Үй тапсырмасы: Қалған екі слайды аяқтап келу. Оқушыларды бағалау. 1. Карточка (әр оқушыға тарату) Оқушының аты-жөні ________________________ Жаңа материалды түсіндіру барысында мұғалім тарапынан кемшіліктер болды ма? Практикалық жұмыста басқару батырмаларын, слайдтарды ауыстыру сізге қиындық тудырды ма? Бүгінгі сабақта өзіңізге неше қоясыз? Жалпы сабақ сізге ұнады ма? Осы типті сабақтардың жиі өткенін қалайсыз ба? Қорытындылау. Қолдарыңыздағы күннің екі жақты, көңілді және көңілсіз екенін байқадыңыздар. Егер бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз жақсы болса, көңілді жағын, кері әсер етсе, көңілсіз көтеріңдер.
Барлықтарыңызға рахмет. Сабақ аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |