ІІ Мағынаны тану кезеңі
«Қобыланды батыр» – халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының бірі. Ата-анасының зарығып жүріп көрген жалғыз баласы Қобыланды бойына жастайынан ерге, батырға тән қасиеттерді жиып өседі. Ер-азаматқа лайық ісімен шартты орындап, Көктім аймақ ханның жалғыз қызы Құртқаны ұзатып алуынан басталған жыр оқиғасы Қобыланды батырдың ерлік, батырлық, намысшылдық іс-әрекеттерімен жалғаса береді.
«Қобыланды батыр» жыры Қобыландының барлық жауларын жеңіп, ел-жұртын, ата-анасын молшылыққа кенелтуімен аяқталады.
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Қобыланды батыр» жырының құндылығын, тәрбиелік мәнін анықтау мақсатында талдау жүргіземіз
1-қадам. «Зерттеу алаңы» Жұптық жұмыс.
Оқушылар ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен «Қобыланды батыр» жырының тарихи құндылығы бойынша зерттеу жүргізеді.
2-қадам. «Анықтау алаңы»Жеке жұмыс.
Жырды оқи отырып, Қобыланды мен Қараманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме беріңдер.
3-қадам. «Талдау алаңы» Жұптық жұмыс.
Қобыланды батырдың ерліктеріне назар аударыңдар. Батыр туған жері үшін қандай қаһармандық көрсеткен? Жырдың тарихи құндылығы неде? Ойларыңды шығармадан дәлел келтіре отырып, талдаңдар.
Дескрипторлар:
«Қобыланды батыр» жырының тарихи құндылығы бойынша зерттеу жүргізеді;
Қобыланды мен Қараманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме береді;
Ойларын шығармадан дәлел келтіре отырып, талдайды;
Баға береді.
ҚБ
ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.5 минуттық эссе.
«Ерлігі еліне арналған»
Оқушылар берілген тақырыпта өз қорытынды ойларын жазып, жырдың тәрбиелік мәніне баға береді.
Дескрипторлар:
Тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады. (жыр несімен құнды?);
Үзінділер арқылы ойын дәлелдейді;
Метафора, теңеу, эпитетті орынды қолданады.
Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.
|
Оқушылар
тақырыпқа байланысты мәлімет алады.
Оқушылар ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен «Қобыланды батыр» жырының тарихи құндылығы бойынша зерттеу жүргізеді .
Жырды оқи отырып, Қобыланды мен Қараманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме береді.
Оқушылар берілген тақырыпта өз қорытынды ойларын жазып, жырдың тәрбиелік мәніне баға береді.
Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |