы - сепаратизм
Демократияда билік көзі болып табылатын - халық
Геронтократияның мәні - ақсақалдардың билігі
«Қоғамдық келісім» теориясының негізгі өкілін атаңыз - Т.Гоббс
Элитаны рекруттаудің антрепренерлік жүйесі – қандайда бір қоғамдық топтардың ашық таңдауы
Мемлекеттің пайда болуы туралы зорлық жасау теориясының өкілі - Л.Гумплович
Мемлекеттің пайда болуы туралы теологиялық теорияның өкілі - А.Августин
Мемлекеттің пайда болуы туралы патриархалдық тұжырымдаманың өкілі - Р.Фильмер
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты шығарманың авторы - әл Фараби
Биліктің өркениетті жүзеге асуының құралы - құқық
Саяси биліктің негізгі демократиялық принциптері- легитимдік
Мемлекеттің пайда болуы туралы географиялық теориясының өкілі
Ф.Ратцель
Президенттке тағылған айыпқа байланысты қызметтен босату - импичмент
Парламент шығарған заңдарға Президенттің қол қоймау құқығы - вето
"Саясат" атты еңбектің авторы, көне грек философы - Аристотель
XVII ғасырдың соңында "Жеті жарғы" атты құқықтар жинағын өмірге әкелген қазақ ханы - Тәуке хан
Мемлекеттің құрылымы бөлінеді - Унитарлық, федеративтік және конфедеративтік
"Құтты білік" шығармасының авторы, әйгілі қарахандық философ - Жүсіп Баласағұни
Саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен,іскерлігімен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы - элита
Монархияның түрлері - Абсолюттік, конституциялық, дуалистік
Парламенттік республиканы атаңыз - Германия
Келтірілген анықтаманың қайсы олигархияға сәйкес – ерекше құқыққа ие, бай топтың билігі
Федерациялық мемлекетті көрсетіңіз - Канада
Ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бір ұлттың мүддесін басқаларға қарсы қоятын ұлтшылдықтың бір түрі - шовинизм
Саяси режим сипаттамасының негізі - биліктің жүзеге асуының түрлері мен әдістері
Тоталитарлық саяси жүйенің негізі - тоталитарлық типтегі партия басшылығымен орталықтанған саяси қозғалыс
Президенттік республикада үкімет кімнің алдында жауапты - президенттің
Дуалистік монархияның абсолюттік монархиядан ерекшелігі – монархпен бірге заң шығарушы органның болуы
Авторитаризмнің мәні - биліктің бір адамның қолына шоғырландырылуы
Саяси жүйенің демократиялығының белгісі - халық билгін қамтамасыз ету
Сайлауға азаматтардың қатыспауы қалай аталады - абсентеизм
Сайлау жүйесі дегеніміз не - мекемелерге немесе басқарушы қызметтерге сайлауды ұйымдастыру мен жүргізу
ҚР Президенті қандай мерзімге сайланады - жеті жылға
Биліктің легитимділігі - биліктің заңдылығы мен әділеттілігінің халық тарапынан мойындалуы
«Левиафан» саяси трактатының авторы - Т.Гоббс
«Принцепс» (Государь\Тақсыр\Патша) еңбегінің авторы - Н.Макиавелли
Саяси жүйенің ережелері мен қағидаларын қандай құрылым жасайды - заң шығарушы органдар
Қай жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқына ие - 18 жастан
«Элита» терминін алғаш рет ғылымға енгізген кім - В.Парето
Мемлекет (stat) сөзі латын тілінен қандай мағына береді - Қалыпты жағдай
Элита (elite) француз тілінен аударғанда қандай мағына береді - Таңдалған
Моральды саясаттан ажыратқан кім - Н.Макиавелли
Элиталардың айналым теориясын жасаған кім - В.Парето
Элиталардың коэффициентін есептеп шығарған кім - Н.Бердяев
М.Вебер көрсеткен билік легитимділігінің 3 түрі - дәстүрлі, харизматикалық, рационалдық-құқықтық
Биліктің тармақталу принциптерін жасаған ойшылды атаңыз - Л.Монтескье
Фашизмнің негізін қалаушы - Муссолини
«Идеология» терминін ғылыми айналымға енгізген ғалым - А.Дестют де Траси
Мемлекет басшысының қолында заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының болуы қандай басқару түріне тән - абсолютгік монархияға
Азаматтық қоғамның басты сипаты - адамдардың жалпы теңдігі туралы түсініктерін негіздеу
Саяси партияның саяси жүйедегі негізгі мақсаты - саяси билікті иелену үшін күрес
Бұқаралық саяси партиялар қашан пайда болды - XIX ғасырдың соңында
Саяси ойдағы конфликтік парадигманың авторы - Р. Дарендорф
Қазіргі әлемдегі кең тараған республика түрлері - Парламенттік,президенттік және аралас түрі
Саяси партияларды ішкі құрылымына қарай- кадрлық және бұқаралық деп бөлген - М.Дюверже
Саяси жүйенің «кірісіне» жатады - Талап, қолдау
Саяси жүйенің «шығысына» жатады – Саяси шешімдер, бұйрықтар, заңдар
Саяси жүйе ұғымын енгізген ғалым - Д.Истон
Жүйе ұғымын енгізген ғалым - Л.Берталанфи
Экстрозаңды тұрақсыздыққа жатады - Терроризм, соғыс
Партия деген сөз латын тілінен аударғада қандай мына береді - Бөлу, бөлшек
Либерализмнің көшбасшысы - Джон Локк
Батыс саяси ғылымының негізін қалаған болып есептелетін - Н.Макиавелли
1513 жылы «Тит Ливийдің алғашқы онкүндігі», 1519 жылы «Әскери өнер туралы», 1520 жылы «Флоренция тарихы» атты шығармаларды өмірге әкелген танымалы флоренциялық саяси философ - Н.Макиавелли
«Саяси процесс» ұғымының мәні - кеңістік пен уақыттағы қоғамдық саяси жүйесінің функционалдық формасы
Кратология – бұл билік туралы ғылым
Саяси модернизацияның басты мәні неде - саяси жүйенің жаңаруы
Охлократияның мәні - тобырдың билігі
ҚР Парламенті Мәжілісінің мүше саны - 98
ҚР Парламенті Сенатының мүше саны - 50
ҚР Президентімен Парламент Сенатына тағайындалатын депутаттар саны -10
ҚР саяси партияларды мемлекеттік тіркеуден өткізетін орган - Әділет министрлігі
Процесс сөзі қандай мағына береді - Жалғасу, ілесу
Сайлау жүйелерінің түрлері - Мажоритарлы,пропорционалды, аралас
Қазіргі кезде кеңінен тараған демократияның түрлері -тура,өкілдік,плебистарлық
Төменде келтірілген ғұламалар ішінен шиеленістер теориясының дамуына қомақты үлес қосқан есімдерін белгілеңіз - Р.Дарендорф,И.Кант, Гегель
Кеңестік дәуірде туындаған шиеленістік жағдайлар олардың қатысушыларының идеялық-саяси жетілмегендігінің көрінісі деп бағаланатын. Оның себебі не - шиеленістерге деген ешқандай негіздің болмауымен түсіндіріледі
Саяси шиеленістің басқа шиеленістерден басты айырмашылығы неде - нақты саяси мүдделер мен мақсаттардың қақтығысуы
Қай теория өкілдері қоғамдық класстардың арасындағы антагонистік қарым- қатынастарды – шиеленістің қайнар көзі ретінде қарастырды - марксистік
Саяси әдіске сәйкес шиеленістің қайнар көздері - қоғамдық саяси жүйедегі азаматтардың,қоғамдастықтардың теңсіздік жағдайы
Шиеленістанудағы саясаттанушылық әдістің өкілі - Р.Дарендорф
Сараптамалық қорытындыларға сәйкес шиеленістер көбірек болатын аймақтар - Африка және Таяу Шығыс елдері
Азаматтардың шиеленіске түсуінің ең алғашқы концепциясын ұсынушылардың бірі - З.Фрейд
20ғ. 70 жылдары шиеленістерді реттеуде қандай жаңашылдық байқалды - шиеленістерді реттеу ұйымдар негізінде жүзеге асырыла бастады
Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың мақсат-мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамадардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі - Идеология
ҚР-сының Конституциясы бойынша биліктің көзі - Халық
Саяси стереотип дегеніміз - Саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік
Полиархия теориясының негізін салған - Р. Даль
Саяси модернизацияның либералдық бағыттары өкілдерін атаңыз - Р. Даль
Саяси модернизацияның консервативтік бағыттары өкілдерін атаңыз - С. Хантингтон
«Екінші» модернизация варианты кайда жүзеге асты - Түркияда
Саяси ғылымда модернизация теориялары қай уақыттан бастап пайда болды - ХХ ғасырдың 50 – 60 жж
Соңғы уақытта көп дискуссия тудырған«Тарих соңы және соңғы адам»атты еңбектің авторы кім - Ф.Фукуяма
«Тарих соңы және соңғы адам» атты еңбекке жауап ретінде шыққан С.Хантингтонның еңбегі қалай аталады - Өркениеттер қақтығысы
Саяси әлеуметтену агенттері - Отбасы, мектеп, бақ, саяси партиялар,қоғамдық ұйымдар
Саяси конфликтінің кульминация шегін анықтаныз – Бір жақты күш қолдануға көшу
Ұлтаралық конфликтілердің терең себебі - Ұлтаралық қатынастағы құқықтардың бұзылуы
Халықаралық саяси даулардың шешу өркениетті жолы – Конституция мен халықаралық нормалар шеңберінен шықпау
Жалпы ұлттық бірігу жолында этникалық және әлеуметтік-құрылымдық айырмашылықтар кедергі болатын дағдарыс қалай аталады - Бірегейлік дағдарысы
Қазіргі өркениеттегі басым тенденция - Саяси және экономикалық құралдар арқылы сыртқы қайшылықтарды шешу
Халықаралық құқықтың жетекші принципі – Әр түрлі әлеуметтік құрлымдармен мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі
Әлемдік саясатта мемлекеттердің қарым- қатынасындағы бірінші кезекті принцип – Территориялық тұтастық пен тәуелсіздікті құрметтеу
Халықаралық қатынастардың демократиялануының принциптерінің бірі – Күштеу құқығы күшін, құқық күшімен ауыстыру
Геосаясат теориясының негізін қалағандар - Ф. Ратцель, Х. Маккиндер
Мына мемлекеттердің қайсысы абсолютті монархия болып табылады – Сауд Арабиясы, Бруней, Оман, Катар, Кувейт
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл - 1995
Басқару түрі бойынша Қазақстан - Президенттік республика
ҚР-сы Сенаты депутаттарының өкілетті мерзімі - 6 жыл
Саяси мәдениеттің негізі - Құндылықтар жүйесі,саяси процесс субъектілерінің іс-әрекет үлгілері
Саяси әлеуметтендіру дегеніміз - Өзіндік ерікті білдіретін саяси жекеліктің қалыптасуы
Этникалық топтық жетекшілігіне және террор мен агрессияға сүйенетін саяси идеология - Фашизм
Саяси мінез-құлық түсінігі - Субъектің өз қызметін жүзеге асыру үшін өзара әрекеттестік жүйе
Тұлғаның саяси іс-әрекетін анықтаушы фактор - Құндылық бағдары
Элитаны реттеудің антрпренерлік жүйесінің басты артықшылығы – Жас лидерлер мен жаңашылдықтарға ашықтық
Гильдия жүйесінің басты артықшылығы - Сабақтастық, консенсус
«Заңдар рухы» еңбегінің авторы - Шарль Луи Монтескье
Конфедерация бұл - Нақты мақсатты жүзеге асыру үшін, егеменді мемлекеттердің тұрақты одағы
Унитарлы мемлекет деп - мемлекет құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық
құрылымдардың шектеулі заңдық және саяси еркіндікке ие болуымен сипатталатын мемлекеттің құрылыс формасы
Референдум дегеніміз - Халық билігін тікелей жүзеге асырудың маңызды құралы
Баяу айналым мен теңсіз мүмкіндіктердің болуы басқару элитасының қайсысына тән – дезинтеграцияланған элита
ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер кандидатқа Конституция бойынша қойлатын талаптардың бірі - 25 жасқа толған азамат болуы
ҚР-сының «Партиялар туралы» Заңы бойынша мұндай сипаттағы партиялар құруға тиым салынған - конфессионалды
Психоаналитикалық бағыттағы саясаттағы саяси идеологияны зерттеген - З. Фрейд
Адам табиғатының анализі және олардың саясатқа ықпал ететін саяси мәдениетті зерттейтін әдісті көрсетіңіз - Антропологиялық
Әлемдік саясаттың негізгі 3 қатысушылары - Мемлекет, халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар
Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелікке қабылданған жыл - 1992 ж.
Әкімшілік қызметті іске асыратын адамдар тобы - Бюрократия
Тайпалық, этникалық бөліну, жекелену, бөлінуге ұмтылу, руаралық араздық - Трайбализм
Полития дегеніміз – мемлекеттің аралық басқаруы
Аристотель бойынша мемлекеттің дұрыс емес формалары - тирания,олигархия, демократия
Консерватизм дегеніміз - қоғамдағы қалыптасқан тәртіпті және моральдік- құқықтық қатынасты сақтауға, қорғауға бағдарланған саяси идеология
Азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндетін формальды түрде атқаратын қызмет адамы - Бюрократ
Сыртқы саясатты, қоғамдық-саяси ұйымдары мен экономикалық тіршілігін батыстық өмір салтына бейімдеу - Вестернизация
Заң шығару орындарына тыйым салу, немесе заңның күшін тоқтату -Вето
Үкіметке, оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру немесе сенім білдірмеу мақсатында қабылданған шешім - вотум
Халықаралық қатынас дегеніміз - Халықтар,мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүние жүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, әскери,дипломатиялық, құқықтық, демократиялық, идеологиялық байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық , саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы
Партиялардың билікті жүзеге асыруына қарай бөлінуі - билеуші және оппозициялық
Сыртқы саясат бұл - Мемлекттің дүниежүзілік аренада өз қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес шет мемлекеттермен, шетелдік партиялармен және де басқа да қоғамдық ұйымдармен, бүкіләлемдік және аймақтық халықаралық мекемелермен қарым қатынастарын реттейтін саясаты
Әлемдік саясат - Өзегі мемлекет және топтық мүдде болып табылатын әлемдік қауымдастықтың даму процесіндегі мемлекетаралық пен қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар мен институттар арасындағы байланыстар мен әрекеттер сферасы
ҚР-сы Мәжілісі депутаттарының өкілетті мерзімі - 5 жыл
Тоталитаризмге тән емес белгі - көппартиялық
Саяси жүйені алғашқы болып кибернетикалық машинаға теңеген ғалым - К.Дойч
Дж.Локк бойынша адамдардың негізгі құқықтары – өмір сүруге,еркіндікке, меншікке
Дипломатия – Сыртқы қатынасты қамтамсыз ететін және шетелде мемлекеттің қатысуымен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет
Жаңа заманда жаңғыртылған ежелгі грек ойшылдарының ойлары - табиғи құқық пен табиғи жағдай
«Әділетті соғыс» туралы идеяны кім көтерді - Цицерон
Президенттік республикада атқарушы билік кімнің алдында жауапты - президенттің
Федерация дегеніміз - орталықтандырылуының жоғарғы дәрежесімен және әкімшілік-аумақтық құрылымдардың саяси өзін-өзі басқаруының жоқтығымен сипатталатын мемлекеттік құрылыс формасы
Н.Макиавелли бойынша дұрыс мемлекеттік құрылыс - республика
Харизматикалық легитимділік мынаған негізделген – басқарушының ерекше қасиетіне
Саясаттану жеке академиялық пән ретінде қалыптасқан кезең - ХІХ ғ. екінші жартысында
Ш.Монтескье бойынша билікті бөлудегі негізгі мақсат - билікті шексіз пайдаланудан қорғау
Саясаттанудың гносеологиялық қызметінің мәні – саяси құбылыстарды танып-білу
«Билеуші аңға тән дөрекі күшті қолдана отырып, өзінің бойына арыстан мен түлкінің қасиеттерін сәйкестендіре алуы керек» деген ойшыл - Н.Макиавелли
1823 жылы 2 желтоқсанда АҚШ Еуропа елдерінің ішкі ісіне араласпауға міндеттеме алып, Еуропа елдері Батыс жартышардағы елдердің ішкі ісіне араласпауы және ондағы территорияларға көз тікпеуі тиіс екендігі жарияланған сыртқы саясат доктринасы - Монро доктринасы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|