ІІ. Мағынаны тану.
Оқушыларға саятшылық, қансонар туралы біліп келуге тапсырма бердім. Бүгінгі сабақта сұраққа жауап сұраймын.
Саятшылық өнері жайында не білеміз?
Оқушы жауабы:Саяткерлердің сұңқар мен қаршығаға үйрек пен қаз алдыру, қақпан-тұзақ құру, лашынға қоян алдыру, түлкі мен қасқырды бүркітке алдыруы-ең сүйікті кәсіптердің бірі
болып саналады. Бұл бір жағынан ата-дәстүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де жатады.
Қансонар дегеніміз не?
Оқушы жауабы: Саятшылық адамды сыншылдыққа үйретеді. Саятшылық – серілік кәсіп, әрі спорт өнері. Негізінен құсты күз бен қыста аң аулауға салған дұрыс. Қансонар-жер бетіне ең алғаш қар түскен шақ, бұл кезде аңның ізі айқын көрінеді. Қансонар-аң аулауға ең қолайлы мерзім. Қар жұқа. Сол үшін аңшылар қансонарды күтіп, пайдаланып қалуға тырысады.
Кітаппен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Өлеңді неше бөлікке бөлуге болады?
Әр бөліміне не деп ат қояр едіңдер?
Оқушылар бірнеше ұсыныс пікірлерін еншілей, өлең мазмұнына қарай, үш бөлікке бөлуге болатынын анықтады.
Бүркітші
Бүркіттің түлкі алуы
Ақынның ойлары
Әр бөлім бойынша қара сөзбен мазмұнын баяндатып, айтқызамын.
Дәптермен жұмыс.
Қансонар - жаңа жауған қардағы із.
Ғанибет – қызық, тамаша, көңіл көтері.
Аңдағанда – түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі.
Томаға – бүркіттің бас қабы.
Қырымнан – алыстан деген мағынада.
Өлеңге кешенді әдеби талдау жүргіземін.
Идеясы
Өлең шумағы
Тармақ
Бунақ
Буын саны
Ұйқас
Сұрақ-жауап
Шығармадан эпитеттерді табыңдар. («Қыран құс», «Қыран паң», «Қанды көз» т.б.)
Теңеулерді тап, түсіндір («Таудан жиде тергендей...»)
Қатар қойып, қарама-қарсы суреттейтін көріністі тап, мағынасын анықта.
ІІІ. Ой толғаныс.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Бүркіт аңға қалай түседі?
Бүркітке керекті құрал-саймандарды ата.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, «Түлкі алған бүркіт» тақырыбына сурет салу.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Әзілхан ишан мешітінің тарихы.
7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Өз елінің тарихын білмей, өзгені
танымайсың» деген даналық сөзді
ескере отырып, Әзілхан ишанның
өмір жолын, қызметін бүгінгі ұрпаққа
үлгі ету, ұлттық салт – дәстүрді
насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін
дамыту, белсенділігін, ізденім-
паздық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілік мақсаты: Ұлттық құндылықтар –
дәстүрлеріміздің қазіргі таңдағы
маңыздылығын меңгерте отырып,
оқушыларды рухани құндылықты
қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: тарих, медицина
Көрнекілігі: Суреттер, мұражай экспонаттары т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау
«Елімнің есіл ерлері,
Халқымның ардақты ұлдары,
Армандап өткен елдікті...»
Заман өзгеріп, тәуелсіздігіміздің туы желбірегеннен бері өткенімізді түгендеп, өткенімізді жандырып тарих көшінде тек аңызға айналып бара жатқан, өмірдерегі көмескі тартқан атақты, киелі адамдарымызды, ата – бабалар өмірін, қызметін халыққа таныту, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі тұту дәстүрі жалғасып келеді.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына бір сұрақтарға жауап берелік.
І. Қызығушылықты ояту.
1.Өз өлкеміздегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?
Туған жер тарихы бізді қызықтыра ма?
Туған жердегі тарихи ескерткіштердің сырын білеміз бе?
Осы уақытка дейін біздің ауылымызда өмір сүрген қандай әулие бабаларды білесіңдер?
ІІ. Мағынаны тану.
Мұғалім сөзі:
Біздің ауылымыздың тарихы өте бай, атақты батыр бабалар, киелі әулиелер дүниеге келген. Бүгінгі сабағымызға өзек болғалы отырған киелі, әруақты адамның бірі – Әзілхан ишан ата.
Өткен сабақта сіздерге Әзілхан ишан ата туралы деректер жинап келуге тапсырма бергенмін. Енді сыныпты үш топқа бөліп, жұмыс жасаймыз.
І топ «Зерттеушілер» ІІ топ «Тілшілер» ІІІ топ «Сарапшылар»
«Зерттеушілер тобы» Әзілхан ишан атаның өмірбаяны туралы жинаған деректерін баяндайды
Әзілхан ишан ата өмірбаяны
Ишан атаның халыққа жасаған қызметі
Әзілхан ишан мешітінің салыну тарихы
Құдық суының шипалы қасиеті, құрамы
«Зерттеушілер» тобының Әзілхан ишан туралы деректері
Мешіт күрделі Мешіт төбесінен Мешіт күрделі жөндеуден бұрын табылған кітаптар жөндеуден
,
кейін
Зерттеушілер деректерін баяндап түсіндіргенде, әрқайсысына тілшілер жеке – жеке сұрақ қойды. «Тілшілер» тобының зерттеушілер тобына қойылған сұрақтары.
Өмірбаянын зерттеуде сізді қызықтырған не нәрсе болды?
Басқа құрылыс нысандарына қарағанда Әзілхан ишан мешітінің салынуында қандай ерекшеліктер бар?
Қызыл империя тұсында тағдыр талқысынан өткен мешітті қандай оқиға күтіп тұрды?
Зерттеу жұмысын жасағанда деректерді алуда кімдермен кездестіңіз және материалдарды қалай жинақтадыңыздар?
ІІІ. Ой толғаныс.
«Сарапшылар» тобы зерттеу жұмысын жүргізген оқушылардың жұмысына өз пікірлерін айтып, бағалап, өздерінің ойларын айтты.
Сендердің зерттеу жұмыстарыңыз өте жақсы ұнады. Көптеген деректерге біз қанық болдық. Әзіхан ишан атаның өмір жолын зерттеуде де оның Бұхарада оқығанын, үш адамның бірі болып «шатыр хат» алғанын білдік.Ол мұны өзінің бойындағы әулиелігі, қамқорлығы үшін алған. Әзіхан ишанның «Аққұмшық» құдығының суы тұп – тұщы. Судың құрамы зерттеліп, жарамдылығы анықталған. Құдық суын адамдар түрлі ауруларға пайдаланған және де аурулардан айыққан. Қызыл империя кезінде мешіт төбесіне кітаптарды жасырған дедіңіздер сонымен бірге бұл кітаптардың жартысын далаға көміп жасырған, кейін мұны Әзілхан ишан ата ұрпақтары тауып, қазып алып кетті деген әңгімелер де бар. Әзілхан ишан ата әлі де көп зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деп ойлаймыз. Бұл жұмысты зерттеу, зерделеу кейінгі жас ұрпақ біздің парызымыз.
зілхан ишан атаның кереметтері
Қорытынды.
Өткен тарихты білмей, болашақты болжай алмаймыз. Бүгін біз аулымыздан шыққан Әзілхан баба туралы көп мағлұмат алып таныстық. Имандылықты ту еткен бабамызды қастерлеп, тәрбиелі ұрпақ болу басты парызымыз.
Үй тапсырмасы: «Әзілхан ишан - киелі баба» тақырыбына эссе жазу
5
23
6
7
22
21
8
9
20
19
10
11
18
Аңшы құстар
17
12
Аудармашы
Дана
Ақын
Табиғат жыршысы
Ұлт мақтанышы
Қазақ
Сыншы
Сазгер
13
16
14
15
Достарыңызбен бөлісу: |