Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерді безендіру Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 54,12 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі54,12 Kb.
#16187
түріСабақ

Пәні: Информатика Пәні: Информатика

Сыныбы: 6«А» Сыныбы: 6 «Б»

Күні: 12.04.2017 ж. Күні: 12.04.2017 ж.

Сабақтың  тақырыбы: Тұсаукесерді безендіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: PowerPoint бағдарламасы туралы білімдерін тереңдету, тұсаукесерді безендіруді үйрету, алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын  арттыру.

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін , қиялын дамытудың тиімді тәсілдерін қолданып, танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе алатын, әрбір істі саналы  түрде орындай білетін, жауапкершілік  қасиеттері қалыптасқан қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті  тақта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақ жабдығы: тақта, бор, компьютер, интерактивті тақта, бейнетаспа, оқулық.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақ барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау

Ширату  кезеңі (тест алу)

1. Тұсаукесерлер құруға арналған программа қалай аталады?

А. Мәтіндік процессор

В. Графикалық редактор

С. Операциялық жүйе

Д. Тұсаукесерлер құрушы конструктор

2. Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?

А. Бастау- Программалар- Microsoft Office

В. Бастау- Программалар- Стандарттық

С. Бастау- Программалар- Стандарттық- Қызметші

Д. Бастау- Программалар- Microsoft Word

3. Әр слайдпен жеке жұмыс істейтін қарау режимін таңдаңдар:

А. Сұрыптауыш

В. Әдеттегі

С. Слайдтар көрсету

Д. Ескертпе беттері

4. Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыруды орындайды?

А. Басты

В. Түр


С. Дизайн

Д. Кірістіру

5. Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?

А. Office батырмасы- Құру

В. Басты- Құру

С. Басты- Бос тұсаукесерді құру

Д. Басты- Бос тұсаукесерді шаблонннан құру

6. Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?

А. Басты- Слайд құру

В. Дизайн- Слайд құру

С. Office батырмасы- Слайд құру

Д. Басты- Макет

7. Жаңа тұсаукесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет:

А. Тақырып және нысан

В. Титул (алғашқы бет)

С. Бөлімнің тақырыбы

Д. Екі нысан

8. Ағымдағы слайдты жою бұйрығы:

А. Басты- Слайдты жою

В. Дизайн- Слайдты жою

С. Office батырмасы- Слайдты жою

Д. Басты- Макет- Слайдты жою

9. Жасырын слайд қалай жұмыс істейді?

А. Ол тұсаукесердің ешбір қарау режимінде көрінбейді

В. Тек сұрыптағыш режимінде көрінеді

С. Әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде көрінеді, бірақ тұсаукесердің көрсетілуі (демонстрациясы) кезінде өткізіп жіберіледі

Д. Тек тұсаукесердің көрсетілуі (демонстрациясы) режимінде көрінеді

10. Бірнеше іргелес слайдтарды қандай пернемен ерекшелейді?

А. Shift

В. Alt


С. Ctrl

Д. Capslock



ІІІ. Жаңа сабақты  түсіндіру

Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың дизайн бөлімі дайын тақырыптарды пайдалануға мүмкіндік береді. Егер ұсынылған тақырыптардан өзгеше етіп жасағыларың келсе, безендірудің барлық параметрлерін өздерің баптауға болады.

Түстер шешімін өзгерту үшін Дизайн- Түстер- Тақырыптың жаңа түстерін құру бұйрығын орындаңдар.

Түстер сызбасы- ол слайдтарға, ескертпелер беттеріне немесе үлестіру материалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын.

Дизайн- Фонның мәнерлері- Фонның пішімі бұйрығы фонның құйып толтыру түсін өзгертуге жағдай жасайды.



Безендіру шаблоны- ол тұсаукесерлердің маркерлері мен әріптерінің түрін және мөлшерін, қоршау сызықтарының мөлшерін және орналасу орнын, фондық суреттерін және фонды безендіру параметрлерін, түстер сызбасын, слайдтарының үлгілерін және тақырыптарының қосымша үлгілерін бірге есептегендегі мәнерінен тұратын файл.

Слайдтың үлгісін таңбалап белгілеу тұтас тұсаукесер үшін өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін Түр- Слайдтардың үлгісі тіркеме бетіне өтсек жеткілікті. Онда төмендегідей қажетті параметрлерді баптауға болады:



  • Толтырушыны кірістіру (тұсаукесерге қандай нысан қосылатынын көрсетуге мүмкіндік береді);

  • Тақырыпты таңдау (түс тәсімдерін, қаріптерді және әсерлерді таңдауға мүмкіндік береді);

  • Фонның мәнерін таңдау (фонның құйып бояу тәсілдерін немесе фондық сурет таңдауға мүмкіндік береді);

  • Слайдтың терілу бағытын таңдау (кітаптық немесе альбомдық бағытты таңдауға мүмкіндік береді)

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Өз тұсаукесерлеріңмен жұмысты жалғастырыңдар. Тұсаукесер слайдтарының саны жетіден кем болмауы керек. Тұсаукесерді онымен жұмыс істеуді келесі сабақта жалғастыратындай етіп, сақтаңдар.



В деңгейі

А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Өз тұсаукесерлеріңе тақырыптың жаңа түстерін құрыңдар және қолданыңдар.



С деңгейі

В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Фонның безендіруін дайын файлдан қосыңдар, суретті текстураға түрлендіріңдер. Фонды мөлдір етіп баптаңдар.



V. Бекіту.

  1. Жолақтың Дизайн тіркеме парағының бұйрықтарын атаңдар.

  2. Тақырып деген не?

  3. «Безендіру шаблоны» деген не?

  4. Слайдтың түстер сызбасын қалай өзгертеміз?

  5. Фонның құйып бояуының түсін өзгерту үшін қандай бұйрықты шақыру керек?

VI. Үй тапсырмасын беру. §28. Түйін жаттау. Тест

VII. Бағалау.

Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
жүктеу 54,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау