Сабақтың тақырыбы: «Отбасы мүсіні»



жүктеу 115,77 Kb.
Дата03.03.2018
өлшемі115,77 Kb.
#11124
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы мүсіні»    ( лекция-тренинг)
Сабақтың мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

           Тренингтің барысы:

Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық... ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.

 Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингімізді бастадық?

   Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

       Отбасы- кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.

Нақ  отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы  мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа  байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ от басы болмайды.Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.

Идеалды отбасы- бұл... ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады).

Өзгертілген жұмыс. «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)

«Отбасы мүсіні» жаттығуы.

    Жаттығуды орындау үшін отбасында  кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек.Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады.Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды.Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады.Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды.Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты.Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі  көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады.Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.

 «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.

    Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

     Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін         әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

   Тыныштық сәті    ақырын музыка ойнап тұрады. Көздеріңізді жұмып балалық шақтарыңызды еске аласыздар.
«Менің бақытты балалық шағым»  жаттығу

 Біраз уақыттан соң, әр топтан бір ата ана еске алғандарын туралы ойларын ортаға салуды ұсыну.

 Бала қандай болады

    Егер:

-   Баланы сынап отырса , ол  ... (жек көруді) – үйренеді

-   Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол...  (агрессивті болуды) үйренеді

-   Бала кінәлап отыруда  өмір сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.

-  Бала төзімділікте өссе,  ол.... (басқаларды түсінуге) үйренеді.

-  Баланы қолдап отырса,  ол... (басқаларды түсінуге) үйренеді.

-  Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық) үйренеді.

- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.

- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)

 (өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).

Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)

Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады....)

Аталмыш жұмыс (плакатта көрсетеді) әңгімелесуге келесі тақырыпты ашады: мадақтау мен жазалау.

Миға шабуыл.( Сұрақтарға жауап, өз тәжірбиелерімен алмасу)          

   Ата-ана болу –бұл қуанышты, сонымен бірге көп күш салуды қажет ететін еңбек. Осы жұмысты атқара отырып, біз бірнеше мәрте тығырыққа тірелеміз. Баланы жазалауға болады ма?, Қашан және мұны қалайша жасау керек?, Баланы мадақтаумен бұзуға бола ма?, Баланы не үшін мадақтауға болады?

Сіздердің назарларыңызға  ұсынылатын нақыл сөздермен таныс болыңыздар және осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңызды құрыңыздар.

Ұлы адамдардың, халық даналығының ойларымен келісесіз бе әлде жоқ па?

1.   Кім мені мақтаса- сол менің жауым ( корей мақалы)

2.    Өзіңді мақтаған адамға сенбе ( жапон мақалы)

3.   «Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады» Ф.Э. Дзержинский.

«Балада еркіндік көп болған сайын, жазалау қажеттілігі де соғұрлым аз. Мадақтау көп болған сайын, жазалау соншалықты аз» Я. Корчак

4.   «Қылмыскерді емес, істеген әрекетін кінәла» Жапон мақалы.

    «Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» Фин мақалы.

5.  «Баланы дүре соғумен емес, ұятпен жазала» орыс мақалы.

6.  « Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды» И.Кант.

7.    «Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П. Чехов.

Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.

Талқылауға тапсырма: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.            Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Жүргізуші:тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

Сұрақ метафора: ата – аналарға: егер де отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?

Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ)..........талқылау.........

Жүргізуші: ал енді осы өскіншеге жапсырылған  сөздерді алып  тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз... Ол өледі.Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.

Тапсырма: Ал енді осы аңыздан кейін қазіргі заманның отбасылар формуласын құрайық. Әрқайсыңыз өз формулаңызды құрып көріңіздер ( тәрбие берудегі оң нәтижелерді назарға алу).Жауаптары тыңдалып  отбасында балаға тәрбие берудің құпия заңдары көрсетілген формула ұсынылады: ( плакатта жазылған схема көрсетіледі).

Отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы

3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.

         Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса,егер ата-анасы  өмірге сергек әрі сенімді қарайтын баласының достары  болса, демек, бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады.Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы- баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.

Рефлекция: «Жылулық шеңбері»

Ал енді барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап  үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсысымыздың өз орнымыз, өз есебіміз бар....

Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға бергіміз келетіндігін барлығы сезінетіндей етіп жасау біздің күш- жігерімізде. Біз қаншалық көп берсек, соншалықты өзісізге қайтады, себебі біздің әрқайсымыз- тұтас үлкеннің жартысымыз, сіздің өз отбасыңыздың бір бөлшегіміз... ( сезіну мен жанасу коммуникациясы)

 Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады.

      Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.

Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!



Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.     

Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»[1]- деді. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға қатысатыны белгілі.
Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас жайлы мәселе – қашанда өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Ұстаз бен ата - ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргідей жан - жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін мектеп пен мұғалімге жүктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл?
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»[1]- деді. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға қатысатыны белгілі.
Осы тұста мектеп мұғалімдеріне қойылатын міндет те зор болмақ. Тек бала тәрбиесімен ғана айналысып қоймайтын мектеп ұстаздары ата - анамен де жұмысты қатар алып жүретіні белгілі.
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Ал, бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. «Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата - аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата - анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу - тәрбие үрдісінің не табысты, не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін қалыптастырады» [2, 12] - деп атап көрсетілгеніне қарап, отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы екенін түсінуіміз қажет.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Ал бұл ынтымақтастың орнауы әрине, сынып жетекшісіне байланысты. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысады, сонымен қатар ата - аналармен жасалатын жұмысты да осы педагог атқарады.
К. Ж. Қожахметова өз еңбегінде: «Халық даналығының ережелері, адамның әрекеттері мен қызметтерін оның мәртебесіне сәйкес: ата, әже, әке, ана, ұл, қыз, күйеу бала, келін деп реттеп қана қоймайды, сонымен бірге халық даналығының өсиеттерінде, әрбір рөлдің қызметі мен терең идеялық мағынасы сақталады» - деп атап көрсеткен. Иә, шынымен де, отбасындағы осы әрбір рөлдің қызметі мен маңызы зор. Бала тәрбиесі үшін әрқайсысының қатысы ерекше. Осы мәселелерді саналы меңгерген ұстаздар қауымы ғана, халық даналығының ережелерін білетін мұғалім ғана ұрпақ тәрбиелеуде, ата - анамен жұмыс жасауда жетістіктерге жетері сөзсіз.

№249 мектеп-лицей бойынша

ата-аналармен жүргізілген

психологиялық тренинг



ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2015 жылдың 2-3 желтоқсан күндері 5-7 сыныптың ата-аналарымен «Отбасы мүсіні» тақырыбында лекция-тренинг жүргізілді. Тренингке 30 ата-ана қатысты.

Тренинг барысында «Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ» тақырыбында отбасы туралы шағын лекция оқылды.

Лекция әрі қарай тренингпен жалғасты.

Тренингтің басы ата-аналардың бір-бірімен танысуы үшін шеңбер құру арқылы танысу тренингі жүргізілді. Ата-аналардың танысуынан кейін отбасы туралы пікірлері тыңдалды. Әрі қарай «Отбасы мүсіні», «Отбасы оқиғалары», «Менің бақытты балалық шағым» тренингімен жалғасып, ата-аналардың көңіл-күйлерінің көтеріліп, балалық шаққа саяхат жасауына мүмкіндік берілді.

Ата-аналар тренингтен алған әсерлерінің көмегімен отбасындағы тәрбие заңдылықтары формуласын құрып, әр отбасындағы заңдылықтармен бөлісіп, өз ойларымен бөлісті.

Тренинг барысында ата-анлар жоғары көңіл-күймен, белсене араласып, қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.



Соңында «Жылулық шеңбері» рефлециялық сәт жүргізіліп, ата-аналардан тренинг барысында алған әсерлері мен ұнаған сәттері туралы сұралды. Ата-аналар өз кезегіне пікірлерін айтып, жақсы ойларымен бөлісе отырып, тарасты.
№249 мектеп-лицей психологі: Ш.Байзакова
жүктеу 115,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау