Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның қорықтарын танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы
Әдіс - тәсілдер: Саралап -деңгейлеп оқыту, проблемалық-ізденіс әдісі, сұрақ-жауап.
Жұмыс түрлері: жұптық жұмыс
Көрнекілік: Слайд- презентация, интерактивті тақтамен жұмыс, фотосуреттер, тірек-сызба.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ Үй жұмысын тексеру: Өткен сабақта табиғатты қалай қорғау керек екенін айтық.
1 сұрақ Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2 сұрақ Қазіргі кезде дүние жүзінде қанша қорық бар?
3 сұрақ Ең алғашқы ұлттық парк нешінші жылы қай қалада ашылды?
4сұрақ Дендрологиялық бақтар дегеніміз не?
5 сұрақ Зоологиялық бақтар дегеніміз не ?
ІІІ Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар бүгін біз сендермен қорықтар деген тақырыппен танысамыз. Қазақстанда неше қорық бар? Олардың аттарын білесеңдер ме?
Олар қай жерде орналасқан? Қазіргі уақытта экологиялық жағдай барша адамзатты алаңдатуда. Экологиялық мәселелер сирек кездесетін құстар, жануарларды, өсімдіктерді қорғау, сақтау, зерттеу туралы «Қазақстан -2050» бағдарламасында : «Бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отырған экологиялық шиеленісті шешудің бірден-бір сара жолы- қоғам мүшелерін экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке жеткізу.» Қазақстан жерінде көптеген ерекше қорғалатын қорықтар бар. Қорықтар- табиғаттың , сол бір бұрынғы қайталанбас сұлу көрінісі.
Ой толғау. Қорықтар неге керек? Қорық- дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы (Кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.)
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты- қорықтар деп атайды.
IV Қорықтар слайд-презентациясын көру.
Қорық – ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс-Алтай қорықтары бар. Қазақстан Қызыл кітабы біздің елде 1978 жылы ұйымдастырылған осының негізінде 9 қорық.
Vслайд қорықтағы кейбір құстармен жануарлар
Ақсу - Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрі бар.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған.
Батыс Алтай қорығында құстардың 120 түрі бар.
Алматы қорығы1964 жылы құрылған.
Үстірт қорығында сүтқоректілердің 227 түрі бар.
VI Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар:
1. Құмырсқаның илеуін бұзба.
2. Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма.
3. Аққуды атпа.
4. Жас шыбықты кеспе.
5. Құстың ұясын бұзба.
6. Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа.
VII слайд қорықтар жайлы тапсырмалар
VIII Бұл қай қорық?
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық?(Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау)
IX Сабақты қорытындылау. Сабақты оқушылар өздері қорытады.
Тест
1. Қазақстанда неше қорық бар?А)8 Б)5 С)9 Д)12 Е)20
2. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?
А) Астананың қасында Б)Алматының қасында С)Арал теңізінің қасында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
3. Барсакелмес қорығы қай жылы құрылды?
А)1930 Б)1935 С)1968 Д)1939 Е)2004
4. Алматы қорығы қай жерде құрылған?
А) Астана облысында Б)Алматы облысында С)Арал теңізінің қасында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
5. 1939 жыпы қандай қорық құрылды?
А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Барсакелмес Е)Науырзым
6.Ақсу- жабағалы қорығы қай жылы құрылды?
А)1930 Б)1935 С)1926 Д)1939 Е)2004
7. 1992 жылы қай қорық құрылды?
А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Батыс Алтай Е)Науырзым
8. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?
А) Астана қаласынан 140 км жерде облысында Б)Алтайда С)Арал теңізінің қасында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
9. 1998 жылы қандай қорық құрылды?
А)Алакөл Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Қаратау Е)Науырзым
10.Үстірт қорығы қай жерде құрылды?
А) Астана облысында Б)Алтайда С)Маңғыстау облысында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
X Атластан қорықтардың орналасуын көрсетті.
Қо р ғ а л ж ы н, А л м а т ы , А қ с у - Ж а б а ғ ы л ы, Ү с т і р т, Б а т ы с А л т а й
XI Үйге тапсырма: § 60 оқу
Оқушыларды бағалау.
Қазақстанның қорықтары.
Қазақстанда Наурызым ,Алматы,Барсакелмес,Қорғалжын,Ақсу-Жабағылы, қорықтар бар.Қорықтарды мақсаты табиғатты қорғау және зерттеу. Қазақстанның қорықтардағы аң-құстар еліміздің «Қызыл кітабында» енгізілген.Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы құрылған,Батыс Тянь-Шаньның солтүстігінде орналасқан.
Барсакелмес қорығы 1939жылы ашылған.Ол Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Барсакелмес қорығының мақсаты ежелгі жануарлардың түрін сақтау,Қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу.Біздің облысымызда Наурызым қорығы бар.Бұл қорық 1930 жылы құрылған.
Тест
1. Қазақстанда неше қорық бар?А)8 Б)5 С)9 Д)12 Е)20
2. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?
А) Астананың қасында Б)Алматының қасында С)Арал теңізінің қасында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
3. Барсакелмес қорығы қай жылы құрылды?
А)1930 Б)1935 С)1968 Д)1939 Е)2004
4. Алматы қорығы қай жерде құрылған?
А) Астана облысында Б)Алматы облысында С)Арал теңізінің қасында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
5. 1939 жыпы қандай қорық құрылды?
А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Барсакелмес Е)Науырзым
6.Ақсу- жабағалы қорығы қай жылы құрылды?
А)1930 Б)1935 С)1926 Д)1939 Е)2004
7. 1992 жылы қай қорық құрылды?
А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Батыс Алтай Е)Науырзым
8. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?
А) Астана қаласынан 140 км жерде облысында Б)Алтайда С)Арал теңізінің қасында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
9. 1998 жылы қандай қорық құрылды?
А)Алакөл Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Қаратау Е)Науырзым
10.Үстірт қорығы қай жерде құрылды?
А) Астана облысында Б)Алтайда С)Маңғыстау облысында
Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
Жауабы: 1-С 2-А 3-Д 4-Б 5-Д 6-С 7-Д 8-А 9-А 10-С
Қорықтың аты Құрылған жылы Орналасқан жері Мақсаты
1. Ақсу-Жабағалы 1926ж Батыс Тянь-шаньның солтүстігі Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу
2
3
4
5
6
7
8
9
Қорықтың аты Құрылған жылы Орналасқан жері Мақсаты
1. Ақсу-Жабағалы+ 1926ж Батыс Тянь-шаньның солтүстігі Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу
2.Науырзым+ 1930ж Қазақстан орманды даласының оңтүстігіндегі Торғай облысы Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу
3. Алматы+ 1935ж Алматы облысы Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу, сақтау
4. Барсакелмес+ 1939ж Арал теңізінің солтүстік бөлігі Ежелгі жануарлардың түрле рін сақтау қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу
5.Қорғалжын 1968ж Астана қаласынан 140 км жерде Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау, та-биғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу.
6 Үстірт+ 1984ж Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу, сақтау
7.Алакөл+ 1998ж Онтүстік-Шығыс Қазақстанда Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау, табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу.
8.Батыс-Алтай 1992ж Шығыс Қазақтанда Сирек кездесетін құстар, жануарларды, өсімдіктерді қорғау, сақтау, зерттеу.
9.Марқакөл қорығы 1976ж Оңтүстік Алтай тауларының шыршалы,самырсынды , балқарағайлы ормандарын сақтауға арналған.
|
Бұл қай қорық?
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық?(Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау)
1 сұрақ Табиғатты қорғау дегеніміз не? –тек ғана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жалпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу.оны тиімді жүргізу үшін ғаламшардағы барлықелдер біріге отра жұмыс жасауы қажет.
2 сұрақ Қазіргі кезде дүние жүзінде қанша қорық бар? Жауап 3 мыңға жуық қорық бар.
3 сұрақ Ең алғашқы ұлттық парк нешінші жылы қай қалада ашылды? жауап 1872 жылы АҚШ таашылды Йеллоустон деген қалада ашылды.
4сұрақ Дендрологиялық бақтар дегеніміз не? Жауап – дүние жүзінің жоғары сатылы ағаштарының түрлері сақталынады
5 сұрақ Зоологиялық бақтар дегеніміз не ? – жануарлардың түрлерін көбейтіп, және оларды қорғайды
6 сұрақ Қазақстанда неше қорық бар? 9 қорық бар Ақсу - Жабағалы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Наурызым қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы.
1 сұрақ Табиғатты қорғау дегеніміз не? –тек ғана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жалпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу.оны тиімді жүргізу үшін ғаламшардағы барлықелдер біріге отра жұмыс жасауы қажет.
2 сұрақ Қазіргі кезде дүние жүзінде қанша қорық бар? Жауап 3 мыңға жуық қорық бар.
3 сұрақ Ең алғашқы ұлттық парк нешінші жылы қай қалада ашылды? жауап 1872 жылы АҚШ таашылды Йеллоустон деген қалада ашылды.
4сұрақ Дендрологиялық бақтар дегеніміз не? Жауап – дүние жүзінің жоғары сатылы ағаштарының түрлері сақталынады
5 сұрақ Зоологиялық бақтар дегеніміз не ? – жануарлардың түрлерін көбейтіп, және оларды қорғайды
6 сұрақ Қазақстанда неше қорық бар? 9 қорық бар Ақсу - Жабағалы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Наурызым қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы

Достарыңызбен бөлісу: |