8 сынып Физика 9.02.2016
Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жылулық әсері. Джоуль – Ленц заңы. Қыздыру шамдары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік;1. Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру; 2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру, электр тізбегінің элементтерін (ток көздері) салуды үйрету;
Дамытушылық; 1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау. 2. Сапалы ойлауды дамыту: дәлелдік, мақсаттық, қабылдау, бағалай білуге бейімділік, сыни ойлау.
Тәрбиелік: ток өндіру мен пайдалану проблемаларымен таныстыру арқылы ұқыптылыққа, үнемділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бейнепроектор, қосымша слайд
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: химия, биология.
Сабақтың барысы:
Сергіту сәті: «Қиын да, қызықты сөздер тізбегі»
Қызығушылықты ояту:
Электр заряды дегеніміз не?
Зарядтардың өзара әсерлесу күші?
Өткізгіштің меншікті кедергісі дегеніміз не?
Электр кедергісінің өлшем бірлігі?
Теріс зарядталған бөлшектер деген не?
Электр кернеуі дегеніміз не?
Электр сыйымдылығы қалай аталады?
Потенциалдар айырымысының тұжырымдамасы?
Физикалық диктант
1.Зарядталған б..........ң реттелген бағытталған қозғалысы э....р тогы деп аталады.
2.Уақыт бойынша өзгермейтін т... тұ....ы ток деп аталады.
3.Э....р т.....ң әсерлері болып табылады ж.....қ, х......қ, м.......к. әсерлер
4.Уақыт бірлігіндегі өтетін з....тың мөлшеріне тең шама т.. к....і деп аталады.
5.Ток күші А....рмен өлшенеді.
6.Кулондық күштермен бөгде күштердің жасаған қосынды ж....ы эл...р к.р...і деп аталады.
7.Тізбек бөлігіндегі токтың ж....ы сол т....ң шамасына , тізбек бөлігіңдегі к.....ге және ток өтетін уақытқа тура пропорционал.
8.Токтың қ...ы ток күші мен к.....дің көбейтіндісіне тең физикалық шама.
9.Өткізгіште болінген жылу м......н есептеу үшін ток күшінің квадратын,өткізгіш ке.......сін және электр тогының өту у.....н өз ара көбейту керек.
Жаңа сабақ.
Электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді.
Өткізгіштер
|
Жартылай өткізгіштер
|
Диэлектриктер
|
Металдар
Газдар
Электролиттер
|
Кейде өткізгіш
Кейде диэлектрик
|
Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер.
|
Біз бұған дейінгі сабақтарды электр тогын сипаттайдын физикалық параметрлердің бірнешеуімен таныспыз.
Электр тогының жұмысы
Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жқмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады.A=I2 Rt . Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.
Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді.1Дж =1A*1B*1c
Джоуль- Ленц заңы
Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.
Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.
Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.
1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков (1847 - 1894) дүниежүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстың электротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» деп аталатын электр доғалы шам жасады. Мұндай шамдар 1878 жылы Париждің алаңдары мен көшелерінде орнатылды, ал кейін Москва мен Петербургте пайда болды.
\\\
IV. Дағдыларын қалыптастыру.
Электр тогын сипаттайтын параметрлер.
№
|
Таңбалануы
|
Атауы
|
Формуласы
|
Өлшем бірлігі
|
Бірлік атауы
|
1
|
I
|
ток күші
|
|
1A=1кл/1с
|
Ампер
|
2
|
U
|
электр кернеуі
|
|
1В=1А*1Ом
|
Вольт
|
3
|
R,r
|
кедергі
|
|
1Ом=1В/1А
|
Ом
|
4
|
q
|
заряд
|
|
1кл=1А*1с
|
Куллон
|
5
|
¿
|
электр қозғаушы күші
|
|
1В=1Дж/1кл
|
Вольт
|
6
|
A
|
токтың жұмысы
|
|
1Дж=1А*1В*1с
|
Джоуль
|
7
|
P
|
токтың қуаты
|
|
1Вт=1А*1В
|
Ватт
|
8
|
Q
|
жылу мөлшері
|
|
1Дж=1А2* 1Ом*1с
|
Джоуль
|
2. Тұрақты ток заңдары.
1
|
2
|
3
|
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.
|
Толық тізбек үшін Ом заңы.
|
Джоуль-Ленц заңы.
|
Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал.
|
Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э.Қ.К. күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.
|
Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына , өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал.
|
Есеп шығару
Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?
Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.
V. Қорытыдылау.
Электр тогының жұмысы
|
А
|
Дж
|
А=IUt
|
Электр тогының жұмысын есептеу үшін- ток күшінің,кедергінің, уақыттың шамаларын көбейту керек
|
Электр тогының қуаты
|
Р
|
Вт
|
P=IU=U2/R=I2R
|
Токтың қуатын есептеу үшін – ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек
|
Джоуль- Ленц заңы
|
Q
|
Дж
|
Q=I2Rt
|
Жылу мөлшерінесептеу үшін ток күшінің квадратын,кедергіні,уақытты өзара көбейту керек
|
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. §42-43
Достарыңызбен бөлісу: |