Пән: Оператор ЭЕМ Топ:32 курс – 3
Сабақтың тақырыбы: MS Access мәліметтер базасы жөнінде негізгі мағлұматтар. MS Access МБ танысу.
Сабақтың мақсаты:
Access –ті меңгеруге керекті негізгі түсігіктерді енгізу,Access терезесімен,негізгі менюмен және саймандар тақтасымен танысу.Логикалық ойлау,қабілетттерін,сөйлеу мәдениетін,көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;сауаттылыққа,үнемшілдікке,жинақылыққа,жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу.
Білімегрлерге қойылатын талаптар:
1.Білу керек:
1 Мәліметтер базасын басқару жүйесін
2 Меню командаларын
3 Access- ті іске қосу
4 Мәліметтер базасын ашу
Көрекіліктер: интерактивті тақта,компьютер,
кеспе қағаздар,бағалау мониторингі
Сабақ барысы.
ӏ. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды жұмыс орындарына бөлу
Керек затты аламыз
Бері назар саламыз
Сәт –сапар тілеп бәріміз
Сабақты біз бастаймыз
ӏӏ.Кіріспе нұсқама :
Жалпы техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру,қайталау.
Мәліметтер базасы туралы қайталап алу.
Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге соған күтім жасау ережелері көмектесетді.
Компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылжыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз.
Мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз.
Ақпараттармен,кабелдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электор тогынан зардап шегуге соқтырып,күйдіріп жіберуі мүмкін.
Сондықтан:
Жалауша кабелдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға:
Қоректендіру сымдарына және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге :
Монитор мен пернетақтаға диск ,дәптер,кітап,сияқты заттарды қоюға:
Дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады:
Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып,құрылғыларды сөндіру,техникалық қолдау орталығына жүгіну керек.
Арқаңызды тік ұстаңыз.Ежелгі кеңес:құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды
Иықтарыңызды бос ұстаңыз шынтақтарымыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын.Басыңызды сәл алдыға енкейтіп тік ұстаңыз.
Арақашықтықтты сақтаңыз.Көз бен монитор беті арасындағы қашықтық 70 см –ден аз болмауы тиіс.Басқаша айтсақ,сіз қолыңызды алдыға созып,бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болу,тізелеріңіз тік бүрыш жасап бүгіліп,табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
MS Access бағдарламасы туралы сұрақтар
MS Access қандай бағдарлама
Мәліметтер базасы не үшін қажет
ӏӏӏ.Негізгі нұсқама :
1.Тапсырма ерекшеліктерімен таныстыру
Access –ті меңгеруге керекті негізгі түсініктернді енгізу,Access терезесімен
Негізгі менюмен және саймандар тақтасымен танысу.
Міліметтер базасы – белгілі бір пәндік аймаққа жатататын обьектілерді олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін,өзіндік аты бар мәліметтер жиыны.
Access кестелер,формалар,сұраныстар,басылымдар,макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының обьектілерімен жұмыс істейді.
2. Тапсырма таратып беру .
3.Тапсырма орындау
4.Білімді мыңды жығады –жұмыстың орындалуын тексеру .
1-ші Жұпқа қойылатын сүрақтар :
Кесте дегеніміз не (иәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған обьект,мәліметтер жиыны .)
2.Жазба дегеніміз не және қандай мәлімет береді (Кестенің бірқатары яғни жолы Жазба сипатталатын бір обьект туралы толық мәлімет береді Өріс деген не (Кеседегі бағана немесе тік жол)
2-ші жұп сқрақтары:
1.Гипер сілтеме дегеніміз не және не үшін қолданылады?
(Белгілі бір файлға сілтнме көрсеткіш.Гиперсілтемелер Accessмәліметтер базасын Internet файлдарымен не басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданылады.)
2.Макростар дегеніміз не?(Кейбір оқиғаларға жауап ретінде орнатылатын әрекеттердің сипаттамасы болып табылады.)
3.Access –ті қалай іске қосамыз?(пуск-Программалар-Microsoft Access командаларымен орындалады немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін екі рет шерту қажет.
3-ші жұп сұрақтары.
1.Access –те қандай меню пунктерін білесіңдер ? (Файл,түзету,түр,кірістіру,Сервис,Терезе,Анықтама)
2.Файл менюі құрамында қандай ішкі командалар бар?(Құру,Ашу,поиск файлов.)
3.Access –те Құру командасын не үшін пайдаланады?
(Мәліліметтер базасы файлын құру үшін )
4-ші жұп сұрақтары:
1.Негізгі менюдің қай жағында саймандар тақтасы орналасқан ?(төменгі )
2.Терезенің өзінде қанша батырма бар ?(3 батырма,олар коныструктор режимінде кесте құру,шебер арқылы кесте құру)
3.Access –тен шығу үшін қандай командаларды орындау қажет?(Access –терезесін жабу керек немесе Файл /Шығу командаларын орындау қажет.)
А.Бақылау сұрақтары.(осы бөлмеде оқушылар өз өздерін бағалайды.)
Мәліметтер базасы деген не?
МББЖ дегеніміз не?
Салалық аймақ дегеніміз не?
Кесте дегеніміз не?
Сұраныстар не үшін қажет ?
Формалар мен басылымдар қандай қызмет атқарады?
Access –менюі қандай тақталардан тұрады?
Меню пунктін қалай таңдап алуға болады?
Ішкі бет дегеніміз не?
МБ терезесінде қандай ішкі беттер ба?
Б.Ойлан,тап.
Топтық жұмыс.
Сөзжұмбақ.
Информатика
Компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын,мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар.(вирустар)
Компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдаланатын құрылғы?(пернетақта)
Саймандар тақтасындағы шрифті өзгертетін тетік?(Формат)
Компьютерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы?(модем)
Саймандар тақтасындағы көшіру тетігі?(Правка)
Мәтін және сызбалық ақпаратты бейнелеуге,пайдаланушы мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етуге арналған құрылғы?(Монитор)
Power Point программасын әрлеу қалай аталады?(Шаблон )
Өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні жылжытатын шағын манипулятор?(Тінтуір)
Алуан түрлі тасмалдаушылардың мәліметтерді,шығарып отыруға және жазуға арналған физикалық құрылғы?(Диск )
Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін көшірмесін жасайтын құрылғы?(Сканер)
Power Point программасының негізгі бөлігі?(Слайд)
Қорытынды нұсқама:
Бағалау.(тақтаға ілінген бағалау кестесі бойынша қорытынды жасап,оқушылдарды бағалау )
1-тапсырма .
1.Іске қосу (пуск)батырмасы арқылы Access –ке кіру.
2.Мәліметтер базасын құру диалог терезесіндегі Жаңа база ауыстырып қосқыш басу.
3.Жаңа мәліметтер базасы файлы диалогтың терезесінде МБ құрылатын буманы таңдап,жаңа базаның атын еңгізу.
4.МБ терезесін зерттеп оқып шығу.
5.Access –тің негізгі менюін зерттеп оқып шығу.Ол үшін файл меню камандасын шертіп,оның барлық ішкі командаларын қарап шығу.
6.Тура осындай жолмен басқа меню командаларымен де танысып шығу.
2-тапсырма.
1.Тапсырмада көрсетілгендей.Access –ке кіру.
2.саймандар тақтасын зерттеп оұып шығу:саймандар тақтасындағы батырмаларға тышқанды алып барып,олардың орындайтын әрекеттерін қарастыру.
3.Батырмалардың біреуін шерту арқылы,мысалы,Ашу батырмасын,пайда болған диалог терезесін қарап шығу.
4.Тура осындай тәсілмен Маймандар тақтасын басқа батырмалармен танысу.
3-тапсырма.
1.Тапсырмада көрсетілгендей.Access –ке кіру .
2.Анықтамалар алу мүмкіндіктерін зерттеп оқып шығу:Анықтама меню камандасын шертіп,Анықтама:Microsorft Access пунктін таңдау,«Мазмұн »бөлімінде «Кестелермен жұмыс істеу» тақырыбын таңдап,оның ішінен «кестелерді ашу және қарау »тақырыбын,онан кейін« мәліметтер базасын ашу» бөлімін қарап шығу.
3.Тура осындай тәсілмен анықтаманың басқа бөлімдерін қарап шығу.
4-тапсырма.
1.Тапсырмада көрсетілгендей.Access-ке кіру.
Түр/саймандар тақтасы/Бастау меню камандаларын орындай отырып саймандар тақтасын баптап шығу.
3.Диалогтық терезеде« Саймандар тақтасы» бөлімінде Кесте конструкторы жалаушасын шертіп,саймандар тақтасында пайда болған батырмаларды қарап шығу.
4.Тура осындай тәсілмен басқа тақталарды баптап шығыңыз.
№8 Мойынқұм колледж
№1 лабораториялық жұмыс
MS ACCESS мәліметтер базасы жөнінде негізгі мағлұматтар.
MS ACCESS МБ танысу.
Өткізген:
Өндірістік оқыту шебері: Тушумова Л.
Мойынқұм ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |