б) Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарына нелер жатады?
-боран соғады, аяз болады, қар жауады, күн суытады (оқушылар жауабы).
В) Пейзаж дегеніміз не?
Кескіндеме (живопись )өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Пейзаж жанры –табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар.Олар:қыс,күз,жаз,көктем.Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық.Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша-ақ қой!Қар лақтырып ойнау,қар қамалын тұрғызу,шаңғы тебу,шанамен сырғанау,аққала соғу.Қысқы орман табиғаты,қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс,жақын,астында,үстінде,жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек.Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса,ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |