Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



жүктеу 22,18 Mb.
бет22/53
Дата21.12.2017
өлшемі22,18 Mb.
#5160
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53

ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 49,50-жаттығу 161-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
89. Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 49,50-жаттығу161-бет.Тоқымыда жасырылған сөздер: шырша, қайың, терек. 50-жаттығу берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу: күлем, үскі.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:

1

Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз

І Менің құлын... І Біздің құлын...

ІІ Сенің құлын... ІІ Сендердің құлын...

Сіздің құлын... Сіздердің құлын...

ІІІ Оның құлын... ІІІ Олардың құлын...

3

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... кітабым .... кітабың

... кітаптарың .... кітабыңыз

... кітаптарыңыз ... кітабымыз

.... кітабы ... кітаптары

№5

Қай жақта тұрғандығын анықта:

... атам ... атамыз

... атасы ... аталары

... атаң ... аталарың

... атаңыз ... аталарыңыз



2

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... үйім ... үйіміз

.... үйіңіз .... үйі

.... үйің ... үйлерің

... үйлеріңіз ... үйлері

№4
Қай жақта тұрғандығын анықта:

... добың ... доптарың

... добым ... добымыз

... добыңыз ... доптарыңыз

... добы ... доптары





Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 51-жаттығу түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру: халық-халқым, білек-білегің т.б. Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгерістерге ұшырағанын ату, байқату.52-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: ауыз-аузы. 53-жаттығу Жақшадағы сөздерге тисті тәуелдік жалғауды жалғап жазу: Біздің халқымыз бақытты. Сенің дауысың естілмейді. Менің уақытым болмады. Мемлекеттің мүлкін шашпа. Ораз ернін жыбырлатты. 54-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу. 1. Біздің туған жеріміз, Отанымыз қай мемлекет? 2.Тәуелдеулі сөздерді табу (балаларың, халқың, келбетіңе)

ҮІ. Бекіту: 55-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала. ІХ. Оқушыларды бағалау
90. Тақырыбы: Мазмұндама

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі сабақта біз мазмұндама жазамыз.Мазмұндама жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Мазмұндаманы қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Мазмұндама мәтінін мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3-4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Мазмұндаманы жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді.

Жоспар: 1. Сүйкімді мысық. 2. Ойынға құмарлық. 3. Ұнамсыз қылық.



Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұратынына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал, қазір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пешті түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.



Тірек сөздер мен тіркестер: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау. Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
91 Тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға етістік туралы білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 1-жаттығу суретке қара, сурет мазмұны бойынша әңгіме құра, әңгімеге ат қой. Не істеді? сұрағына жауап беретін сөзді тап? Бұл сөз етістік болып табылады ма? Неліктен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 2-жаттығу жұмбақты оқу, шешімін табу: аққу. Етістіктерді теріп жазу: қалқиды, тарайды, қарайды. Етістіктің сөйлемде алатын орны ерекше, неліктен?

3-жаттығу сөздерді оқу, екі бағанға бөліп жазу:



Зат есім

Етістік

Ата, іні, балық, түйе, шортан.

Ойнады, жинады, қуды, жарысты, айтты.

4-жаттығу беріген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдегі етістіктердің астын сызу, сұрақ қою.

ҮІ.Бекіту: 6-жаттығу Ескен Елубаевтың «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» өлеңі арқылы етістіктерді табу, жануарлардың дыбыстауы туралы білу.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?Етістік дегеніміз не?Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 165-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау
92. Тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің сөйлем ішінде қай сөзбен байланысты болып келетіні туралы білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.5-жаттығу.Бие құлындайды, сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, түйе боталайды, ешкі лақтайды. Не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 7-жаттығу. Жұмбақпен жұмыс: жұмбақтың шешуін табу, етістіктерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін табу. 8-жаттығу. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жазу.

Ұшады, жазады, сауады, байқайды, тарқатады

Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті.

9-жаттығу. өлеңді жатқа жазу. 10-жаттығу. Ұйқасын табу:

Тастан тасқа секіріп, Жем тереді кекілік.

Айбат шегер алыстан, Аң патшасы арыстан.

ҮІ. Бекіту: Толықтыру тестін ұйымдастыру:

Лақ


Сәуле


Берілген сызбаны етістіктермен толықтыр.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін не үйрендік? Етістік қандай сөздермен байланысып тұрады? Етістік дегеніміз не? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 11-жаттығу, 167-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау
93. Тақырыбы: Етістіктің дара және күрделі түрі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің дара және күрделі түрлерін туралы білімдерін кеңейте түсуге, оларды ажырата білуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау,жинақтау.Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 11-жаттығу, 167-бет. ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру.12-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып көшіріп жазу: Жыршы жыр айтты. Ақын өлең жазды. Дәрігер ауруларды емдеді. Мұғалім балаларды оқытты. Сауыншы сиыр сауды.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Дара етістік – бір ғана сөзден болатын етістік.(кірді, жуды) Күрделі етістік – екі не одан да көп сөзден болатын етістіктер. (жазып отыр, келе жатыр). Оқушылардың әрқайсысына дара және күрделі етістіктерден мысал келтір. 13-жаттығу көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жазу. 14-жаттығу. Суретте не бейнеленген? Қарлығаш не істеп жүр? Балапандар не істеп отыр? т.б. сұрақтар қойып, оқушыларға әңгіме құрастырытқызу. Әңгімедегі етістіктердің дара немесе күрделі екендігін айту. 15-жаттығу ертегіні оқу, ары қарай жалғастыру, кестені толтыру:

Дара етістік

Күрделі етістік

кездестіреді, тұр

Ұстап алады, жүгіре жөнеледі, зымырап жетеді.

ҮІ. Бекіту: Терме диктанты. Өлеңде кездесетін етістіктерді теріп жаз:

Құстар қалай дыбыстайды?

Бұлбұл сайрайды, Торғай шырылдайды, Шағала шаңқылдайды, Қарға қарқылдайды, Сауысқан шықылықтайды, Әтеш шақырады,Тауық қыт-қыттайды,Қаз қаңқылдайды, Тырна тыраулайды, Аққу сұңқылдайды, Сұңқар саңқылдайды.



ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен?Дара етістік дегеніміз не?Мысал келтір Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 16-жаттығу 169 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
94. Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды етістік туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 16-жаттығу, 169-бет. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Бір ғана сөзден болатын етістікті не деп айтамыз? Екі не одан да көп сөзден болатын етістіктерді қалай айтамыз? Оқушылардың әрқайсысына дара және күрделі етістіктерден мысал келтір.

жүктеу 22,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау