Қысқа мерзімді жоспары
|
Бөлім
|
Бейне жасау (ортақ тақырыбы: "Табиғи құбылыстар")
|
Педагогтың аты-жөні
|
Рамазанова Сәнім
|
Күні
|
27.01.2022
|
Сынып 6
|
Қатысушылар саны
|
|
Қатыспағандар саны
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
VideoPad редакторының мүмкіндіктері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
4. 2. 4. 1 бейнеклиптерді жасау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылар:
Бейнемен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғыларды біледі
Бейнені өңдейтін бағдарламалардың мүмкіндіктерін сипаттайды
|
Бағалау критерийлері
|
Бейнемен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғыларды біледі
Бейнені өңдейтін бағдарламалардың мүмкіндіктерін сипаттайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
бейнежазу–запись видео -videorecording;
файлдықосу-добавить файл-addfile
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті ету
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, ағылшын тілі
|
Акт қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу
|
Алдыңғы білім
|
Бейнежазба
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру бөлімі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Топқа бөлу. Түрлі түсті кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Сабақтың тақырыбын «Адасқан әріптер» әдісі арқылы анықтау. Қай топ бірінші жауап береді сол топқа бір жұлдызша беріледі.
4. Өткен тақырып бойынша сұрақтар «Кір жаю» әдісі арқылы қойылады. Қай топ қанша сұраққа жауап береді сол топқа сонша жұлдызша беріледі.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын анықтайды, ребус шешеді, дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады, топқа бөлінеді.
4.Өткен сабаққа қатысты сұрақтарға жауап береді.
|
Топаттары жазылған қағаз
Жұлдызша кеспе қағаздары.
Киімдер кеспе қағаздары.
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты тұсіндіру.
VideoPad редакторы құралдар тақтасының қызметімен толықтай танысып алайық (41-сурет). Осы құралдарды пайдалану арқылы біз видеожазбаларды сапа лы дайындай аламыз. Сонымен қатар олар видеожазбалар ға әртүрлі әсерлер, аудиолар, суреттер, мәтін титрлерін енгізуге мүмкіндік береді.
Енді біз VideoPad редакторының құралдарының ішіндегі ең маңыздыларымен танысайық.
1. Нысандарды кірістіру батырмасымен (42-сурет) видеожазбаларға қарапайым мәтін, анимация лы титрлер, суреттер кірістіруге, оларды бос фондармен безендіруге болады.
Видеожазбаға Мәтін кірістіру терезесі мәтіндік редактор терезесіне ұқсас. Видеожазбаға енгізілген мәтіннің түрін, мөлшерін, түсін өзгерте аламыз (43-сурет)
2. Жазу батырмасымен (44-сурет) экран бетін түсіруге, видео, аудио жазуға, жасалған видео жазбаны дыбыстауға (озвучить) болады.
Мәтіндік әсерлер (эффектілер) көмегімен түрлі мәтіндерді жоғары, төмен, оңға, солға айнал дыру бағыттары бойынша, толқынды және жазу мәшинесі түріндегі мәтіндердің типін пайдалануға болады. Мәтіндердің түсін, түрін, мөлшерін өзгерте аламыз. Қаріптің түстерін
таңдауға болады. Сонымен қатар видео жазбаға уақыт,
минут, таймер көрсету мүмкіндіктері де бар.
4. Аудио әсерлер дыбыс деңгейін реттеуге және өзгеде
әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді.
5. Видео әсерлер көмегімен видео жазбаға әр түрлі әсерлер
қосуға болады.
6. Ауысулар көмегі мен видеожазбалар арасына түрлі
ауысулар жасауға болады.
1-тапсырма Топтық жұмыс
«Videopad редакторының мүмкіндіктері» постер қорғау Дискриптор:
VideoPad редакторының құрылғыларын біледі.
Постер қорғайды.
Жұлдызша арқылы бағалау.
2-тапсырма
«Сұрақ жауап» әдісі.
Слайдта ұяшықтар көрсетіледі, әр ұяшықта бір сұрақ бар. Оқушылар кезек кезек ұяшық таңдап сұраққа жауап береді.
Жұлдызша арқылы бағалау.
Сергіту сәті.
«1,2 чачача» әдісі.
Кері байланыс «Қар кесегі» әдісі арқылы әр топ бір біріне сұрақ жазып, бір бірімен алмасады.
|
Мұғалімді тыңдайды
Анықтамасын дәптерге жазады
1-тапсырманы орындайды
2- тапсырманы орындайды
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия «Ұстазға хат» әдісі
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерін параққа жазып, конвертке салып береді.
|
Қағаздар, конверт
|
Үй тапсырмасы
|
Videopad редакторында видео дайындап әкелу.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |