Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Венецияның күшеюі /Топқа бөлу//



жүктеу 1,19 Mb.
бет3/4
Дата18.12.2017
өлшемі1,19 Mb.
#4681
түріСабақ
1   2   3   4

Венецияның күшеюі /Топқа бөлу//

  • Солтүстік–Шығыс Италияда орналасқан.

  • Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делделдық орталығы болды.

  • ХІ-ХІІ ғасырларды теңізде үстемдік орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті.

  • ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап Венециядағы үкімет билігі бай көпестердің қолына көшті. Олар «үлкен кеңесті» сайлайтын.

  • Кеңестің басында бүкіл өмір бойына сайланған дож тұрды.

  • Венецияның шет елдерде елшіліктері болды.

  • XIV-XV ғасырлар Венецияның қуаттылығы жағынан ең жоғары сатыға көтерілген кезі болды. Саудадағы басты бәсекелесі –Генуя қала-мемлекетімен жүргізген күресі 1380 жылы Венецияның жеңісімен аяқталды.

  • Венеция батыс еуропалық сауданың басым бөлігін өз қолына шоғырландырды.

  • Венецияның жылдық табысы Франциямен бірдей болды.

  • 1453 жылы түріктердің Константинопольді басып алуы Венеция үшін ауыр соққы болды.Сауда жолы Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысты. Түріктермен соғыста Венеция Балқандағы және жерорта теңізінің шығысындағы иеліктерінен толық айырылды. Ұзаққа созылған Венеция-Түрік соғыстары кейін Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебіне айналды.

Флоренция /топқа бөлу/

  • Ортағасырлық Италияда өшпес із қалдырған қалалардың бірі Флоренция. Сауда жолдарының тоғысқан торабында орналасқан Флоренция ХІ ғасырдан бастап бінк ісінің, сауда мен қолөнер кәсібінің маңызды орталығына айналды. 1115 жылы Флоренция тәуелсіз коммуна құқығына ие болды.

  • ХІІІ ғасырдың ортасында пополандардың ықпалы күшейіп , гранттардың (ірі феодалдардың) рөлі төмендей бастады. 1293 жылы Еуропада бірінші рет дворяндыққа қарсы бағытталған әділеттілік ережелері деген конституция қабылданды. Қала халқы «қоңды халық», «жүдеу халық» болып екіге бөлінді.

  • 1252 жылы Флоренция алтын флорин ақшасын шығара бастады. Ол жалпыеуропалық валютаға айналды. Флоренция банкирлері Рим папасымен байланыста болып, олардың шіркеулік салықтарын бүкіл Еуропа бойынша жинауға рұқсат алды.

  • XIV ғасырда Флоренцияда дүние жүзіндегі ең алғашқы мануфактура ашылды.

  • Онда негізінен жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылды. Қанаудың жаңа түрі 1345 жылы еңбекші халық наразылығының жаңа толқынын-тарихтағы Бірінші жұмысшы ереуілін туғызды.

  • 1378 жылы Флоренцияда чомилердің (жалдамалы жұмысшылардың) көтерлісі болды. Олар алғашында жеңіске жетіп, өз цехтарын құрды. Қаланың өкімет басшылығына-сеньорияға өз өкілдерін сайлады. Чомпилер байлардың үйлерін, сарайлар мен кеңселерді өртеп, талан-таражға салды. Шеберханалар жабылып, олардың иелері қашуға мәжбүр болды. «Қоңды халық» өкілдері қалаға азық-түлік әкелуді тоқтатты. Көтерілісшілер сөйтіп әрі жұмыссыз, әрі азық-түліксіз қалды.Чомпилдердің сеньорияны толығымен өз өкілдерімен алмастырмақшы болғаны сәтсіздікке ұшырады.Кеңсе үйіне жиналған чомпилерді «қоңды халықтың» жасағы қырып салды. Көтерілісшілер құрған цех таратылып, оның басшылары өлім жазасына кесілді, қалған чомпилер қатаң жазаланды.

Савонарола /үйге?/

Флоренцияда медичилер билігіне наразы топтар да болды. Ол топтың мүддесін білдіруші діни-саяси қайраткер Джироламо Савонарола (1452-1498) болды. Әрі оқымысты, әрі әрі дәрігер атасының қолында туып-өскен Савонарола 23 жасында үйінен қашып, Болоньядағы доминикандық орденге мүше болып кірді. 1491 жылы Флоренцияға қайтып келіп, монастырь билігін қолға алды.

Өзінің діни уағыздарында Медичилер тираниясын (қатыгез, өрескел билік) сынады. Өзі билік еткен монастырьда құдайға адал құлшылық етуге бағытталған қатаң тәртіп орнатты. Рим папасының саясаты мен өмір салтын айыптады. Католик шіркеуіне қайта құрулар жүргізіп, діннің алғашқы тазалығына оралуды уағыздады.

1494 жылы француз әскері Италияға басып кіргенде Пьеро Медичи Флоренциядан қуылып, өкімет билігі уақытша Савонарола мен оның жақтастарының қолына көшті. Дінге жан-тәнімен берілген жастардан «әдептілік полициясын» құрды. Христиан дініне «қайшы келеді» деп табылған кітаптар, өнер туындылары отқа жағылып, қиратылды. Ойын-сауық біткеннің бәріне тыйым салынды.

Савонароланың папалықты айыптауы сол кездегі Рим папасы IV Александрға ұнамады. Папа Савонароланың уағызшылық қызметіне тыйым салды. 1497 жылы Савонарола шіркеуден аластатылды. Өз кезегінде Савонарола шіркеу соборын шақырып, папаны орнынан алуды ұсынды.

Риммен ара қатынасын үзгісі келмеген флоренциялық сеньория Савонароланы тұтқындап, оған діни-саяси сипаттағы айыптар тақты. Сеньорияның үкімі бойынша 1498 жылы Савонарола дарға асылды. Савонароланың католик шіркеуін қайта құру жөніндегі пікірлерін кейін реформацияның жақтаушылары пайдаланды.



Сабақты бекіту:

  • Топтастыру «Италия»

  • Бетпе-бет «Венеция»

  • Венн диаграммасы «Венеция мен Флоренция»

Сабақты қорыту: Экономикалық жағынанқала-мемлекеттер дами отырып, XI-XV ғасырлардағы Италия бытараңқы ел күйінде қалды.

Бағалау:

Үйге тапсырма: №17 сабақ «XI-XV ғғ. Италия» тақырыбына эссе жазып келу.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18.ХІ-ХҮ ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер

Сабақтың мақсаты:


  • Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар, қолөнершілердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі, еуропада қалалардың пайда болуы туралы айту;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері

  • Венецияның күшеюі. Флоренция

  • Медичилердің банк қызметі

  • Савонарола

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар

      2. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуіЕуропада ортағасырлық қалалардың пайда болуы

      3. Брюгге қаласының пайда болуы

      4. Жәрмеңкелер. Шығыс елдерімен сауда жүргізу.

Сабақты бекіту:

  • Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды?

  • Қалалардың неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріп беріңдер?

  • Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді? Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті?

  • Жәрмеңке деген не? Шампань жәрмеңкесі туралы әңгімелеп беріңдер

Бағалау: Үйге тапсырма: §18.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19. Еуропадағы қала өмірі

Сабақтың мақсаты:


  • Еуропадағы қалалардың өмірі, халқының тұрмысы, кедейлері мен байларының өмірі туралы мағлұмат беру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды?

  • Қалалардың неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріп беріңдер?

  • Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді?

  • Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті?

  • Жәрмеңке деген не? Шампань жәрмеңкесі туралы әңгімелеп беріңдер

  • Шығыс елдерімен сауданың қандай түрі жүргізілді?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Феодалға тәуелді қала. Қала билеушілері

      2. Қала халқының тұрмысы

      3. Қала байлары мен кедейлері

Сабақты бекіту:

  • Қала халқының әр түрлі тобына жататын қала тұрғындары немен айналысты және қалай өмір сүрді?

  • Қала кдейлері кімдерден құралды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §19. Оқулықта берілген тест тапсырмаларын орындап келу.



7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §20. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Еуропа да ағарту ісі және ғылым мен білімнің дамуы.

Сабақтың мақсаты:


  • Орта ғасырлардағы еуропадағы білім мен ғылымдың, әдебиеттің, поэзияның дамуы, сол кезде шыққан тамаша туындылар туралы баяндау;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қала халқының әр түрлі тобына жататын қала тұрғындары немен айналысты және қалай өмір сүрді?

  • Қала кдейлері кімдерден құралды?

Жаңа сабақтың жоспары:

Білім


  • ХҮ ғасырда университеттер саны 65-ке жетті

Ғылым мен білімнің дамуы

  • Роджер Бэкон

Әдебиет

  • «Роланд туралы жыр».

  • «Түлкі туралы роман»

  • Жылнамалар. Қоғамдық ой.

Поэзия

  • «Игорь жорығы туралы жыр»

  • Орыс жерінің опат болуы туралы сөз

Сабақты бекіту:

  • ХІ-ХҮ ғасырлар білім мен ғылымның дамуы үшін қандай жағдайлар туғызды?

  • Еуропалықтардың дүние жөніндегі білімдері қалай кеңейді?

  • Жазылған мәтін негізінде қала мектептері мен университеттерінде оқыту қалай жүргізілгендігін әңгімелеп беріңдер

  • Роджер Бэкон қандай көзқарасы үшін қуғындалды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §20.



7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §21. Орта ғасырлардағы өнер

Сабақтың мақсаты:


  • Орта ғасырларда дамыған сәулет, мүсін, бейнелеу өнерлері туралы баяндау;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті «ККК»

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІ-ХҮ ғасырлар білім мен ғылымның дамуы үшін қандай жағдайлар туғызды?

  • Еуропалықтардың дүние жөніндегі білімдері қалай кеңейді?

  • Жазылған мәтін негізінде қала мектептері мен университеттерінде оқыту қалай жүргізілгендігін әңгімелеп беріңдер

  • Роджер Бэкон қандай көзқарасы үшін қуғындалды?

Жаңа сабақтың жоспары:

«ККК» әдісі бойынша оқушыларды сәулетші, мүсінші, суретші, тарихшы, математик, музикант етіп бөліп осы үш тақырыпша туралы өздігінен жұмыс жасату.



  • Сәулет өнері

  • Роман

  • готикалық

  • Мүсін өнері

  • Мадонна

  • Бейнелеу өнері

Архитектурадағы бағыт

(стиль)


Жалпы сипаттамасы

Ерекшеліктері










Сабақты бекіту:

  • Роман храмына сипаттама беріңдер

  • Орта ғасыр сәулетшілері адамның ой-сезімін қалай жеткізді?

  • Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі не болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §21. Готикалық үлгідегі тамаша құрылыстың суретін салу.



7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §22. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Русь

Сабақтың мақсаты:


  • Киев қаласы, Владимир Мономахтың билігі, «Русская правда» заңының маңызы туралы баяндау;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Роман храмына сипаттама беріңдер

  • Орта ғасыр сәулетшілері адамның ой-сезімін қалай жеткізді?

  • Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі не болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Киев қаласы

  • Владимир Мономах

  • «Русская правда»

  • Басқарушыны өлтіргені үшін салынатын айып заттай есептесек, 80 өгіздің немесе 400 қойдың құнына тең еді.

Сабақты бекіту:

  • Киев қаласы туралы әңгімелеп беріңдер

  • Владимир Мономах кімдерге қарсы соғысты?

  • «Русская правда» заңында не туралы айтылады?

  • Киев қаласында бүгінге дейін сақталып келген сәулет өнерінің ескерткішін атаңдар

  • Киев қаласы қазіргі таңда қай елдің астанасы?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §22.



7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §23. Шіркеу және дін қызметшілері

Сабақтың мақсаты:


  • Христиан дінінің бөлінуі, христиан қоғамындағы папалардың рөлі, епископтар мен архиепископтар туралы егжей-тегжейлі түсіндіру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Киев қаласы туралы әңгімелеп беріңдер

  • Владимир Мономах кімдерге қарсы соғысты?

  • «Русская правда» заңында не туралы айтылады?

  • Киев қаласында бүгінге дейін сақталып келген сәулет өнерінің ескерткішін атаңдар

  • Киев қаласы қазіргі таңда қай елдің астанасы?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Христиан шіркеуінің бөлінуі




Христиан шіркеуінің бөлінуі

Христиан дінінің екі тармағы

Бөліну себебі

айырмашылығы

Католиктік шіркеу







Православиелік шіркеу






Сабақты бекіту:



  • Христиан діні қайда, қашан қалыптасты?

  • Христиан шіркеуі неліктен екіге бөлінді? Себебін түсіндіріңдер

  • Христиан дінбасылары қалай аталды?

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма: § 23.



7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §24. Крест жорықтары

Сабақтың мақсаты:


  • Крест жорықтарының себептерін, кресшілердің алдарына қойған мақсаттарын түсіндіре отырып, тарихи маңызын ашу;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Христиан діні қайда, қашан қалыптасты?

  • Христиан шіркеуі неліктен екіге бөлінді? Себебін түсіндіріңдер

  • Христиан дінбасылары қалай аталды?

Жаңа сабақтың жоспары:

        • Крест жорықтарының себептері

        • Шіркеу-Шығысқа жорықты ұйымдастырушы

        • Кедейлердің Шығысқа жорығы

        • Рыцарьлардың І крест жорығы

        • Кейінгі крест жорықтары

        • 1212 жылғы крест жорығы

        • Соңғы крест жорықтары

        • Крест жорықтарының салдары

Сабақты бекіту:

  • Крест жорықтарының басты себебі қандай?

  • Бірінші крест жорығы қашан болды, оған кімдер қатысты?

  • Крест жорықтарының салдары қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 24. Кестені толтыру



Крест жорығының жағымды жағы

Крест жорығының жағымсыз жағы







7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §25. Жапониядағы феодалдық құрылыс

Сабақтың мақсаты:


  • Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы, мемлекеттің саяси құрылысы шаруалардың жағдайы,біртұтас мемлекеттің құрылуы туралы мағлұмат беру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Крест жорықтарының басты себебі қандай?

  • Бірінші крест жорығы қашан болды, оған кімдер қатысты?

  • Крест жорықтарының салдары қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы

  2. Саяси құрылысы

  3. Шаруалардың жағдайы

  4. Қалалардың дамуы

  5. Біртұтас мемлекеттің құрылуы

ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы

Микадо

Сегун

Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі. ХІ-ХІІІ ғ-да императорлық билік әлсіреді

Микадоның бірінші министрі, уәзірі. Әскери топ, қолбасшы

Ел билігін мұрагерлікпен қалдырып отырды

Самурайларға басшылық етті. Өкімет басшысы, билікті мұрагерлікпен қалдырып отырды.

1199 жылы үкімет билігі Сегун Ходзе Токимасаға өтті. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет құрылды



Сабақты бекіту:



  • «Самурай» деген сөз нені білдіреді?

  • Жапонияның саяси құрылымы қандай болды? Сегун дегеніміз кім?

  • Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды? Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?

  • Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?

  • Жапонияда бір орталыққа бағынған мемлекет құру үшін күрескен адамдарды атаңдар

  • Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 25. «Жапония» деген тақырыпта эссе жазып келу.



7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §26. Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті

Сабақтың мақсаты:


  • Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті туралы толық мәлімет беру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Самурай» деген сөз нені білдіреді?

  • Жапонияның саяси құрылымы қандай болды? Сегун дегеніміз кім?

  • Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды? Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?

  • Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?

  • Жапонияда бір орталыққа бағынған мемлекет құру үшін күрескен адамдарды атаңдар

  • Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қытайда феодалдық қатынастардың орнауы

Ортағасырлық Қытайдың саяси құрылысы


  • Император (көктің ұлы) шексіз билік иесі

  • Басқарушы шененіктер: салық жинаушы, дін басшысы

  • Әскери басшылар, сот ісін басқарушылар

  • Император сарайының қызметшілері

  • Тексеруші палата

  • 10 әкімшілік аймақ

  • округтер

  • уездер

  • Діннің таралуы

Сабақты бекіту:

  • Ежелгі қытайлықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?

  • Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болды?

  • Тан әулеті Қытайда қай жылдарда билік құрды?

  • Қытайда будда діні қай ғасырда кең тарады?

  • Даосизм дегеніміз не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 26.




жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау