Активті газдарды (оттегі қатысатын газдар) қара металды кескенде, ал пассивті газдарды тусті металдар мен олардың қорытпаларын кескенде пайдаланған тиімді болады. Жабдықтар. Автогендік машина жасау зауыттары плазмамен кесуге арналған машиналардың 9 түpi, оның ішінде 7-тұрақты, 2-жылжымалы машиналар шығарады. Қолмен және машинамен плазмалы кесудің жартылай автоматты машиналарының 3 түрін және қолмен кесуге арналған машиналардың 2 түрін шығарады. Тұрақты машиналар да үш түрлі құрылымдық сызбада шығарылады: порталды (5-түpi), порталды-консольды (1-түpi), топсалы (1-түpi). Жылжымалы машиналардың 1 немесе 2 плазматрондары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |