2.27. Сурет. Құжатты сақтау терезесіндегі құрал саймандартер панелінде Буманы сақтау батырмасы.
2. Тиісті өріске файлдың атын енгізіңіз. Бағдарлама үнсіз келісім бойынша файлды Құжат1 деп атайды (реттік номері басқа болуы мүмкін).
3. Файлдың типін таңдаңыз. Көбінесе Microsoft Word құжаты үшін үнсіз келісім бойынша орнатылған форматы қолданылады.
4. Сақтау батырмасын басыңыз. Файл сақталды.
Offiсе 2007 бағдарламасында құжатты сақтаудың жаңа форматын ұсынылған, ол - Microsoft Word Open XML. Оның ерекшелігі- зақымдалған файлдарды қалпына келтіреді және елу пайызға дейін өлшемді кішірейтуге мүмкіндік беретін ZIP форматында файлдарды сығуға сүйеу болады. Бірақ та бұл формат Word бағдарламасының ескі нұсқасымен үйлеспейді, сондықтан сіздің серіктестеріңіз офистік буманың жаңа нұсқасына өтіп үлгермесе, сізге бұл форматта құжаттарды сақтаудан бас тартуға тура келеді.
Бағдарламаның ескі нұсқаларымен үйлесетін форматта файлдарды сақтау үшін, Файл типі тізімінен Word құжаты 1997-2003 нұсқасын таңдаңыз. Word2003 бағдарламасымен үйлесетін форматпенWord2007бағдарламасында сақталатын файлдардың таңбашасы Open XML форматында сақталған құжаттардың таңбашасынан өзгеше болады (2.6. Сурет).
2.28. Сурет. Word 1997-2003 бағдарламасымен үйлесетін форматта сақталған Word файлының таңбашасы
Егер сіз файлды Open XML файлында емес, басқа бір файлда сақтайтын болсаңыз (мысалы, RTF немесе DOC), онда Файл типі тізімінен қайта- қайта қажетті форматты таңдай берудің қолайсыз екенін байқайсыз. Сақтау үшін үнсіз келісім бойынша қолданылатын файл типін өзгерту арқылы сақтау шараларын жеңілдетуге болады. Мысалы, құжатпен әр түрлі бағдарламалық қамтамасыздандырылған компьютерлерде жұмыс жасаған кезде RTF файлы жиі қолданылады. Бұл формат Open XML форматына қарағанда неғұрлым әмбебап.
2.4. Жаттығу. Сақталатын файлдардың үнсіз келісім бойынша берілген типін өзгерту
Сақтау үшін үнсіз келісім бойынша пайдаланылатын файлдардың типін өзгерту үшін төмендегіні орындаңыздар:
1. Office батырмасын басыңыз, одан кейін Office менюінің төменгі бөлігіндегі Word параметрлері батырмасын басыңыз;
2. Word параметрлері терезесінен Сақтау бөлімін таңдаңыз;
3. Құжатты сақтау аймағына өтіңіз және Келесі форматта файлды сақтау тізімінен үнсіз келісім бойынша құжатты сақтау үшін қолданылатын форматты таңдаңыз (2.29. Сурет).
4. Өз таңдауыңызды бекіту үшін ОК батырмасын басыңыз;
2.29. Сурет. Word бағдарламасы үнсіз келісім бойынша құжаттарды сақтайтын файл кеңейтілуін орнату
5. Егер сізге құжатқа енгізілген өзгерісті сақтау қажет болса және сонымен қатар алғашқы файлды да қалдыру керек болса, онда Office менюіндегі Қалай сақтау керек командасын пайдалануға болады;
6. Қалай сақтау керек командасын таңдау кезінде үнсіз келісім бойынша жоғарыда қаралған Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады, мұнда да құжаттың атын көрсету керек, дискада сақталатын буманы және файлдың форматын таңдау қажет.
7. Курсорды Қалай сақтау керек командасында ұстап тұрсақ немесе оңға бағытталып тұрған кішкене бағыттауышқа шертсек Word сақтаудың бірнеше нұсқасын ұсынады (2.30. Сурет).
2.30. Сурет. Office менюінен Қалай сақтау керек командасын таңдау
Word құжаты- бұл нұсқаны таңдағаннан кейін, Open XML форматында сақтау таңдалған Құжатты сақтау терезесі ашылады;
Word үлгісі- бұл команда ағымдағы құжатты үлгі ретінде сақтауға мүмкіндік береді. Яғни осының негізінде басқа да құжаттар құруға болады.
Word құжаты 1997-2003- бұл нұсқаны таңдағанна кейін форматта сақтау таңдалған Құжатты сақтау терезесі ашылады;
Файлдардың басқа форматтары үшін баптауды табу- егер сіз файлды PDF немесе XPS форматындағы электронды құжат түрінде сақтағыңыз келсе осы пункті таңдауыңызға болады;
Басқа форматтар- осы нұсқаны таңдағаннан кейін, сақтау үшін үнсіз келісім бойынша формат таңдалған Құжатты сақтау терезесі ашылады. Сіз сақтау үшін басқа форматты таңдай аласыз.
«Жұмбақ» Шешімін тап!!!
1-топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2) Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады.
(Тышқан)
3) Монитор жанында бір қорап,
Тұр өне бойын тоқ орап.
Ең негізгі микросхема,
Аталған ол...
(жүйелік қорап)
4) Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек
(Монитор)
2-топтың жұмбағы:
1) Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз.
(Пернетақта)
2) Төртбұрышты жұқа қорап,
Магнитпен қапталған.
Сыйымдылығы 1, 44 МБайт,
Сақтайды ол ақпарат
(дискета)
3) Батырмасын тұтқасына орнатса да,
Жан - жағына емін - еркін қозғалатын.
Бар сондай ойын құмар құрылғысы,
Экрандағы нысандарды басқаратын.
(джойстик)
4)Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын
(Принтер)
1)Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
(Компьютер)
2) Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар
(модем)
3) Компьютердің құрамдас бөлігі,
Қағазға басып береді.
(принтер)
4) Компьютердің қосымша бөліктері,
Ай мен күндей егіздер.
Сыбырлап та, айқайлап,
Көңіл - күйді көтерер.
(колонкалар)
Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс – тәсілдері туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.
Постер қорғау.
Оқушылар «жұмыспарағын» толтырады.
Компьютермен жұмыс.
Жаңа тақырыпты бекіту.
Үйге тапсырма.
Оқушылар кітаптан 53 беттегі §4.3 ережелерді жазу.
«Құжатты құру мен сақтау 53-55 беттегі тақырыптарды оқу
Достарыңызбен бөлісу: |