Сабақтың түрі: дөңгелек үстел Сабақтың әдісі: сто әдісі



жүктеу 55,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі55,93 Kb.
#23847
түріСабақ


Тақырып:«Қазақстан 2050. Мәңгілік ел»

Мақсаты:


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, студенттерге түсіндіру. 

Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге туған ел 

тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың әдісі: СТО әдісі

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, 

Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Интерактивті тақта, слайдтар. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Куратор сағатының барысы.

І. Ұйымдастырушы кезең

Шаттық шеңбері. Бір - бірімізге жүректен шыққан жылы лебіздерімізді 

білдірейік. (Слайд )

«Миға шабуыл» әдісі.

-Студенттер, Жолдау дегенді қалай түсінесіңдер. Топтастырайықшы.(Слайд )

- Биылғы Жолдаудың тақырыбы қалай?

- Елбасы биылғы Жолдауды қай күні жариялады?

- Сендер тыңдадыңдар ма?

- Жолдаудың қарастырылған негізгі бағыттарды атаңдаршы?

- Иә, студенттер, бүгінгі дөңгелек үстелде Елбасының халыққа Жолдауын 

қарастырып, талқылаймыз. (Слайд ). Ол үшін ІІІ топқа бөлінеміз. Менің 

үстелімде қызыл, көк, сары түстер бар. Әрбір топ бір - бір түстен алыңыздар. 

Қызыл түс таңдағандар, Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылайды. Көк 

түстер - Жолдаудағы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелеріне 

тоқталады. Сары түс - толықтырады, қорытындылайды. (Слайд )

«Ой қозғау» әдісі. (Слайд )

І топ - қызыл түстер

Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің 

дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты 

тапсырмалар жүктеді. Осыған дейінгі Жолдауда 2050 - жылға дейінгі 

стратегиялық бағыттар айқындалса, енді осы стратегияның жүзеге асырылу 

тетіктері көрсетілді. Мысалы, айтылған мерзімге дейін жеті бесжылдық 

болса, осы әрбір бесжылдықта жаңа инновациялық идеялар іске асатын 

болады.


ІІ топ - көк түстер.

Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жастар білімі мен тәрбиесіне 

ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдарды дөп басып 

отыр. Елбасымыздың Жолдауына орай тағы бір айтпағым, қазақ тіліне 

қатысты мәселе. Бүгінде біздің ана тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің 

тіліне айналған. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз 




Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болады. Еліміздің ертеңі – жастардың 

қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып, 

еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек.

ІІІ топ


«Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 

«Қазақстан – 2050» Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі 

жол»,- деген Президентіміз. Қазақтың «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» 

деген даналығы бар. Біздің ата - бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік 

болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. «Білікті мыңды жығарын» өмірдің 

өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы 

білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни 

студенттердің алдына қойған мақсаты.

«Ой қорыту» әдісі. (Слайд )

Біз Елбасының Жолдауын дөңгелек үстелде топтар бойынша талқыладық, ал 

енді өз ойларыңды қағаз бетіне түсіресіңдер, яғни Жолдау бойынша эссе жазу

керек. (Слайд ) (Студенттер эссе жазып, оны оқып береді, осы уақытта 

қонақтармен мынадай жұмыс жүргізіледі).

Қонақтармен жүргізілген жұмыс. (Слайд )

Құрметті ұстаздар, қонақтар!

Интерактивті тақтадағы мына 20 сөзді пайдаланып, барша Қазақстан халқына

ақ тілек білдірсеңіздер.

1. Жолдау

2. Мәңгілік ел

3 Елбасы


4 Заң

5 Қыз


6 Ұл

7 Қазақстан

8 Ата - ана

9 Ту


10 Әнұран

11 Астана

12 Қазақ тілі

13 Жер


14 Байлық

15 Тыныштық

16 Мектеп

17 Білім


18. Оқу

19. Ақыл


20. Достық

Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер айту. (Интерактивті тақтада мақал - 




мәтел жазылған, оны жалғастыру керек.) (Слайд ).

Куратордың қорытынды сөзі:

«Қазақстан - 2050 – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, 

келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай 

берсін Елдігіміз Мәңгілік!»- деген елбасымыздың қорытынды сөзімен 



аяқтағым келеді. (Слайд ). Белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет!

жүктеу 55,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау