Сабақтың түрі: Сабақтың типі: Қайталау-пысықтау сабағы



жүктеу 119,68 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі119,68 Kb.
#7314
түріСабақ

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы, Көктерек ауылы «Көктерек орта мектеп-бақшасы» КММ –нің оқу ісінің меңгерушісі , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рымбаева Айгуль Смагуловна

1.Білімділік.Тұрлаулы мүшелер бойынша алған білімдерін жүйелеу. 2.Тәрбиелік.Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру (дұрыс мінез-құлыққа баулу, еңбекке баулу, өнерге деген, ұлттық, халықтық мұраға деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Дамытушылық. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сауатты жазу дағдысын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі: Қайталау-пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау, проблемалық ситуация, топпен жұмыс, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кеспе карточкалар, мақал сөздер жазылған плакаттар.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,сурет.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу, ынталандыру.

ә)Сабақтың мақсатын түсіндіремін.

ІІ Қайталау сабағымыз бірнеше деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Топпен жұмыс.



І топ: «Алғырлар»

1.Сөйлем мүшелеріне талдау.

Мақал-сөздің мәйегі

Өрнекті сөз-ортақ қазына

Сөздің көркі –мақал,

Атасы –ақыл,

Анасы-тіл

2.Қазақтың әдеби тілі нешеге бөлінеді (2 ге, ауызша, жазбаша)

3. Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына не жатады?(грамматикалық норма дегеніміз –тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге,бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы, әуелі көптік,сосын тәуелдік, содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады. )

4.Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей ме? (бірдей емес, мысалы, биік және жоғары (тау))

5.Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі тұрақты ма? (тұрақты, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)

6. «Инверсия» дегеніміз не? (Мыс : көрсетпе,көз жасыңыд!)

7. Сөйлем дегеніміз не? (сөдердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі) Сүт пісірілді-сөйлем. Сүт пісіру-сөз тіркесі.

8.Сөйлемге тән белгілер қандай? (интонация, тұрлаулы мүшелері болуы керек.)

9.Бастауыш пен баяндауыш құрылымының санына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (жай және құрмалас)

10.Айтылу түрлеріне, мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер неше түрге бөлінеді? (4 ке хабарлы, сұраулы,лепті, бұйрықты)

11. «биік» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

ІІ топ «Тапқырлар»



  1. Сөйлем құрамында тұрса да сөйлем мүшелері бола алмайтын қандай сөздер бар?

(шылау,одағай,көмекші етістіктер,қаратпа,қыстырма сөздер.)

2. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара,күрделі, үйірлі)(жаны/баст./ сұлу/баянд/ –үйірлі мүше, күрделі мүшеде (баст-баянд.қасиет жоқ.мыс.Көп балалы үй- базар-«көп» сөзі балалы деген сөзді анықтап барып , екеуі үйдің анықтауышы болады.

3. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан нешеге бөлінеді? (Тұрлаулы, тұрлаусыз)

4. Бастауыш дегеніміз не? (Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін

білдіреді.Сұрақтаы: кім?не? кімдер? Нелер? Кімім?нем? кімің? Нең?)

5.Бастауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді? (Дара Омар(дара ) қырман басында жүр. Мен(дара) жазбаймын өлеңді ермек үшін . Күрделі Туған жерім- әйгілі Шалқар өңірі.Күле беру-ыңғайсыз.Үйірлі Жұмысы жоқтық -аздырар адам баласын.Билеті барлар –орындарына жайғасты.)

6. Бастауыш болатын қандай сөз таптарын білеміз?

(Зат есім- Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.)

(Есімдік- Өзіміз де жүргелі отырмыз)

(Сын есім-Көп қорқытады, терең батырады)



(Сан есім –Берерменге бесеу көп)

(Есімше- Әке көрген-оқ жонар,



Ана көрген- тон пішер)

(Тұйық етістік- тыңдау- мәдениеттіліктің белгісі)

(Одағай- «Ә,құдай!»-күйзелгеннің белгісі.

(Үстеу-Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.)

7. Баяндауыш дегеніміз не?(баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Сұрақтары: Не істеген?, не қылған? қайтті?, не болмақ? немене?, қалай? Кімдікі? Ненікі?)

8.Баяндауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді? (Дара –заман өзгерген, білім күшейген. Күрделі- Абай түсініп қояды Үйірлі - Қиыны бұл дүниенің-қолы тарлық.

9. Қандай сөз таптары баяндауыш болады?

(Етістіктер- Мен өте қуандым)

( Сын есімдер –Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз. Ел тоқ.

(Зат есімдер- Сендер бақытты адамсыңдар. Ат-көлік, қамшы-қару.)

(Сан есімдер – Ер кезегі –үш) . Үш жердегі үш-тоғыз

(Есімдіктер- Медеуі-мен, Өтегені-өзі)



(Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз От жылт етті. Мылтық тарс етті.)

10. Ойын.Әр сөзі и әрпінен басталатын бірден ріптен бастап 10 әріпке дейін құралған зат есім тауып жаздырту.(жауабы: и, ит,ине, изен, иірім, ителгі, итмұрын, иықтылық, иісшілдік, инициатива)

11. Татумыз сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІІ топ «Қырандар»

1.Сөйлемнің құрамы, сөйлем мүшелері дегеніміз не? (сөйлем құрауға қатысатын толық мағыналы сөздер) мысалы: Тезінен Мағаш мұнда келсін.(тезінен, мұнда-пысықтауыш, Мағаш-бастауыш, келсін-баяндауыш). Кәкітай, Дәрмен, сендер де қамданыңдар.

2.Суретке қарап сөйлем құра.

3.Жасырылған мақалды тап (Қарманған қарап қалмас)

4.Тез тауып, бөгелмей айт. (Жел, кұн, найзағай,қой,қоңырау, мен, палуандар, тапсырма, жиын, болды.)

5.Мына мақалдан зат есімнің бастауыш болып тұрғанын тап:



Батырлық майданда сыналады,

Ақылдылық ашу үстінде сыналады.

Әншілік те қазақ халқының ежелден бергі өнері.

6. Сын есім қалай бастауыш болуы?



Жақсы ісімен жақсы,

Жаңа ескіге өлшеуіш.

Алдыңғы жақсы артқыжасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?

7. Сан есімнің бастауыш болуы? Екіншісі өзінің қолындағы кіші ұлының келіншегінің төркінінікі.

8.Есімдіктің бастауыш болуы? Тіпті сойқаны сол-алда-жалда әлдебіреулер талант-қабілетімен ілгерілеп бара жатқандай болса, оны еркіне жібермейді.

9.Етістіктің бастауыш болуы? Айтушы-сен бол, орындаушы-біз болайық.

10.баяу сөзіне фонетикалық талдау жаса.

11. әнші сөзіне морфологиялық талдау жаса


3 топқа берілген сұрақтар ға жауап алынып болған соң , барлығына ортақ «Затесім» деп тігінен жазылған торкөзге 1.Дерексіз ұғым атауы;2.Адамның туыстық атауы;3. Заттық ұғымды білдіретін қимыл атауы; 4.Абайдың әйелінің аты;5.Аңның аты; 6.Табиғат құбылысының атауы; 7.Металл аты (осы ларды, яғни барлығы зат есімнен тұратын сөздерді табу ұсынылады) (жауабы :1. сезім.2.Нағашы.3.Аттаныс.4.Айкерім.5.Арыстан.6.Үскірік.7.Күміс) Жылдам шешкен топқа ұпай беріледі.
Сонымен балалар, біз нені білеміз?нені білдік? Нені білгіміз келеді? Деген сұрақты қоя отырып сабақты бекітемін.

Оқушы білімін бағалаймын.



Үйге тапсырма: «Ана тілім-асылым» тақырыбына ойтолғау жазуға. Бастауыш-баяндауыштарды тауып , сызып келуге.
жүктеу 119,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау