|
Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу Сабақтың мақсаты
|
бет | 1/3 | Дата | 18.12.2017 | өлшемі | 0,76 Mb. | | #4844 | түрі | Сабақ |
|
Пән аты: Информатика
Сыныбы 5
Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді, суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді, жазу құралын пайдалануды, салынған суретті ашуды үйрету.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: практикалық жұмыс
Әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі тест жұмысы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тест жұмысы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Компьтердегі тәжірибелік жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Тест жұмысы
1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
В) 1
С) 0
D) 4.
2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
В) Ctrl
С) Shift
D) Delete.
3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес
D) Жұмсақ және қатты.
4. Жай күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты
D) Файлдың көлемі.
5. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
D) Бастау Басқару тақтасы Экранның шешімділігін баптау.
6. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?
А) Сызуға болады
В) Болмайды
С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты.
ІІІ. Жаңа сабақ
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .
Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу → Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.
Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.
Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі - .
Тазалау- ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.
Түстерді айналдыру.
Көшіру.
Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.
1-тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке
көшірмесін аламыз.;
2-тәсіл – фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламыз;
3- тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.
Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.
Мәтінмен жұмыс істеу
PAINT – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба- белгілеулер құрылады
Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|