Пәнаралық байланыстар
|
Физика: жылдaмдық, жол, уaқыт
|
Алдыңғы білім
|
Теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Квадрат теңдеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сaбaқтағы жоспaрлaнғaн іс-әрекет :
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сабақта психологиялық ахуал туғызу. «Ыстық лебіз» бойынша бір –біріне қошемет сөздер айтылады. Сыныпты теңдеудің коэффициенттері жазылған карточка арқылы топқа бөлу.
Ширату жаттығулары: «Иә, жоқ» әдісі. Оқушыларды ойлау қызметіне жылдам араластыру үшін және тақырыпты игеруге біртіндеп көшу мақсатында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерінің бірі «Иә, жоқ» әдісі қолданылады.
|
Иә
|
Жоқ
|
ах2+вх+с=0, х-айнымалы, а,в,с- кез келген сaндар және а≠0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады
|
|
|
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квадрат теңдеуінде:
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квадрат теңдеуінде:
в=0, онда ол толымсыз квaдрат теңдеу болaды.
|
|
|
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квадрат теңдеуінде:
с=0, онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады.
|
|
|
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квадрат теңдеуінде:
в=0, с=0, онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады.
|
|
|
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квaдрат теңдеуінде:
а=1, онда ол келтірілген квaдрат теңдеу болaды.
|
|
|
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квадрат теңдеуінде:
ах2+вх=0, а≠0 теңдеуінің әр түрлі 2 түбірі болады.
|
|
|
Егер ах2+вх+с=0, а≠0 квадрат теңдеуінде:
ах2+с=0, а≠0 теңдеуінің әр түрлі 2 түбірі болады
|
|
|
Оқу мақсатын оқушылармен бірге анықтау: Квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Оқушылар «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өзіне қажетті мәліметті, ақпаратты жазып алады.
Осы әдіс арқылы оқушылар алған білімдерін түсіндіреді.
1-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі қолданылады. Алған білім-дерін нақтылау. Бұл әдіс квадрат теңдеудің түрлерін ажыратуға тиімді әдіс.
Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, ойлау, шешім қабылдау, креативтілік.
3х2+4х+8=0
3х2=0 толымсыз квадрат теңдеу
-16х2+8х=0 квадрат теңдеу
5х2+2,5=0 келтірілген квадрат теңдеу
-5х2-х=0
х2+2х+3=0
Дескриптор:
квадрат теңдеудің түрлерін біледі, ажыратады;
дұрыс жауабын сәйкестендіреді.
ҚБ:«Бас бармақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды.
«Неліктен» сұрақтар әдісі. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнайды.
(Ө,Т) 2 –тапсырма. «Ирек» әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда тиімді болмақ. Өзара оқыту ұйымдастырылады. Оқушылардың белсенділігін арттырaды,топта қарым-қатынaсын нығайтaды, матемaтика тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Әр оқушы ақпaрат беруші және aлушы ролін атқарады.
Қалыптасатын дағды : ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім қабылдау, креативтілік.
1)25х2=0 2)х2-49=0 3)4х2=64 4)х2+5х=0
Үлгі бойынша квадрат теңдеуді шеш:
а) х2-2х+1=0 ә) х2+12х+36=0 б) 4х2+12х+9=0 в) 25х2-60х+36=0
Үлгі: х2+6х+9=0
Ш: (х+3)2=0
х+3=0
х= -3 Жауабы:(-3)
Дескриптор:
толымсыз квадрат теңдеуді шешу алгоритмін біледі.
толымсыз квадрат теңдеуді шешеді;
үлгі бойынша келтірілген квадрат теңдеуді шешеді.
квадрат теңдеулердің түбірін табады.
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі бойынша бағаланады. Дұрыс жауап – үлкен жұлдызша, маңызды емес қатесі бар – орташа жұлдызша, қатесі бар – кішкене жұлдызша.
(Т) 3-тапсырма. БФЕ (Барлық факторларды ескеру) әдісі.
Идеяны ойлауға, шешім қабылдауға шақырады.
Қалыптасатын дағды: ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім қабылдау, креативтілік.
Астана қаласындағы Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран көшесі өзара тік бұрыш жасап қиылысады. Жолдардың қиылысу нүктесінен жылдамдықтары 80 км/сағ және 60 км/сағ болатын автокөліктер әртүрлі жолдарға түсіп, бір мезгілде жүріп кетті. Қанша уақыт өткен соң олардың арақашықтығы 100 км болады?
Дескриптор:
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс: «Жуан сұрақтар»
1. Сіздер қалай ойлайсыздар, келтірілген квадрат теңдеулерді шешу жолдарын іздестіруге бола ма?
2.Мәтін есеп арқылы теңдеу қалай құрамыз?
3.Мәтін есептерде теңдеудің түбірлерінің қандай ерекшелігіне назар аударамыз?
|
Оқулықен жұмыс :
№
Таратпа материал
«Жұлдызша» үлгідегі таратпалар, үлестірме тапсырмалары
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды Тест 5 есептен тұратын тест алу арқылы балалардың білімдерін тексеру.
Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.
Бүгінгі өтілген сабақ бойынша әр оқушының оқу мақсатына жетуі анықталады.
Кері байланыс
Үйге тапсырма:Бүгінгі сабақта өтілген тақырыбымызды нақтылау мақсатында келесі тапсырма беріледі.№
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы
|
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
1- тапсырма. Диалог және қолдаукөрсету тәсілімен сөзбен қолдау көрсете отырып, ынталандырамын.
2-тапсырма. Қарқын тәсілі бойынша негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.Себебі, кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды,ал кейбіреулері уақытты қажет етеді.
3-тапсырма. Қорытынды тәсілі бойынша барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріліп, олардың әрқайсысынан өздерінен не күтілетіндігіне көз жеткізу керек
|
«Бас бармақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды
«Жұлдызша» әдісі бойынша бағаланады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
|
Топтағы жұмыстарда оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін сақтау. Caбaқ бapыcындa түзу жәнe тiк oтыpулapын қaдaғaлaу, әpбip oқушының қaуiпciздiк тeхникacы epeжeлepiн caқтaуынa мән бepу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |