СабақТЫҢ тақырыбы. Химия пәні. Заттар және олардың физикалық қасиеттері. СабақТЫҢ мақсаты. Білімділік



жүктеу 4,71 Mb.
бет5/15
Дата21.02.2018
өлшемі4,71 Mb.
#10357
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

О2, Н2О, СІ2, СиО, СО2, РвО?

Реакция теңдеуін жаз, реакцияның қай типіне жатқызасыздар?

2.Екі газ А және В берілген. А газы Б газында жанғанда бу пайда болады, оны суытқанда түссіз сұйықа айналады, осындай жағдай А газы қыздырылған мыс оксиді /ІІ/ арқылы өткізгенде /жібергенде/ де болды. А және Б газдарын тап. Жоғарыда құбылыстарды түсіндір, реакция тендеулерін жаз.

3. Мырыш пен тұз қышқылын әрекеттескенде алынған газды қатты қыздырған марганец /ІV/ оксиді арқылы өткіземіз. Қандай заттар түзіледі? Реакция тендеулерін жаз, реакцияның қай типіне жататынын көрсет. Қышқылдың құрамын оқып үйрету үшін кесте толтырамыз, онда бес бағна болады, қышқылдың формуласы /1./ қышқылдың аты /2./ қышқыл қалдығы /3/, тұздың осы қышқылы тән тиісті ата /4/, тұзға мысал, оның аты /5/.

Мұғалім мына қышқылдардың НСІ, Н2S, Н24,НNО3

формулаларын жазады. Бұл заттарды оксидтерге жатқызуға бола ма? Бұл қышқылдардың құрамында қандай ұқсастық бар?

Қышқыл қалдығы ұғымын түсіну үшін сутегі бөліну реакциясын еске түсіру қажет. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді. Неліктен? Реакция теңдеуін бір оқушы тақтаға жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамын түсіндіреді. Оқушылар өздері қорытынды жасайды: металл қышқыл құрамындағы сутегін ығыстырып шығарады да, тұз түзеді. Тұз құрамына металл және қышқыл қалдығы кіреді. Мысалдар келтіріледі: Тұздың аты бойынша формуласын құрастр немесе берілген тұздың формуласы бойынша атын атаңдар: алюминий хлориді АІСІ3. Валенттілігі бойынша формуласын құрастыр. Сол сияқты темір сульфаты /ІІІ/ Ғе2/SO4/3, кальций нитраты Са/ Na3/2, барий карбанаты ВаСО3, натрий хлориді NaCI, т.б.

Мұғалім мынадай сұрақтар қояды. Құрамына қарап қандай күрделі заттарды қышқылдар, тұздар деп атаймыз? Қышқылдарды қандай қасиетіне сүйеніп жіктейміз? Оқушылар өздерінің тұжырымдарын айтады: екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық жағы, құрамында оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы сутегінің саны . Кестені әрі қарай толтыра береміз. Қышқыл қалдығының төбесіне рим цифрмен валеттілігін қоямыз.

Мұғалім өзіндік жұмыс ретінде бірнеше тұздардың формуласын жазуды тапсырады: бірнеше қышқылдың натриймен, кальциймен формулаларын жаз, аттарын ата. Қышқылдардың индикаторға әсерін түсіндіру мақсатында зертханалық жұмыс жүргіземіз. Жұмыс нәтижесін кестеге түсіреміз.

Қышқылдардың қасиеттері


Қышқылдың аты және формуласы

Физикалық қасиеті, түрі, түсі

Ерігіштігі

Индикаторға әсері

Басқа қышқылдан айырмашылығы















Жаңа сабақты пысықтау мақсатында бірнеше тапсырмалар орындатамыз.

1.Төменде көрсетілген заттардың ішінен қышқылдардың, тұздардың формулаларын теріп жаз, қышқыл қалдықтарының астын сыз, валенттілігін көрсет:



СиО, НNO3, Mg, H2SO4, HCI, K2SO4,H2O, NaOH, KCI.

2.Көмір және кремний қышқылдарының формуласын құрастыр, олардың әрқайсысының қышқыл қалдықтарының валенттіліктері екіге тең.

3. Берілген қышқылдардың, қышқыл қалдығының валенттілігін табындар:

HNO3, H2SO3, HBr, H3PO4, H2CO3, KCI, H2SO4.

Үйге тапсырма. §32, 33. 1,3,4 –жаттығулар.
Күні

Сабақтың тақырыбы:

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Оқушылар қышқылдардың металдармен әрекеттесуімен танысады. Валенттілік ұғымын дамыту.

Құрал –жабдықтар: концентрлі қышқылдар мен ерітінділері / күкірт, тұз қышқылы/, мырыш, магний.

Оқушылар үстелінде: №13жұмысқа тиісті реактивтер мен ыдыстар.



Тірек білім мен біліктер: Қышқылдар, тұздар, құрамы, қышқылдың индикаторға әсері. Металдардың активтік қатары.

Қышқылдардың құрамы туралы білімін қайталау үшін мынадай тапсырма беруге болады. 1. Қышқылдарға, тұздарға қандай заттар жатады? 2.Тығыны бар екі пробиркада концентрлі хлорсутегі және күкірт қышқылы бар. Оларды қалай айыруға болады? 3.Екі стаканның қайсысында су, қайсысында қышқыл бар екенін қалай айырамыз? 4. Тәжірибе арқылы тұз қышқылының құрамына сутегі элементі бар екенін дәлелде. 5. Азот және фосфор қышқылдарының формуласын жаз, егер азот қышқылының қалдығы NO3 –бір валентті, ал фосфор қышқылының қалдығы -РО4 –үш валентті болса. 6. Қышқыл құрамындағы сутегі жай зат па, әлде элемент пе? 7.Мына заттардың тұздарды теріп жаз, қышқыл қалдықтарының астын сыз, валенттіліктерін көрсет. СиО, НNO3, Н2О, К2SO4, H2SO4, HCI, NaOH, KCI, H3PO4, AIPO4, Mg. Мына заттардың ішінен СиSO4, H2S, H2O, HCI, CиСІ2, H2SO4, Ca3/РО4/2, HNO3, P2O5, HBr, NaOH, H2CO3, Са/ОН/2, Н2SiО3 қышқылдарды теріп жазыңдар, төмендегі кестені толтырыңдар.





Қышқылдың аты мен формуласы

Құрамында оттегі бар

Құрамында оттегі жоқ

Бір негізді

Көп негізді

Азот қышқылы


+



+


Тұз қышқылының лакмус қағазымен сынағаннан кейін /лакумус қызарады/ магний жанқасын салдық. Біраз уақыттан кейін ерітіндісінің түсі неліктен өзгереді? Сұрақтың жауабын талқылағаннан кейін, мырыш пен күкірт қышқылының арасындағы реакция жасап көрсетеміз. Нәтижесі талданады. Барлық металдар сутегін бөліп шығарама? Осы сұраққа жауап ретінде оқушылар қышқылдардың металдарға әсерін негізделген зертханалық жұмыс жүргізеді. Оқушылар мыспен реакция жүрмейтін тәжірибе жүзінде көреді. Реакция теңдеулерін жазып, металдардың активтігін салыстырады да, қорытынды жасайды.

Зертханалық жұмысты қорытындылау үшін оқушыларға мынадай сұрақ қоюға болады: 1Фосфор қышқылымен а/ сынап; ә/ алюминий; б/ хром әрекеттесе ме? 2.Мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.



Үйге тапсырма. §31. 1 -4 –жаттығу.


Күні

Сабақтың тақырыбы:Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі.

Мыс (II) оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қышқылдың металл оксидімен әрекеттесуін түсіндіру.Реакцияның жаңа типі –алмасу реакциясымен таныстыру.

Құрал –жабдықтар. Мыс /ІІ/ оксиді, күкірт қышқылының ерітіндісі, әк суы, мыс сульфатының/ кристалдары/ пробирка, спиртшам, сіріңке, шырпы. Оқушылардың үстелінде: 14 –зертханалық жұмысқа керекті реактивтер мен ыдыстар.

Тірек білім мен біліктер. Оксидттерді, металл оксидтерін, қышқылдарды, тұздарды ажырата білу. Алмасу реакциясы.

Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі.

1.Төмендегі заттар арасындағы реакция жүре ме: а/мырыш пен күкірт қышқылы; ә/ күміс пен фосфор қышқылы ; б/ магний мен тұз қышқылы; в/мыс пен тұз қышқылы? Жауабын түсіндіріндер. Жүретін реакция теңдеулерін құрастыр. Түзілген тұздардың атын ата.

2.Төмендегі реакцияларды аяқта. Реакцияның қай типіне жататынын айт: Ғе + S→, Н24+Mg→, Н2О→

Zn+НСІ→ АІ+Н2S4

3.Төмендегі жүретін реакция тендеулерін құрастыр:

H24+Mg→ НСІ+АІ →

НСІ+Си → Н24 +Нg→

Н24 +Са→ НСІ+Аg→

Н3РО4+Аg→ Н3РО4+Nа→

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мынадай мәселелерді оқушылардан анықтау керек. 1. Реакциялардың қандай типтерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер. 2.Қышқылдағы сутегінің орнын күрделі қосылыстағы меалдар баса ала ма? Құрамында металл бар қандай күрделі қосылыстарды білесіндер? Металл оксидтері қышқылымен әрекеттесе ме?

Оқушылармен әнгімелесе отырып, 14 –зертханалық жұмыс барысы талданады. Жүргізген реакциялардың теңдеуін жазу керек. Бұл реакцияны бұрын танысқан реакция типтеріне жатқызуға бола ма? Алмасу реакциясына сызбанұсқасын келтіреді:

АВ+СД=АД+СВ. Содан кейін оқушыларға алған білімін бекіту үшін 5 – минуттық өздігінен жұмыс береміз.

І нұсқа

1.Тұз қышқылының а/ магний; ә/ магний оксидімен реакция тендеулерін құрастыр.

2.Төмендегі заттардың қайсысымен күкірт қышқылы әрекеттеседі:

СиО, Си, ZnO, НСІ?



ІІ нұсқа

  1. Күкірт қышқылының а/магниймен; ә/ магний оксидімен реакция теңдеуін құрастр.

  2. Төмендегі заттардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттеседі:

НgО, Нg, СаО, Са, Н24?

Үйге тапсырма; §32,33. 2,3-жаттығу.

Күні

Сабақтың тақырыбы.

Сутегі. Қышқыл. Тұз тарауын қайталау және қорытындылау



Сабақтың мақсаты. Оқушылардың осы тақырыпта алған білімін белгілі жүйеге келтіріп, қорытындылау. Сутегі мен қышқылдардың химиялық қасиеттерін, тұздардың формуласын құрастырып, қышқылдардың қатысындағы химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету. Оқушыларды сарамандыққа дайындау.

Құрал –жабдықтар. Тұздардың, қышқылдардың ерітінділерді, оксидтер, метелдар, индикаторлар. Оқушылар үстелінде эксперименттік есепке арналған заттар; мырыш, тұз қышқылы, шыны, сіріңке, спиртшам, индикатор, темір /ІІІ/ оксиді, темір, алюминий, сүзгіш заттар, бейорганикалық заттардың жинақтамасы.

Тірек білім мен біліктер. Сутегі, оксид, қышқыл, тұз окидтері. Олардың индикаторға әсері. Масса, мольдік массамен есептер шығару.

Сабақты эксперименттік есептер шығару үшін тақтаға оқушылар шақырылады.



  1. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, сутегін алыңдар. Сутегі жанғанда су түзілетінін дәлелде. Реакция теңдеуін жаз.

  2. Ыдыста тұз қышқылы бар екенін бірнеше жолдармен анықта. Реакция теңдеуін жаз.

  3. Қышқылдың химиялық қасиетін түсіндіретін реакциялар жаса, олардың маңызын түсіндір. Реакция теңдеуін жаз.

  4. Темір /ІІ/ сульфатын алу реакциясын жүргіз және жеке бөліп ал.

Оқушылармен әңгімелесу мына сұрақтар арқылы жүргізіледі

1.Бейорганикалық заттардың қандай кластарын оқып үйреңдіндер? Олардың қандай ұқсастығы және ерекшелігі бар.

2.Окcидттерге, қышқылдарға тұздарға анықтама беріңдер.

3."Бейорганикалық қосылыстар" жинақтамасын пайдалана отырып, қосылыстардың аттарын ата, қай класқа жатқызасын, мысал келтр.

4. а/ оксидтерді; ә/ тұздарды алудың екі түрлі жолын реакция теңдеуімен көрсет.

5.Төмендегі сызбанұсқа бойынша жүретін реакция теңдеулерін жаз:

Нg--Hg2O--HgSO4--Hg

Химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару. Масса, молекулалық масса ұғымдарын қайталауға тапсырма беруге болады:

40г х моль

СиО+Н2S4 = Си SО4 2О

Есептің берілгенін көрсетіп, шығар.

Оқушыларға белгілі реакция теңдеулерін пайдаланып, әр түрлі есептер беруге болады "моль –г ", "моль –моль", "г –г ".

Сабақты қорытындылау ретінде оқушыларға өзіндік жұмыс тапсырамыз. Сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жаз.

І нұсқа

Мg→MgO→MgCI2



ІІ нұсқа

Си → СиО→Си SО4



Үйге тапсырма. §32, 33 /қайталау/. 4, 6 –жаттығу, 4 –сарамандық жұмысқа дайындалу.

Күні

IV-тарау. СУ. ЕРІТІНДІЛЕР. НЕГІЗДЕР.
1 -2 сабақтың тақырыбы: Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Қолданылуы. Су –еріткіш.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды судың еріткіштік қасиетімен таныстырып, бұл құбылысты молекулалық теория негізінен түсіндіре білуге үйрету. "Ерітінді", "ерігіштік " ұғымдарының мәнін ашып, оның өнеркәсіптегі, халық шаруашылығындығы алатын орнын көрсету. Суды тазарту әдістері, тиімді пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру.

Құрал –жабдықтар. Айдау кубы, бөлгіш воронка, цилиндр, сынауықтар.

Тірек білім мен біліктер. Заттардың агрегаттық күйлері, қоспаларды ажырата және бөле білу біліктері, заттың құрлысы мен құрылымы, суда заттардың еруі.

Сабақ барысы: Оқушылардың географиядан, табиғаттанудан алған білімдеріне сүйене отырып, бұл сабақты әңгімелесумен бастаған жөн. Әңгіме төмендегі сұрақтар төңірегінде болады.

1.Судың қандай агрегаттық күйлерін білесіңдер?

2.Табиғаттағы судың таралуына, оның тіршіліктегі маңызына мысалдар келтір.

3.Табиғи суда қандай қоспалар болуы мүмкін? Себебін түсіндір.

4.Суды қандай мақсатта тазарту қажет деп ойлайсыңдар?

Бұл сұрақты талдағанда оқушылар таза судың кеңінен қолданатындығын, оның адам өмірінде, тұрмыста, өнеркәсіпте орны ерекше екендігін қорытындылайды.

Осыған орай суды қолданылатын мақсатына сәйкес қосымшалардан тазартудың түрлі әдістері болатындығына тоқталып өткен жөн. Ол үшін оқушылардың тірек білімін естеріне түсіреміз. Қоспаларды бөлудің қандай әдістері бар? Фильтрлеу әдісі суды қандай қосымшаларынан тазартуға қолданылады? т.б. сұрақтар қоюға болады. Мұнан кейін оларды тазалаудың басқа әдістерімен де таныстырамыз.

1.Айдау әдісі. Бұл әдіс суды еріген заттардан бөлу үшін қолданылатындықтан айта келіп, зертханада қолданылатын құралдың құрлысымен таныстыру қажет.

Көрнекі көрсету. 1. Ол үшін айдауға арналған құрал құрастырып, суды айдау процесі зертханада көрсетіледі. Зертханалық құралдардың жұмыс істеу принципін негізге ала отырып, өндірісте дистильденген су алуға арналған айдау кубына сипаттама беріледі.

2. Суды ерімейтін тығыздығы әр түрлі сұйық қосымшалардан бөлуге қолданылатын тағы бір зертханалық құрал бөлгіш варонкамен таныстыру. Ол үшін бөлгіш варонкаға су мен жанармай қоспасын құйып, олардың бөлу тәсілін көрсетуге болады. Айтылған әдістердің суды тазартуда кеңінен қолданылатынына тоқтала отырып, бірақ бұл әдістерді қолдану су ресурстарын пайдалану мәселелерін толық шеше алмайтындығына, қазіргі таңда елімізде оны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы заң заң қабылданып отырғанына баса назар аударылады.

Бұл сабақта тағы бір ерекше көңіл аударатын мәселе судың еріткіш екендігіне мысалдар арқылы көз жеткізу. Оқушылар судың түрлі заттарды ерітетінін табиғаттану курсынан білетіндігін ескере отырып, негізгі жұмыс "ерітінді" ұғымының мәнін ашуға бағытталады. Ол үшін төмендегі сөйлемдер қандай мағына ұқтыратыны талданады.

1. Тұз, қант және басқа заттар суда ериді.

2. Су көп заттарды ерітеді.

3. Суда заттардың еру құбылысы жүреді.

    1. Су –жақсы еріткіш.

    2. Ерітінді тұнбай, біркелкі болып тұрады.


Мұнда еріткіш ретінде судың қандай рөл атқаратындығы, заттардың еруі қалай жүретіндігі түсіндіріледі. Сонан соң тотиянның суда еруін көрсету қажет. Тәжірибені жүргізу барысында еруді жылдамдататын жағдай ескеріліп, оқушылар заттың еруі;

а) ерітіндіні араластырғанда:

ә) қыздырғанда;

б) зат пен еріткіш бетінің жанасуын арттырғанда;

в) еритін заттың тығыздығы еріткіштің тығыздығынан артық болғанда тез жүретіндігін қорытындылайды.

Оқушылардың табиғаттану курсынан заттардың шексіз ерімейтіндігін білетінін ескере отырып, қанықпаған және қанық ерітіндіге анықтама бергеннен кейін заттың ерігіштігі туралы ұғымды түсіндіру қажет. Ол үшін " заттардың ерігіштігі ерітінді қанық болуы үшін берілген температурада судың белгілі мөлшерінде заттың қандай массасы ери алатынын көрсетеді " –деген анықтамаға талдау жасалады. Мысалдар келтіре отырып , заттар суда еритін, аз еритін, ерімейтін болып бөлінетіндігін қорытындаланады.

Өтілген материалдарды бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Суды тазартудың қандай әдістері бар? Олар қандай жағдайда қолданылатынына мысалдар келтр.

  2. Тұрмыста қолданылатын заттардың судағы ерітіндісіне мысалдар келтір.

  3. Алтын мен мұнай көзін іздеуге қарағанда табиғи су көзін табуға

  4. ерекше күш пен еңбек жұмсалатын себебі неде? Дәлелді жауап беріндер.

  5. Географиядан, биологиядан алған біліміне сүйене отырып, төмендегі ойлардың мәнін түсіндіріңдер:

а) су –біздің ғаламшарымызда жер бедерін түзуші негізгі геологиялық фактор;

ә) су -өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының негізі: б)өзендер, көлдер, мұхиттар азық –түліктің және минералды заттардың энергия мен жылу көздерінің, қатынас жолдарының, жер бетіндегі ауа райының, климаттың және егін шығымының анықтауышы;

в) табиғатты аялау, оның байлықтарын қорғау міндеттерін өзің қалай орындайтының туралы хабар дайында.

Үйге тапсырма беру: § 36-37.


Күні

3 сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еріген заттың массалық үлесі және ерітіндінің концентрациясы туралы түсінік қалыптастырып, оны есептеуге және іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, мольдік масса, элементтің күрделі заттағы массалық үлесін есептеу білігі. Физика курсынан еріген заттың массалық үлесі.

Сабақ барысы: Үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереміз.

  1. Судың физикалық қасиеттерін сипатта.

2. Суды қолданылатын мақсатына қарай тазарту әдістерінің қандай түрлері бар?

  1. Молекулалық теорияға сүйеніп, еру құбылысын қалай түсіндіруге болады?

  2. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер дегеніміз не?

Қанықпаған ерітіндісінің анықтамасын еске түсіргеннен кейін, оқушылармен осы ерітіндінің сандық құрамын қалай анықтауға болатындығы қарастырылады. Ол үшін оқушыларға "күрделі заттағы элементтің массалық үлес қалай есептеледі?" –деген сұрақ беріліп, бір мысалды талдаған соң, бұл әдіс еріген заттың массасы жалпы массаның қандай бөлігін құрайтынын есептеуге қолданылатынын ескертіледі. Физика курсынан еріген зат массаның ерітіндінің жалпы массасына қатынасын еріген заттық массалық үлесі деп айтатыны оқушыларға белгілі болғандықтан, енді осы массалық үлесті өрнектеу әдістері қарастырылады.

1. Массалық үлес бірліктерімен: а) ω = m еріген зат

m ерітінді

немесе процентпен өрнектеледі: ә) ω%= m еріген зат . 100%

m ерітінді

Оқушылардың физика мен математика сабақтарынан алған есептеу біліктерін қолдана отырып, еріген заттың массалық үлесін есептеуге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін, мысалы 25% -дық ерітінді туралы сөз болғанда, оқушылар 100г мұндай ерітіндіде 25г тұз бар екенін білуге қажет. Ол есептеу жүргізу барысында пропорция құруды жеңілдетеді. Бұл жерде процент дегеніміз – санның жүзге қатынасы екенін де ескерген жөн, яғни 25 % дегеніміз 25 , бұл жағдайда пропорцияның мәні өзгеріп,

100 мындай түрде өрнектеледі.

20 = 25 не 0,25=25%

80 100 Бұл пропорцияда оның кез келген мүшесі есеп шартына орай белгісіз болуы мүмкін:



  1. х = 25 2. 20 = 25 3. 20 = х

80 100 х 100 80 100

Бірінші пропорцияға мынадай есеп сәйкес келед: 80г 25% -тік тұз ерітіндісі берілген. Еріген тұздың массасы қандай?

Екінші пропорция: 20г тұзды ерітіп, 25% -тік ерітінді алу үшін, судың қандай массасын алу қажет?

Үшінші пропорция: егер 80г ерітіндіде 20г тұз бар екені белгілі болса, еріген заттың массалық үлесі қандай?

Осылайша мұғалім бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы ерітінді дайындау үшін тұздың, судың қандай массасы қажет екенін, еріген заттың массалық үлесін

табуға болатынын оқушыларға басқа пәндерден белгілі әдістермен түсіндіре алады. Сонымен қатар еріген заттың массалық үлесін анықтауға арналған формулалардан:

m еріген зат = ω% (ер.зат) · m ерітінді

100%

еріген заттың және судың массасын біле отырып, массалық үлесі белгілі ерітінді даярлауға болатындығын оқушылар өз бетінше қорыта алады.

Ерітіндінің белгілі мөлшерінде еріген зат мөлшері тек пайыздық концентрациясымен ғана өрнектелмейтіндіктен және іс жүзінде өте жиі қолданылатындықтан бұл сабақта молярлық концентрация туралы ұғым қалыптастырылады. Молярлық концентрация 1000мл (1л) ерітіндіде еріген заттың қанша мөлшері болатындығын көрсетеді. Осыған орай оқушылар зат мөлшері деген шама не білдіретіндігін оның өлшем бірліктерін еске түсіреді.

Егер, мысалы, 1000мл ерітіндіде 1моль зат еріген болса, онда мұндай ерітінді бір мольді (1М) деп аталады.

Егер 100мл ерітіндіде 0,5 моль зат еріген болса, оның концентрациясын анықтау үшін 1000мл осындай ерітіндіде еріген заттың қанша молі бар екенін табу керек.

0,5 · 1000 = 5 моль, яғни ерітінді 5М. Көрсетілген концентрация түрінің

100

өзіндік ерекшелігі бар екеніне көңіл аудару қажет. Мәселен, молярлық концентрациясы бірдей ерітінділердің бірдей көлемдегі зат мөлшері (моль) бірдей болады. Бірақ әр түрлі массаларының моль саны әр түрлі болғандықтан, еріген заттың массасы бірдей болмайды. Мысалы, 100г 10% -тік ас тұзы және қант ерітіндісінде көрсетілген заттар 10г болады. Сарамандық жұмыста – оқушыларды түрлі концентрациялы ерітінділер даярлауға дайындау мақсатында мынадай есептеулер жүргізуге жаттықтыру қажет.

Есеп: 0,4М 100мл глюкоза ерітіндісін даярлау қажет.

Глюкозаның формуласы С6Н12О6 салыстырмалы малекулалық массасы 180.

Молярлық концентрациясы анықтамасы бойынша 1000мл, 0,4М ерітіндіде 0,4 моль еріген зат болады, яғни 180г/моль · 0,4моль =72г Ал 100мл ерітіндіде, еріген зат бір литрдегіден 10 есе аз болатындықтан, мұндай ерітінді даярлау үшін 7,2г глюкоза өлшеп алу қажет болады. Мұндай есептеулер жүргізген соң, оқушыларға молярлық ерітіндіні даярлау барысында өлшеуіш колба мен өлшеуіш цилиндр қолдану ыңғайлы екені ескертіліп, онымен жұмыс істеу технологиясы көрсетіледі.

Оқыған материалды бекіту үшін орындалатын жаттығу жұмыстары.

1. Оқулықтағы 2, 3, 4, 5 ,6–жаттығу.

2. 50мл ерітіндіде 0,1 моль еріген зат бар. Ерітіндінің молярлық концентра циясы қандай?

  1. Қай ерітіндіде зат көп мөлшерде болады: 150г 10% -тік натрий хлоридінің ерітіндісіне ме, әлде осы тұздың 0,1 моль 1л ерітіндісіне ме?


Үйге тапсырма беру: §38. Есептер жинағынан:3-25,3-26,3-28,3-30,3-31

Күні

Сарамандық жұмыс №6 .

4 сабақтың тақырыбы: Таразымен жұмыс істеп үйрену.



Мақсаты: Таразының түрлерімен таныстыру. Жұмыс істеушілердің бәріне таразыны дұрыс пайдалана білу керектігін үйрету.

Құрал-жабдықтар: Таразы түрлері. Таразының түрлеріне сәйкес гирлері. Өлшенетін зат. Химия лабораториясына ең керекті қажетті жабдықтардың бірі – таразы. Лабораторияда шамамен өлшеу үшін техно-химиялық (2-сурет),

Аналитикалық (1-сурет) электронды т.б таразылар қолданылады.

Техно – химиялық таразыда заттың салмағын 0,01грамға дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Бұл таразыда синтез жұмыстарында бастапқы алынған зат пен реакциядан шыққан заттарды өлшеу жиі қолданылады.



Аналитикалық таразының дәлдігі техно- химиялық таразыдан дәлірек болады. Анализ жұмыстарына қолданылады. Бұл таразыда заттарды 0,0001-0,0002 грамға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Әрбір таразының өзіне сәйкес гирлері болады. Техно-химиялық немесе аналитикалық таразы үшін арнаулы қорапқа салынған майда гирлер болады. Кәдімгі гирлерді қолмен алады. Техно-химиялық гирлер мен аналитикалық майда гирлерді қолмен алуға болмайды, себебі олардың дәлдігі өзгереді, сондықтанмайда гирлерді қысқышпен алу керек. Шамамен өлшеуге арналған таразыларды кез келген столға қоюға болады.






1-сурет 2-сурет
Таразыда өлшеуі ережесі:

  1. Өлшейтін затты таразы табақшаларына бірден салуға болмайды.

Ыдысқа немесе қағазға салып өлшеу керек.

  1. Өлшенетін затты таразының сол табақшасына , гирлерді оң табақшасына салады. Өлшенетін зат пен гирлер табақшаның дәл ортасына қойылады.

  2. Гирлерді қысқышпен алуға және таразыдан алынған гирлер қораптың қай ұясынан алынса, сол ұяға салынады. Гирлерді стол үстіне қоюға болмайды, өйткені олар тез ластануы немесе жоғалуы мүмкін.

  3. Өлшенгеннен кейін таразыда еш нәрсе қалдырмау керек.

Ж
11
ұмыс бітісімен таразы мен гирлер тексеріледі.


жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау