Информатика 8 класс
Өткізген: Еренова Назгүл Бексұлтанқызы,
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «MS EXCEL-дің мүмкіндіктері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға EXCEL бағдарламасы бойынша білімді меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік, ақпараттық-технологиялық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиа құралдары.
Сабақтың әдісі:
Баяндау
Сұрақ-жауап
Практикалық жұмыс
Ойын
Тест
Пәнаралық байланыс: математика, география
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Қайталау
Практикалық жұмыс
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ойын
Тест
Сабақты бекіту
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
1. «Кім білімпаз?» Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
Электрондық кесте неден тұрады?
Жауап: Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Кітап жұмыс парақтарынан тұрады. Жұмыс парағы кесте түрінде беріледі.
Excel-де бағандарды қалай белгілейміз?
Жауап: Бағандар латын алфавиттың әріптерінен және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттың 26 әріпінен кейін АА, АВ,.....ZZ әріп комбинациялары басталады.
Excel-де жұмыс парағы неше бағаннан тұрады?
Жауап: 256 бағаннан тұрады.
Excel-де жолдарды қалай белгілейміз?
Жауап: Excel-де жолдарды сандармен нөмірленген.
Ұяшық дегеніміз не?
Жауап: Ұяшық баған мен жол қиылысынан тұрады. Әрбір ұяшықтың баған мен жол атынан құрылған адресі болады. Мысалы F
Excel-дің кеңейтілуі?
Жауап: Excel-дің объектілерімен өңделген .xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады.
Excel-де жұмыс парағы неше жолдан тұрады?
Жауап: Excel-де жұмыс парағы 65536 жолдан тұрады.
Электрондық кесте ұяшығына деректердің кандай типтерін енгізуге болады?
Жауап: Электрондық кесте ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.
Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер
Жауап: Санның мәндері бүтін, ондық бөлшектер, арнайы символдар: доллар, процент, плюс, минус т.с.с. Мәтін алфавиттік-сандар симводарынан тұрады. Уақыт, дата арасында нүкте бар сандардан тұрады.
Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?
Жауап: Тең болады таңбасымен басталып енгізілген ақпаратты айтады. Формула математикалық амалдармен жұмыс жасауға арналған.
Жұмыс кестесінің элементтері (Қысқаша мәлімет)
Excel-ді іске қосу:
Іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.
Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық – деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.
2.Маңызды түсініктер
Тақырып жолы
Стандартты құралдар панелі
Пішімдеу панелі
Бағандар атауы
Кестелік меңзер
Формула қатары
F12 ұяшығы
Қатарлар нөмерлері
Меню жолы
Стандартты құралдар панелі
Бет таңбасы
Қалып-күй жолы
3. «Кім шебер?» Практикалық жұмыс
1. Азиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанжалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді.
Осы мәліметтер бойынша кестені толтырып, медальдердің санын табу керек.
2.
3.
4.
Сергіту сәті (1 минут сергіту жаттығулар жасау)
Достарыңызбен бөлісу: |