Пәні: Информатика Бекітемін_________________
Күні:
Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтіндік блоктар құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WORDPAD мәтіндік редакторында мәтінмен жұмыс жасауға
дағдыландыру, құжаттарды,блоктар құруға, сақтауға, ашуға үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Компьютерде жұмыс істеу іскерлігін дамыту
Тәрбиелік:Оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу және
ұқыптылыққа, тазалыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютерде практикалық
жұмыс;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта,
таратпа қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
а) Сәлемдесу әдебі: оқушылармен амандасу;
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау: журнал бойынша түгелдеу;
ІІ. Өткен материалды еске түсіру (8 мин)
Үй жұмысын сұрау
Контурдың анықтамасын беріңдер.
Қарандаш құралмен салынған контурдың қандай ерекшеліктері бар?
Қаламұш құралының көмегімен қисық салған кезде түйіндердің тетігі қандай рөл атқарады?
Қисықты қалай редакциялауға болады?
Контурдағы түйіндер санын қалай азайтуға болады?
Контурды қалай ажыратуға болады?
Қандай бұйрықтар контурларды біріктіруге мүмкіндік береді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Wordpad-та құжат құру
Wordpad құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
Құжаттарды сақтау және ашу:
WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз
Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз
Ойын. «Пәтер іздеймін»
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
А – деңгейі
Мерекелік жазба дайындаңдар. (70- сурет)
Мәтінді теріңдер.
Оны контурға түрлендіріңдер.
Жеке симболдарды ерекшелеңдер және түйіндерді өз қалауларың бойынша тасымалдаңдар.Егер бір символдың түйіндері ерекшеленсе және Ерекшелеу құралын таңдасақ,онда символдардың өлшемін өзгертуге немесе бұруға болады.
Өз таңдауларың бойынша фигураларды мәтінмен безендіріңдер.
«В» деңгейі
Мәтін дайындаңдар.
Құйып бояуды өшіріп, жиектеудің түсін таңдаңдар.
Контур –Байланысқан тартылыс бұйрығын орындаңдар.
Ақ таңбаны нәтижесінде мынадай болатындай (МӨТІН) етіп тасымалдаңдар.
Сыртқы контурды ерекшелеп, оған құйып бояу мен жиектеуді қолданыңдар.
Ішкі контур үшін Сүзгілер →Жарық пен көлеңке→Түсетін көлеңке бұйрықтарын орындаңдар.
«С» деңгейі
«Әуе шарлары» фирмасы үшін визитка жасаңдар. Мәтінді рәсімдеу үшін А және В деңгейінің тапсырмаларының нәтижесін қолданыңдар.Клипартта жасалған суретті логотип үшін импорттаңдар немесе оны өздерің салыңдар.
Сергіту сәті: (Бейнероликтегі көрсетілген қимылдарды қайталау арқылы)
ІІV.Бекіту. Қорытындылау
Ең қызықты болған сәті...
маған ой салғаны...
мен мынадай сезімде болдым...
маған ұнағаны...
мені мазалағаны...
бәрінен кереметі....
V.Бағалау
Оқушыларды мадақтау.
VI.Үйге тапсырма беру
Өзіңді тексер! Тапсырмасын орындау.
Мәтін.мәтіндік блоктар құру тақырыбын оқып,түсінік айту.
Достарыңызбен бөлісу: |