Күні: 08.12.2016
|
Мұғалімнің есімі: Оралбаева А.П.
|
ПӘНІ: Әдебиеттік оқу
|
Мектеп: №153 мектеп-лицейі
|
Сабақтың тақырыбы: Боран
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
Мұхтар Әуезов туралы түсінеді, ұлы ақын Абайдың өмірі туралы біледі, қысқы табиғат құбылысын әңгімелейді
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын талдайды, сұрақтарға жауап береді
|
Кейбір оқушылар:
|
Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын талдайды, сұрақтарға жауап береді, қысқы табиғат көрінісін суреттейді, жұмбақ шешеді,, суретпен жұмыс жасайды
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды, мазмұнын тыңдай отырып, өз ойын ашық айтады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Жабысқақ үгінді қар, селдір сақал-мұрты, шекесін шаныштыра, ат жалына бүгіле түсіп шапқан, жел ақтармалап жұлып ашып, құлаққа беймаза боп шулап ысқыра шулап соққан жел, екпіндетеді, құлақ тұндырғандай, сарылған суық сазынан, аяз ұлып
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Мәтінге сүйеніп, боранға тап болған Абайдың жай-күйін сипаттайды
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
Қардың қандай түрлері туралы айтылған?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Қардың түрлерін жазады
Желкелігінен ұрып– желке тұсынан ұрып
Қатер – қауіп
Беймаза – мазасыз
Екпіндетті – күшейді
|
Алдыңғы оқу
|
А.Құнанбаев, Қыс, З.Шүкіров Ақша қар, Б.Ысқақов Қыста қызық жұмыс бар, М.Дулатов Қыс
|
Жоспар
|
Әдіс-тәсілі
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Сәлемдесу
(3 тілде)
|
Қайырлы таң!
Доброе утро!
|
|
Жұмбақ шешу
|
Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы – жазы тау жақта. ( Қар) снег - snow
Тоңғақты таниды,
Беті қолын қариды. (Аяз) – мороз – frost
Көрінбейтін өзі, Айтатын жоқ сөзі.
Ысқырып тұрады, Серуен құрады. ( Боран) - метель - wind
Аяз қысып, Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/ зима - winter
|
|
Топқа бөліну
|
І «Аяз» тобы Азат ІІ «Қыс» тобы Нұрай
ІІІ «Боран» тобы Балжан ІҮ. «Қар» тобы Инабат
|
|
Кім тапқыр?
|
Қыс туралы мақал – мәтел айтқызу және оның мәнін түсіндірткізу.
а) Жеріне қарай егін ек,
жолына қарай жегін жек.
ә) Қыс азығын жаз жина
б) Қыстың қамын жаз ойла
в) Қыс – арбаңды, жаз шанаңды сайла
г) Қар - қара жердің көрпесі
Мәтін бойынша бір – екі сұрақ қою.
1. Қандай тақырып? Авторы кім?
2. Кім туралы?
3. Абайдың қандай өлеңін білесіңдер?
|
|
Мұхтар Әуезов
туралы
дерек
Абай
|
М.Әуезовтың Абай жолы романынан үзінді Боран әңгімесін оқып танысамыз. -М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Мұхтар атасы Әуездің тәрбиесін алды.Әуез Мұхтардың сауатты әліппе оқулығымен емес Абай өлеңдерімен ашты. Мұхтар Абайт рухымен ержетті.Барлық өмірін Абайға арнады.Ол Қорғансыздың күні , Көксерек , Абай жолы романы т.б. кітаптар жазған.Алматы қаласында М.Әуезовке арналған ескерткіш, мұражай ,балалық шағы өткен үй ,М.Әуезов атындағы драма театр,жоғары оқу орны бар.
бүгінгі тақырыбымызда қыстың бір құбылысына байланысты « Боран » деп аталады, авторы М.Әуезов.
М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болған. Жастайынан Абай өлеңдерін жатқа айтып өскен. Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті, сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып, содан кейін білімдерін әртүрлі оқу орындарында жалғастырды.
Мұхтардың ең құнды шығармасы – « Абай жолы» эпопеясы. ( Абай жолы кітабын көрсету).
- Абай Құнанбаев туралы не білесіздер?
Ұлы ақын Сазгер Аудармашы Шешен
Ағартушы Қоғам қайраткері Саясаткер
Әділ би табиғат жыршысы Қазақ әдебиетінің көшбасшысы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шыққан руы – Тобықты. Ата - тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскенбай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болады.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Смағұл атты балалары болған. Бұлардан Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді.
|
|
"ДЖИГСО" әдісі
|
Топ мүшелері мәтінді мұқият оқиды, өзара талқылайды, әр топтан 3 спикерден шығып, басқа топтарға барып түсіндіреді. Өз тобына келіп, мәтіннің жалпы мазмұнын талдап, түсініксіз сөздерді ортаға салады.
|
|
"Алтын сандық" әдісі
|
Желкелігінен ұрып– желке тұсынан ұрып
Қатер – қауіп
Беймаза – мазасыз
Екпіндетті – күшейді
|
|
Топтық тапсырмалар
|
«Аяз» тобы “Қыс келбеті” сурет салады,
қорғайды
«Қыс» тобы Мұхтар Әуезовтің өмірі
туралы постер қорғайды
«Боран» тобы “Боран” ассоциация
«Қар» тобы Қағаздан қар жасайды,
мәтін туралы ойларын жазады
|
|
ДЕНЕНІ ҮСІК ШАЛҒАНДА КӨРСЕТІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
|
Үсіген адамды жылы бөлмеге орналастыру керек;
Денесінің үсіген бөліктерін уқалау керек;
Қозғалыс жасатып, жүгірту керек;
Ыстық шай, кофе беру керек;
Денесінің үсік шалған жерін спиртпен немесе иіс
сумен уқалау керек;
Таза қолмен дене ысығанға дейін уқалау керек;
|
|
Үйге тапсырма
Кері байланыс
|
Оқу, әңгімелеу. «Абай» тақырыбында реферат жасау
«Тазалық» әдісі
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға
тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
қабілеті жоғары оқушыларға
адам бейнесіндегі қысты сипаттайды, суретті әңгімелейді, сурет салады
|
"Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалауда оқушылар жетістікке жеткен екі әрекет және толықтыруды керек ететін бір әрекетті анықтауды үйренеді.
|
Әдебиеттік оқу, дүниетану
Топтық жұмыстарда құралдарды сақтықпен пайдалану
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|